«Той­дан қайт­қан қа­зақ­тар» ко­ме­дия­лық дра­ма­сы

0
18401

Сұл­та­нә­лі Бал­ға­ба­ев – бү­гін­гі таң­да­ғы аға бу­ын дра­ма­ту­рг­тер­дің ішін­де­гі бел­гі­лі, өзі­нің шы­ғар­ма­ла­ры­мен ха­лық­қа ке­ңі­нен та­ныл­ған дра­ма­ту­рг­тер­дің бі­рі.

Амангелді Мұқан

Білгенге маржан. Сұл­та­нә­лі Бал­ға­ба­ев: Осы­дан жи­ыр­ма бес жыл­дан ас­там уа­қыт бұ­рын, тә­уелсіз­дік ал­май тұр­ған кез­де «Қы­зыл кі­тап­қа кі­ре­тін ха­лық» де­ген бір­не­ше бө­лім­нен  тұ­ра­тын проб­ле­ма­лық ма­қа­ла­лар жа­зып, жа­рия­ла­дым. Ол кез­де Ал­ма­ты­да бір-екі ға­на қа­зақ мек­те­бі бар еді. Қа­зақ­тар­дың өз ана ті­лі­нен, ұлт­тық ерек­ше­лік­те­рі­нен
те­ріс ай­на­луы, іш­кі­лік­ке са­лы­нып, мо­раль­дық жа­ғы­нан бұ­зы­луы ба­рын­ша ас­қын­дап
тұр­ған. Со­ған орай, қа­зақ хал­қы осы қал­пы­мен тұ­ра бер­се, азып-то­зып, ұлт ре­тін­де
жойы­лып ке­те­ді де­ген мә­се­ле кө­тер­дім.

Бұл ой­ым­ды «Қа­зақ­ша біл­мейт­ін қа­зақ қай ұлт­қа жа­та­ды?», «Іл­ге­рі бас­па­ған ин­тел­ли­ген­ция», «Қа­зақ же­ңе ме, арақ же­ңе  ме?!», «Қа­зақ­тан шық­қан бас­шы­лар қа­зақ хал­қын қадір­лей ме екен?!» де­ген та­қырып­тар­мен же­ке-же­ке тал­дап, дә­лел­деу­ге ты­рыс­тым. Бұл жаз­ған­да­рым бі­реу­лер­ге  ұна­ды, бі­реу­лер­ге ұна­ма­ды. Де­сек те, со­дан бе­рі за­ман да, ел мен адам да өз­гер­ді.  Ең бас­ты­сы, бұ­рын Ал­ма­ты қа­ла­сын­да бір-екі ға­на қа­зақ мек­те­бі бол­ған, қа­зір та­за  ана ті­лін­де бі­лім бе­ре­тін 60-тан ас­там оқу ор­да­сы бар. Кө­ше­де кез­дес­кен қа­ра­көз бүл­дір­шін­дер тү­гел дер­лік (олар­дың ара­сын­да өзім­нің не­ме­ре­ле­рім де бар) май­ын  та­мы­зып, әде­мі­леп қа­зақ­ша сөй­лей­ді. Осы­лар­ды көр­ген­де өзім­ді кә­дім­гі­дей ба­қыт­ты  се­зі­не­мін. Бір кез­де­гі айт­қан­да­рым­ның жер­де қал­май, күн­дер­дің кү­ні жү­зе­ге ас­қа­нын  көр­ген­де бой­ым­ды ри­за­шы­лық се­зім би­лей­ді.

Міне, қызық! Сұл­та­нә­лі Бал­ға­ба­ев­тың бел­гі­лі бір өнер ие­сі­не ар­нап жаз­ған сах­на­лық шы­ғарма­ла­ры бар. Мә­се­лен, «Ға­шық­сыз ға­сыр» пьеса­сы КСРО ха­лық әр­ті­сі Фа­ри­да Шә­ріпо­ва­ға, ал «Той­дан қайт­қан қа­зақ­тар» дра­ма­сы Қа­зақ­стан­ның ха­лық әр­ті­сі Жұ­ма­бай Ме­дет­ба­ев­қа ар­нал­ған екен.

******

Жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаев  көптеген пьесалар жазды. Ол қазіргі қоғам өмірінің түрлі мәселелері – тіл, руханият, ұлттық  мүдде және отбасылық-тұрмыстық өткір жайттар туралы драмалық, трагедиялық, комедиялық  сипаттағы реалистік туындылар жасады. Жазушының қаламынан туған әрбір шығарма заман тынысымен үндесіп жатыр.

Солардың бірі – «Тойдан қайтқан қазақтар» деп аталатын екі бөлімді комедия.
Бұл – көзбояушылық, бастықтың алдында құрдай жорғалау, сыбайлас жемқорлық сияқты қоғамдағы келеңсіздікті бейнелеген сатиралық туынды.  Осы комедиядағы кейіпкерлердің іс-әрекеттері, мінез-құлықтарынан  олардың өз білімі мен талантына сенімсіз, тек жағымпаздану арқылы ғана күн  көріп жүрген типтік бейнелер екені көрінеді. Өздерінің руының адамдарын  «… батыр бабамыз … бес жасында шешен, он жасында қол бастаған көсем  болды…» деп дәріптеп, қазақ тарихын өрескел бұрмалаушы жалған «тарихшы-ғалымдар» Асай Мүсеевич бейнесіне жинақталған.

Ал Қошқарбай секілділердің оларды: «Ұлы ғалым… Бұл кісінің ашқан жаңалықтары керемет!» деп  жағымпаздана көпіртіп мақтауы – біздің қоғамда кездесіп қалатын жағдай.  Пьесадағы тағы бір кейіпкер Мэлис Әлібаевич – өз қызметін асыра   айдаланушы, туыстарын, жағымпаздарды маңына жинаған қуыс кеуде мансапқор
шенеуніктердің жинақталған бейнесі.  Жандайшаптар қалай жағынарын білмей, тіпті президент болуыңыз керек деген идея ұсынады: «Айтпақшы дейім, Мэлис Әлібаевич, сіз алдағы сайлауда президенттікке өз кандидатураңызды ұсынуыңыз керек!» Бұл, әлбетте, Мэлис Әлібаевичтің жанына жағып кетеді: «Жо-жоқ, оған әлі ертелеу!.. Ертелеу!..

Ең алдымен (даусын ақырын шығарып). Сізден несін жасырайын, осы жақында министр болатындай мүмкіндігім болып тұр!». Мэлис Әлібаевичтің «оған әлі ертелеу» деген сөзі оның президенттіктен де дәмелі екенін аңғартады. Оның екіжүзділігі жанындағыларға уәдені үйіп-төгіп беріп, кейін тайқып кетуінен аңғарылады.

Жолсерік келіншек. Мәке! Мэлис ағай, сіз маған… әлгі айтқаныңыз… Уәдеңіз…
Мэлис Әлібаевич. /оны енді байқап/ А, сіз маған бірдеңе айтайын деп пе едіңіз? Арызыңыз бар ма еді?!.. Оны кеңсеге әкеліңіз!.. Канцелярияға апарып  тіркетсеңіз, маған жібереді… Көреміз сосын… Ал, сау болыңыздар!

Өзі ерігіп, қыдырып, қызық қуып жүрсе де, жұртқа «Жұмыс істеу керек!..  Той тойлап, жүре бермей, жұмыс істеу керек!» деп ұрысып кетеді.  Пьесадағы басқа да кейіпкерлер: пойыздың бастығы, саудагер әйел, жолсерік келіншектің іс-әрекеттері де, кез келген мәселеде бармақ басты, көз  қысты, екіжүзділікпен өмір сүретін қазіргі тұрмыс қайшылықтары да уақыт шындығына сәйкес бейнеленген. Пойыз бастығы мен жолсерік әйел – сырттай мінсіз, халыққа адал қызмет етушілер болып көрінгенімен, пайда тауып қалу  мақсатымен билетсіз жолаушыларды пойызға отырғызуды көздеген адамдар.

Билетсіз жолаушы – алыпсатарлықтың құрбаны. Көліктердің билет сату  қызметін электронды жүйеге көшіргенімен, пойыз билеттері әлі де болса, алыпсатарлардың қолында кететіні – қоғамдағы шынайы, өзекті мәселе. Дегенмен автор билетсіз жолаушының ата-баба басына құран оқыту үшін жүргенін келтіру арқылы бір үміттің бар екенін де білдіреді.

Дереккөз: Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық.
Р.Зайкенова, Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова

Басқа да материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ