«Тәрбиенің ең тамаша ортасы – Отбасы» тақырыбында тренинг

0
2243
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты

Отбасы тәрбиесінің құндылығын, бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты ынтымақтастыру. Мұғалім мен отбасы арасындағы қарым-қатынас стратегиясын арттыру.

Тренингтің барысы:

Қайырлы күн, ардақты ата-аналар мен ұстаздар! Құрметті ата-аналар, бүгінгі кездесуімізге келгендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі кездесу ерекше болады деп сенеміз. Барлығымыз бірлесе жұмыс атқарғанда ғана, жақсы нәтижелер мен жетістіктерге қол жеткіземіз.Бірігіп жұмылғанда, қолымыздан барлығы келеді. Сіздермен бірлесе отырып  бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аударуға, оны шешуге, бала жүрегіне жол табуға, оны түсінуге тырсып көрелік.

Психологиялық дайындық.

«Ерекше танысу».

 Мақсаты: Өзін таныстыру, ұжымға бейімделу, айналасындағылармен бірлесіп жұмыс жасауға оң бағытталу.

Нұсқау: Психолог әдемі тоқыма жібін ата- анаға ұсынады, ата-ана өз есімін және топтағы баласының есімін атап, жіпті келесі адамға ұсынар кезде алдыңғы әріптесін, өзін және баласының аты- жөнін атап, жіпті келесі әріптесіне ауа арқылы ұсынады.Тренинг осылай жалғасады.

(Төмендегі бағытта ұйымдастырылуы шарт)

Бірінші ата-ана:  — Мен 1-сынып оқуышысы Мирастың анасы –Сандуғашпын,

Екінші ата-ана: — Сіз Мирастың анасы Сандуғашсыз, ал мен Асланның анасы- Гүлнармын

Үшінші ата-ана: — Сіз Мирастың анасы Сандуғашсыз, ал сіз Асланның анасы Гүлнарсыз, ал мен Әдемінің әкесі Русланмын деп жалғасын табады.

Талқылауға тапсырма: Тақтаға қағазға салынған пияздың суреті ілініп, аңыз оқылады.

«Ащы пияз» қазіргі заман аңызы

Өз балаларыма көңіл бөлуге әрдайым менде уақыт болмайтын. Жұмыс, қызмет бабында өрлеу, жеке бас өмірім. Бірақ, менің балаларым ештеңеден тарықпай өмір сүріп жатты, менің олардың тәттілік – компьютерлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қаражатым жетіп отырды.     Менің олардың кемшіліктеріне көз жұмып қарасам, олар менің тарапымнан көңіл бөле алмайтынымды кешіріп жатты. Бірақ мейірімді, жібектей балалық шақтың уақыты тез өтіп кетті.            Күрделі жасөспірімдік кезең басталды. Алғашқы өзара кінә қою, алғашқы шынайы сезімдерМенің жасаған ашылуым: менің балаларым сүйіспеншіліксіз өскен. Мен олардың есеюіне көңіл бөлмеппін, олардың нашар қылықтары мен әрекеттеріне тосқауыл қоймаппын және жамандықты жақсылықтан ажырата білуді үйретпеппін.

Кезекті келеңсіз жағдайдан соң ас үйде пиязды аршып тұрып, көзімнен жас кетті.

Анам кіріп келіп:

— Неге жылап тұрсың? – деді.

— Білесің бе, ащы пияз қолыма түсіпті. Көзді жасаурататын сұрыптары болады ғой, сол шығар , -дедім

— Демек, оны аз суарған шығар деді анам да, Мен бір маңызды нәрсені түсіндім: егер де балаларға балалық шағында аз су құйылса, өздерінің ересек өмірінде олар басқаларды көп жылатады.

Жүргізуші: тапсырма: қағазда  бейнеленген жуаның үстіңгі бөлігінде жасыл жапырақты өскін бейнеленген. Ата –аналарға әрбір отбасында балаға қандай сезім мен қарым – қатынас болу керектігін, мысалы: мейірімділік, махаббат, түсіністік…..т.с.с. Осындай жақсы сөздермен жуаның жасыл өскінін толтыруды ұсынады.

Сұрақ метафораата – аналарға: егер де отбасында осындай қарым –қатынас пен сезімдер болмаса бала қандай болып өсуі мүмкін?

Бұл жайында сіздердің ойларыңыз? ( ата-аналарға сұрақ) … талқылау …

Жүргізуші: ал енді осы өскіншеге жапсырылған  сөздерді алып  тастасақ жуаның өзі ғана қалғандай, шын мәнінде, бала өмірге келгенде әке мен ана деген қасиетті сөздерді бойына сіңіреді. Құрғақшылық, қолайсыздық жағдайлары болғанда, біздің өсімдікті суарып үлгермейміз… Ол өледі. Ендеше, өсіріп отырған жас өскендерімізді мейіріммен, сезімталдықпен, кішіпейілділікпен суғарайық.

Отбасы заңы  = 1, 2,3, 4

1 заң-әке мен ананың балаға қоятын талаптарының бірдей болуы

2 заң- бала үшін мақтаудың маңыздылығы

3 заң- отбасы мүшелерінің әрқайсысының еңбекке араласуы

4 заң- ересектер мен балалар арасында материалдық және моральдық игіліктерді теңдей бөлу.

Егер де осы заңдардың барлығы отбасында орындалып жатса, бала адам ретінде, тұлға ретінде қалыптасады.Баланың қандай болып өсетіндігі сіздер мен біздерге байланысты. Ең бастысы — баланың тұлға болып қалыптасуына ата-анасының сөздері мен күнделікті ескертпелері емес, олардың шынайы іс-әрекеттері мен мінездері зор ықпал ететіндігін есте ұстаған жөн.

Қызықты сұрақтар:

(Әр ата-ананың баласынан сұраққа жауапты алдын ала алып алу.)

  1. Балаңыздың сүйікті түсі?
  2. Тәрбиешілерінің толық аты-жөні?
  3. Балаңыздың сүйікті мультфильмі қандай?
  4. Қандай жануарларды жақсы көреді?
  5. Балаңызды қалай еркелетесіз?
  6. Балаңыз сізге қалай еркелейді?

Мүсінді құрастыр.

«Отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты ынтымақтастыру бағыттары» — ата-анаға тапсырма.

Ойын шарты: Таңертеңгілік балаңыз мектепке қуанышты көңіл-күйде келу үшін, мектеп ауласында балаға ерекше әсер ететін қандай мүсін болғанын қалар едіңіз? (ата-аналарға әртүрлі мүсін бейнесін жасату)

«Аяқталмаған сөйлемдер әдісі» (ата-аналарға сөйлемдер оқылады, олардың жауаптары тыңдалады, қажет болған жағдайда толықтырылады)

 Бала қандай болады

Егер:

—   Баланы сынап отырса , ол  … (жек көруді) – үйренеді

—   Бала өшпенділікпен өмір сүрсе, ол…  (агрессивті болуды) үйренеді

—   Бала кінәлап отыруда  өмір сүрсе, ол… (кінәлі адамдай сезініп өмір сүруді) үйренеді.

—  Бала төзімділікте өссе,  ол…. (басқаларды түсінуге) үйренеді.

—  Баланы қолдап отырса,  ол… (басқаларды түсінуге) үйренеді.

—  Баланы келемеждей берсе, ол… (тұйық) үйренеді.

— Бала түсіністікте және ынтымақтасуда өмір сүрсе, ол… (бұл өмірде сүйіспеншілікті табуға) үйренеді.

— Егер де бала мадақтаулар арасында өмір сүріп жатса…..( ол өзгелердің құнын таниды)

(өзіңіздің айтылған сөздерге қарым-қатынасыңызды айтып беріңіз, өмірден мысалдар келтіріп ойыңызды растаңыз).

Бейнеролик. «Тәрбиенің ең тамаша ортасы – отбасы»

Рефлекция:

Шульманның 3 көмекшісі.

Құрметті ата –аналар! Өз балаларыңызбен қарым –қатынас жасауда шыдамды болыңыздар. Жай ғана өз балаларыңызды сүйіспеншілікке бөлеңіз, өз сөздеріңізбен, дауыс ырғағыңызбен, құшақтасуларыңызбен және өздеріңіздің іс –әрекеттеріңізбен өзіңіздің оған деген махаббатыңызды көрсете біліңіз.

Сонда барлығы жақсы болады! Көп рахмет!

Барлықтарыңызға рахмет! Сау болыңыздар.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ