Табиғатқа қатысты ырым-тыйымдар

0
25818

Көк шөп жұлмайды, ағаш бүрлерін үзбейді, көк шыбықты сындырмайды, жас өндірдің бәрі бақыттың, өмірдің бастамасы, бар тіршіліктің қайнар көзі деп біледі, «көк жұлсаң, көктей орыласың, қарғыс атады, өркеніңнен айырыласың, қанатыңнан майырласың, жыл уағында жетпей не өлесің, не өлімдей бір пәлеге қаласың» деп, табиғат дүниесінің көгіне, өркеніне бетәлді соқтықпайды.
бастау басына, бұлақ қасына, суға дәретке отырмайды, барлық тірліктің атасы да, жан біткеннің анасы де сол бұлақ, сол бастау деп біледі. әлгіндей істегенде оның киесі атады, қарғысы тиеді, тазаны арамдасаң арың кірлейді, әбірөйің ашылады деп табиғатты қорғау үшін ырымдайды.

қосарланып өскен, қатар біткен, егіз шыққан ағашты кеспейді. олай істесең қосағыңнан айырласың, қанатыңнан қайырыласың, бақытыңнан айырыласың, бақайыңнан майырыласың, тәміріңмен қырқыласың деп шошытады. дүние түгел егізден, егіздің бәрі семізден, егіз жаралған нәрсенің сыңарын құртқан оңбайды, көңілі қарауытып, зарығып, қиналып өтеді, оңбай өледі деп қорқытады.

жәйлауда даладағы жер ошаққа алғаш қазан асқанда түбіндегі судан жұлдыздар шоғыры көрінсе мал өседі, төл көбейеді, рақат өмір сүреміз, байлық артады, дәулет шалқиды, күн қабағы жақсы болады ауарайы қалыпты күйде болады деп ырымдайды да жағып отырған отқа май тамызып, отты қоздатып, іштей ақ тілеу тілейді.

түн ішінде сыртқа от шығармайды. бұлай істегенде ауылға жау шабады, қораға қасқыр түседі, апат болады, өрт кетеді, ауыл адамдары шошынады, қорадағы малдың күйісі кетеді деп ырымдайды.

көктемде алғаш күн күркірегенде үйдің іргесіне, есікке, босағаға, маңдайшаға ақ жағып «ақ мол болсын, ырыс тасысын» деп тілек білдіреді.

«ай құлақтанса аяғыңды сайла, күн құлақтанса күрегіңді сайла» дейді, ай қорланса күн жылы болады, ай шалқасына туса қатты аяз болады, ай қырынан туса,күн салқын, желді болады деп ырымдайды.

суға түкірмейді, ағынды суды бетәлді бөгемейді, «дәм татқан құдығыңа түкірме» деген нақыл бар, «таза болсаң судай бол, су арамды кетірер» деп судың қасиетын жоғары бағалайды.

өрттің алдына ақ құяды, онысы өрт тез өшсін, апат болмасын, ауыл аман қалсын дегені.
от үйдің жарылқаушысы, шам-шырағы деп отты ерекше құрметтейды. жаңа түскен келінді үйге кіргізгенде үлкен үйдің отына сәлем бергізеді, отқа май салғызады, үлкендер алақанына май жағып, отқа қыздырып келіннің бетін сипайды, «от-ана жарылқа» деп тілек айтқызады, одан кейін от басына төселген жұмсақ бөстекке отырғызады. онысы қолы майлы, орны жәйлі, оттай ыстық болсын, терідей жұмсақ, тіл алғыш болсын дегені.

жазғытұрым әлдімен көк мойын ұзақ келсе, қыс аяғы қысқа болады. әлдімен сары ала қазы келсе қыс аяғы қысқа болады деп ырымдайды.

от шашпайды, ыстық күл төкпейді. от шашса отқа күйеді. ыстық күл төксе бұрқырап көзге түседі деп ырымдайды.

торғайдың және басқа құстардың жұмыртқасын шақпайды, бетке секпіл түседі деп ырымдайды, құстар қарғайды деп те нанады.

торғайдың:
торғай, торғай атым бар,
бір жапырақ етім бар.
жұмыртқамды шаққандар,
әкең жауға кеткенде,
шешең өліп жетім қал-!деп қарғайды деген ырым арқылы құстарды қорғаған.

қыста жәңбір жауса, жер сілкінеді, жер астына айдағар шығады деп ырымдайды.

қысты күні кемпір қосақ көрінсе, жыл құтты, ел тыныш, мал төлді, өнім мол, қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған жәйдарі жаз болады деп ырымдайды.

күзде ағаш жапырағы көк қалпында түссе, сол жылы қызыл қырғын болады деп ырымдайды.

табиғаттың тосын құбылыстары құдыретты саналады. мәселен, ерекше қожыр-қожыр боп өскен ғажәйып ағаштар, тарбиған бұтақтар, топырақ боп үйілген төбешіктер, құла түздегі жалғыз ағаш, қос қайың осының бәрі ырымның арқауы.

жазды күні жәйлауда үймен отырғанда шаңырағына сексеуілдің сынығын байлап қояды, онысы үйге жәй түспейді, жамандық болмайды деп ырымдағаны. сексеуілді өңірге расында жәй түспейді.

жол үстіне күл төкпейді, үйтсе жолы кесіледі, дерт жабысады деп ырымдайды.

балапан құсты өлтірмейді, үйтсе бақ қайтады деп ырымдайды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ