Тәуелсіз ел — Қазақстан

0
4214

Еліміздің бетке ұстар тұлғаларымыз талай жыл бойы дау мен қырғын жолында берілмей, ұлтымыздың келешегі,келер ұрпақтың  ғұмыры үшін еш нәрседен тайынбай күресіп,  асқан қайсарлық пен қайтпастық арқасында бізге осы — ұлан байтақ жерімізді мұра етіп «Тәуелсіздік» бағын қалдырды.

Ұлыларымыздың ұлы бастамасымен  бұйырған егемендік бізге қуаныш пен шаттық сыйлады. Қазір де азаттығымызды ту етіп, әлем алдында елеулі болғанымызға жиырма сегіз  жыл толды.

Сонау қырбалаң қырғын Ұлт-азаттық көтелістер, сағын сындарған Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғасы,байрақты ел құрау жолында беріспеген жандардың арқасында,біздер өмір сүру ризалығын еншіледік. Тұңғыш тізгін ұстаушы Елбасының біз мақтар саясаты қазақ елін биіктеткені де рас.

Қазақстан мелекетіндегі ынтымақ пен тұрақтылық,бейбітшілік пен келісім жалғасын табуының арқасында осындай жетістіктерге қол жеткіздік. Жас мемлекетімізде саяси тұрақтылық, ұлтаралық достық қатынасы қалыптасып,қазақ халқының береке,бірлігі артты.Осыншама сантарапты қиындықтың арқасында келген,мұра еткен байлықты жерін  көркейту үшін қолымыздан келгенінің барлығын жасауымыз шарт. Осындай  ғажап  мемлекетте тұрақтап,шаттықты күннің астында өмір сүргеніміз – ең үлкен қуаныш.

Қаншама нағыз патриотшыл қазақ аталарымыз армандаған,аңсаған бақыт. Сол бақытты бағалап, әрі қарай өркендеуін,гүлденуіне үлес қосу – біздің парызымыз. Отанға деген ыстық ықылас – мемлекеттің жарқын болуына себепші болмақ керемет сезім.Мемлекеттің мардымды  көркеюі дегеніміз – айналамыздағы бүкіл жамандықтан арылу. Тек  заңғар зәулімді үйлер тұрғызып,атақ-даңққа бөленумен мемлекет гүлдемейді.

Өзіміздің ұлттық салт – санамызды,әдет – ғұрпымыз бен тілімізді құрметтей,халықаралық мәдениетке талпынып, ұлттық құндылықтарымызды көрсете білетін азаматы болуымыз керек.

Тоқсанды ауыздан  тобықтай қорытпағым,Қазақстан мелекетінің ертеңгі болашағы жастарға байланысты. Алаш ардақтылары мен биік шыңды бағындырғандардың айтқан ізгі ақыл-кеңесін келер күнімізге мақсат етіп, артып кеткен үмітін орындауы басты бағдары болмақ .

Бағалы бақты еліміздің балдырған баянды өмірін зор етіп,ертеңгі күнімізге бағбан нұрын себетіндей еңбектенуімізді бірінші кезекке қоялық!

Аслан Бағланұлы

     


ПІКІР ҚАЛДЫРУ