(Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі негізінде)
Ғылым тапай мақтанудың жөні жоқ, Мақтанады өңкей надан, сөзі көп. Оқу білім іздемесін біледі, Ойын-сауық көрінеді қызық боп.
Мен де бүгін бұл жырыңа тоқталдым, Оқығанда намыстанып, шоқталдым. Ой түйгелі қалам алып қолыма, Бес нәрсені жүрегімде сақтадым.
Бес нәрседен аулақ болып әрдайым, Жыр жазарлық менің бүгін бар жайым. Талап, еңбек, терең ойды жинақтап, Көк аспанға қыран құстай самғайын.
Әр нәрсеге қанағат, рақым қыла біл, Игі істердің бірі болар, сірә бұл. Ғалым көрсең үйренуге ұмтылғын, Теңіздегі дауылдайын сұрапыл.
Ғылым болар байлығың да, барың да, Еңбекпенен пайда болар дарын да. «Көп айтты» деп ере берме әр сөзге, Ғибрат алғын, тапсаң түзу мағына.
«Өзің үшін үйрен» Абай айтқандай, Жалқаулықтың жазасы да батпандай. Ал еңбектің жемісі мол еткенге Бақшаң толып, күнің күліп жатқандай
Ғылым таппай мақтанудың жөні жоқ, Мақтанады өңкей надан, сөзі көп. Жадыңда ұста бұл өлеңді ескерсең, Менің емес, ұлы Абайдың ізі деп.
Шынар Төлеухан