Өзгенің пікіріне тәуелді болудан қалай құтылуға болады?

0
521
Иллюстрация: Freepik.com

Қаншалықты тәуелсіз болсақ та, бәріміз өзгелердің пікіріне құлақ асамыз. Оған көп көңіл бөлген сайын, ол біздің өмірімізге түбегейлі әсер етуі мүмкін. Адамзаттың табиғаты сол, біз елге сүйкімді, сыйлы болғымыз келеді.

Бірақ ол үшін әрдайым ел не дейді екен деп жалтақтау дұрыс па? Елдің не ойлайтыны маңызды емес және мұнымен бас қатырудың қажеті жоқ. Бұл, әрине, ойыңа не келсе соны істеу керек дегенді білдірмейді. Өзіңізге маңызды деген адамдардың пікірін тыңдаңыз, саралаңыз, тек содан кейін ғана не істеу керектігін шешіңіз. Себебі туғандарыңыз да қателесуі мүмкін ғой. Егер сіз әлі де өзгелердің қыспағы мен пікірінен, сөгісінен арыла алмай жүрген болсаңыз, онда содан арылтуға көмектесетін ойлау жүйесін қалыптастырайық.

Адамдардың назары әрдайым сізде деп ойлайтын болсаңыз, қателесесіз

Айналаңыздағы адамдар көбіне өз істеріне және өз шаруаларына қам жейді. Оларды сіздің өміріңізден бұрын өз өмірлері толғандырады. Егер сіздің қызығушылықтарыңыз бен көзқарастарыңыз қандай да бір салада тоғысатын болса, онда бұл сіз ойлағандай жиі емес. Өзіңіз ойлаңызшы, өзгелердің не киіп келгеніне жиі назар аударасыз ба? Жейдесі кірлеген бе? Шалбарының тізесі шыққан ба? Сіз бұл туралы мүлде ойламайсыз немесе бір — екі минуттан көп уақыт құртпайтыныңызға сенімдімін. Міне, өзгелер де дәл солай жасайды.

Бұл сізді толғандырмауы тиіс

Өзгелер сіз жайлы не ойласа да – бұл олардың өз шаруасы. Бұл сізге ешқалай қатысты болмауы тиіс. Біреудің сіз жайлы пікірін естісеңіз де, бұл сізді басқа адам етпейді және көп жағдайда өміріңізді өзгерте алмайды. Өзгелердің пікірін өмірлік маңызы бар пікір деп қабылдаған кезде ғана олар сізге әсер ете алады. Ал бұған жол беруге болмайды. Сіз өзгелердің пікірін қадағалай алмайсыз, сондықтан оған назар аудармай, өзіңізді ғана ойлаңыз.

Сіз ешкімге ұқсамайтын, ерекшесіз

Осыны есіңізде сақтаңыз. Өзгелердің көзқарасына икемделмеңіз. Кеңестер үйін басыңызға кіргізген бойда өзіңіз өз болудан қаласыз. Айналаңызда адамдар көп, ал сіз жалғызсыз. Бәріне жағу қиын. Елге жалтақтамай, өз қалауыңызша өмір сүріңіз және ондай адам тек сіз ғана емес екенін біліңіз. Дәл сіздей адамды табу қиын. Өз ерекшелігіңізді бағалаңыз. Өзіңізді сыйлаңыз. Сонда өзгелер де сізді сыйлайтын болады.

Неге сіз оларды әлі де тыңдайсыз?

Егер біреу сіздің пікіріңізбен келіспесе немесе олардың көңілінен шықпайтын әңгіме айтсаңыз, өміріңіз қаншалықты өзгереді? Сіз бәрін дұрыс емес істеп жатыр деген сайын өзгеруге дайынсыз ба? Олай ойламаймын. Келесі жолы біреудің пікірін көңіліңізге алып қалсаңыз, бұл пікір бір аптадан кейін де сіз үшін маңызды бола ма деп ойланыңыз. Егер сізге тағылған ескерту сізді бір сағаттан артық мазаламаса, онда мұның бәрі бос уайым.

Сіз телепат емес екеніңіз анық

Егер сіздің қандай да бір балгерлік қасиетіңіз болмаса және сиқырлы шар сізге ештеңе көрсетпесе, онда адамдардың не ойлап жүргенін білмейсіз. Егер сіз қарапайым адам болсаңыз, онда өзгелердің ойында не болып жатқанын қайдан білесіз? Бар мәселе, айналаңыздағы адамдардың бар ойы тек сізде деп ойлайтыныңызда. Бұл эгоистікке жатады деп ойламайсыз ба? Егер өзгелердің не ойлап жүргенін білмейтін болсаңыз, онда олардың пікірі жайлы бас қатырмаңыз.

Шынайы болыңыз және осы шақта өмір сүріңіз

Күнделікті өзіңізді қалай сезінесіз, бұл тек сізге байланысты. Қоғам сіздің ісіңізді қолдамайды деген қорқыныш, уайыммен өмір сүресіз бе? Бұл туралы ойлауды доғарыңыз. Бұрынырақта біреу сізге ескерту жасағанынан немесе адамдар сіз туралы жаман ойлайтын болды деп ойламаңыз. Дәл осы шақта өмір сүріңіз және жаң — жағыңызға жалтақтамаңыз. Кең тыныстап, ойларыңыз бен істеріңізге тек сіз жауапты екеніңізді ұмытпаңыз. Тек осылай ғана сіз бақытты бола аласыз. Тек осылай ғана сіз әр адамның өз пікірі бар екенін ұғасыз және оның сізге әсер ету — етпеуін өзіңіз қадағалайсыз.

Сізді қолдайтын адамдармен көбірек араласыңыз

Бәрі қолдауды қажет етеді. Туғандарыңыз қарсы болса да, сізбен келісетін және кез келген бастамаңызға қолдау білдіретін достарыңыз бар болса тіпті тамаша. Физикалық және рухани денсаулығыңызды қолдау үшін сізге таңдау жасау қажет: өзгелердің кеңесі бойынша арманыңыздан бас тарту немесе өз жолыңызды табуға шабыттандыратын адамдармен араласу.

Өзгелер де қоғамның пікіріне алаңдайды

Айналаңыздағы адамдарды да өзгелердің пікірі алаңдатады. Сондықтан, келесі жолы біреу сізді сынайтын болса, өзіңізді соның орнына қойып көріңіз. Бәлкім, сіз ол армандап жүрген, бірақ жасауға батылы жетпеген істі іске асырған боларсыз. Ал енді ол сізді артқа тартқысы келетін шығар? Осыны есіңізде сақтаңыз және сол кезде сізге сынды қабылдау мен өзгелердің іс — әрекеттерінде не астар жатқанын ұғу оңай болады.
Өзіңізбен шынайы болыңыз.

Айналаңызда сіз сияқты адамдар жүргенін ұмытпаңыз. Олардың да өз мәселелері бар, олар да сынға қалғысы келмейді, олар да мінсіз емес. Ешқашан қателеспейтін мінсіз адам болмайды. Жай ғана кейбір адамдар сүрініп кетіп, өмір бойы сол жерде тоқтап қалады, ал кейбірі қателігінен аттап өтіп, арманына қадам басады. Қоғамдық пікір дамуыңызға кедергі болмасын және әлемге бар қабілетіңізді көрсетіңіз.

Басқа материалдар:

  1. Математиканы түсінуге көмектесетін ТОП 7 кітап
  2. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  3. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  4. SMM маманы деген кім?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Web-дизайнер деген кім?
  7. Таргетологтың қызметі қандай?
  8. Контекстолог деген кім
  9. Копирайтер деген қандай мамандық?
  10. Контекстолог деген кім?
  11. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  12. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  13. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  14. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  15. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет

ПІКІР ҚАЛДЫРУ