«Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі, туған өлкем, көркейтуге міндеттімін мен сені!»

0
1327
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Мақсаты: Тәрбиеленушілерді ұлтжандылыққа, өз елін, жерін, атамекенін сүюге баулу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына ұялату, еліміздің тарихы туралы түсінік беру, ел тарихындағы болып жатқан оқиғалардың маңыздылығын ажырата білуге баулу.

Күтілетін нәтиже: Тәрбиеленушілердің ой-өрісі, танымдық қабілеттері
жеке тұлға ретінде дамиды. Ассамблея туралы жан-жақты түсінік беріледі. Ұлтжанды, жерін қорғайтын жас ұрпақ болып өсуге бағытталады.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, интербелсенді тақта, дастарқанға қойылған ұлттық тағамдар.

Жоспар.
1. Кіріспе
2. Ел тарихынан шағын түсінік
3. «Ауылым – алтын бесігім » (слайд бойынша ауылдарын таныстыру)
4. «Ел іші – өнер кеніші» (ұлттық киімімен ұлттық би көрсету)
5. Ұлттық тағам
6. Өз тілінде құттықтау сөз
7. Топтық жұмыс

Тәрбиеші: Туған жер – әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген мекені. Ең алғаш жұтқан ауасы, табанының табы қалған аялаған өмір бесігі.

Тәңіріме бас иіп бағынамын,
Туған жерді аңсаймын, сағынамын.
Туған жер деп соғады жүрегім де,
Басымды иіп өзіңе табынамын. Слайд «Шыңғырлаудың жеті кереметі».

2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 20 жылдық мерейтойын өткізді.
Бүгін бізде қонақта: — Қарсы алыңыздар!

1. Қызылкөл ауылынан орыс халқы тұрғындары
2. Белагор ауылынан үнді халық орталығы
3. Шоқтыбай ауылынан өзбек халық орталығы
4. Правда ауылынан қазақ халқы

Тәрбиеші: Ассамблея 20 жыл ішінде қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің негізін құраушы бөлігіне айналды.

«Мәңгілік ел» – бұл өз Отанын сүю, қазақстандық патриотизмнің, күш-жігердің жоғары
дәрежесі, Отанға деген сенімділік, халыққа адалдық, азаматтық парыз.

Бір шаңырақта табысқан,
Дос-бауыр, көп туысқан.
Отан – ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Ассамблея туралы бейнежазба

1.Ұлт өкілдеріне кезек беріледі. «Өз ауылымның табиғаты» (слайд)

Сұлу дала, менің сүйген еркемсің.
Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!
Әр ауыл кезекпен дайындықтарын көрсетеді.

Тәрбиеші: Үлкен жүректі ұлы сезімді, шалқар шабытты ақын Мұқағали жырына арқау болған, біздің атамекеніміз, қазақ даласы – бабаларымыздың ұрпағына қалдырып кеткен асыл мұрасы. Талай-талай қас батырлар жанын қиып қорғап қалған, талай арулар махаббаттың құрбаны болған, талай тіршілік иесі нәр алып жаралған, талай өзегі өртенген жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті отанымыз – Қазақстан!

4. Ұлттық киімімен ұлттық би.

«Ел іші – өнер кеніші».

Әр елдің өзінің ұнататын ұлттық тағамдары бар. Біздің елде тұратын ұлттар әр мерекеде тағамдарын тарту етеді. Бүгін осы сабаққа қатысып отырған ұлт өкілдері өздерінің тағамдарын  тарту етіп, тағам түрлерімен таныстырып өтеді.

5. Ұлттық тағам түрлері

Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

6. Әр ұлт өз тілінде құттықтау сөз

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

Топтық жұмыс
Сабақты «Бақытты балалық шақ» суретін салып қорытындылау.

Қуаныштан желпілдейді түндігім,
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін.
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін.

Әр ұлт өкілі шаңырақты биік көтеріп тұрып хор орындайды.

Сабақ «Шыңғырлауым, сәнді өлкем» (әні: М.Мықтыбаев, сөзі: А.Шотпанов) әнімен аяқталады.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:

  1. «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
  2. Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы
  3. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  4. «Білімді информатик» сайысы
  5. Жасанды интеллект деген не?
  6. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  7. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  8. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ