«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты сценарий

0
3098

Кештің тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»
Кештің барысы: «Көк тудың желбірегені» әні.
1 — жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 22 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 22 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.

Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан — жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан — Гүлстан!

Қазақ орта мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.

1 — жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

2 — жүргізуші:
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!……

Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар…
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!….

Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін-ді….

Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ….
Ән «Қазақстан» орындайтын 10 — сынып оқушысы: Сердалиев Тұрар
2 — жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директорына беріледі.
1 — жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой — қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық

«Балбырауын» күйі. Орындайтын: оқушылар
Бақытым — Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Қамажай биі»

1 — жүргізуші:
Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?….

Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!…

Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.

Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;

Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар,
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!!!

2 — жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, — деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз — өзінен жүрегім ән салады.

«Тұмар» дуэтінің орындауында ән «Алға, Қазақ, жігіттері» «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе — тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы — құт, жері — дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: 9 — сынып оқушысы Маратов Жақсылық.

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

1 — жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты «Шаттық» биі. Орындайтын 9 — сынып оқушылары – Жаманова Майра және Құдайберген Наурыз.

2 — жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ — дәулетім,
Болашағым, өнер — білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Ән: «Қазақстаным» Орындайтын: 7 — сынып оқушысы Шананова Мөлдір. (Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)

2 — жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 22 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Дереккөз: Sabaqtar.kz

Ұқсас материалдар:

  1. Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты

  2. Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы

  3. 16 желтоқсан: Тәуелсіздік күні құтты болсын!

  4. Тәуелсіздік туралы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ