«Тіл — достық көпірі» ертеңгілік сценарийі

0
1465
Иллюстрация: Freepik.com

(муыка ырғағымен үш жүргізуші ортаға шығады.)

Жүргізуші 1: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! «Тіл — достық көпірі» атты Тіл мерекесіне арналған ертеңгілігімізге, Қош келдіңіздер!

Жүргізуші 2: Добрый день, дорогие гости, преподаватели и друзья!

Жүргізуші 3: Good afternoon, dear friends!

1: Бүгінгі ертеңгіліктің мақсаты:

1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір — қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету;

2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал — мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту;

3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Жүргізуші 1: Президентіміздің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен 22 қыркүйек Тілдер күні деп жарияланды. Сол уақыттан бері бұл мереке еліміздің түкір — түкірінде аталып өтілуде.

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім – ардақ тұтар алтыным
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар
Бүгінгі ертеңгілігімізге әр елден қонақтарымыз келіп отыр, ендеше қонақтарды қошметпен, шапалақпен қарсы алайық!

1) Қазақстан елі Астанадан келген қонақтар достық көпірінен өтіп келеді. Шапалақпен қарсы аламыз.

2) Ресей елі Москвадан келген қонақтар достық көпірінен өтіп келеді. Шапалақпен қарсы аламыз.

3) Ағылшын елі Лондоннан келген қонақтар достық көпірінен өтіп келеді. Шапалақпен қарсы аламыз.

I — жүргізуші:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған ертеңгілікті ашық деп жариялаймыз!

IІ — жүргізуші: Здравствуйте, уважаемые учителя, учащиеся! Здравствуйте, все, те кто пришел на наш праздник. Мы рады приветствовать вас в нашем уютном классе. Праздник, посвященный закрытию декады «Язык — мост дружбы» разрешите считать открытым.

IІІ — жүргізуші: Good afternoon, dear friends! Our language is connected with our thought and sense. It appeared in antiquity. It’s close to the society’s life. All languages developed under influence of economic, political and geographical conditions.

Жүргізуші 1: Қазақстан Республикасының мемлекеттік ГИМНі орындалсын!
22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Бүгінде Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына 28 жыл толып отыр

IІ — жүргізуші: Казахстан – многонациональное государство. В нашей стране проживает более 130 наций и народностей и все живут дружно, одной сплоченной семьей и зовутся казахстанцы.

IІІ — жүргізуші: Kazakhstan is our common home. Besides Kazakh and Russian people, there are 2 thousand representatives of about 130 peoples in Kazakhstan.

Жүргізуші 1: Назарларыңызды экранға аударуларыңызды сұраймын. (Тіл туралы қызықты деректер. Видеоролик көрсетіледі.)
Алдарыңызда мектепалды даярлық тобының оқушыларын «Қуыр, қуыр, қуырмаш!» өнелерімен қарсы алайық!

Жүргізуші 1: Ән: «Әжем айтқан ертегі» орындайтын Мерует Екпінова
«Ертегілер әлемі» көрініс 1 сынып оқушыларын қарсы алайық!
——————————-
I — жүргізуші:
Аяулысың, мектептің асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән менен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары – деп келесі кезекті Қазақстан елінен келген қонақтарға береміз.

—————————

ІІ — Жүргізуші: Язык отцов, язык тысячелетий
Ты временем, как глина обожжен
В тебе — удар меча и посвист плети,
Мужская гордость и горячность жен.
Тебя по жилам к нам перенесло
И ты звучишь, переполняя тело
Ударом сердца, колоколом души
Приглашаем на сцене гости городе Москвы

ІІІ — Жүргізуші: Oh, friend unseen, unborn, unknown,
Student of sweet English tongue,
Read out my words at night alone:.
I was a poet, I was young
Since I can never see your face,
And never shake you by the hand,
I send my soul through time and space
To greet you. You will understand.
— Ағылшын елінен келген қонақтарды өз өнерлерімен қарсы алайық!

Хормен «Достық әні» орындалады.

Жүргізуші 1: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанды мекендейтін әр түрлі ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсету, олардың ана тілінде білім алып, төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау мемлекетіміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі» деген болатын. Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілген. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы күшіне енді.

Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. «Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез келген мемлекеттің, елдің ең негізігі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақ Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсеңде бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, — демекші, «Тіл – достық көпірі» атты ертеңгілігімізді өз мәресіне жетіп келеді.

Жүргізуші 2: Желаем всем всего вам доброго и прекрасного!
Жүргізуші 1: Қош болыңыздар!
Жүргізуші 3: Good bау!

1. Туған тілім — бабам тілі — өз тілім!
Туған тілім — анам тілі — өз тілім!
Туған тілім — далам тілі — өз тілім!
Туған тілім — адам тілі — өз тілім!

2. Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып — ақ алыңдар.

3. Ана тілім — ұраным,
Ана тілім — құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр — әнім.

4. Ана тілім — елдігім,
Ана тілім — ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім…

5. Ана тілім? Ана сүті — жүрегім,
Қадір тұтып оны әркез жүремін.
Бойымдағы өнерімд маздаған,
Өз тілімнің қасиеті деп білімін.

6. Ана тілім — ең асылым, ардағым,
Ана тілім — бар байлығым, бар бағым
Халқым үшін арнасам ән — жырымды,
Ана тілі — өз тілімді арнадым.

Ұқсас материал: 

  1. «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
  2. Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы
  3. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  4. «Білімді информатик» сайысы
  5. Жасанды интеллект деген не?
  6. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  7. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  8. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ