Өз көңіл-күйіңмен бөлісе біл. тренинг

0
1777
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Тренинг: Өз көңіл-күйіңмен бөлісе біл.

Мақсаты: Әріптестердің  өз көңіл-күйін игере білуге , және басқаруға , қадағалауға  , дұрыс  бағалай білуге  тәрбиелеу.

Тренинг  барысы:

Сәлеметсіздер ме , әріптестер. Олай болса бүгінгі тренингімізді көңіл – күйімізді көтеруге арнайық. Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйіне байланысты. Көңіл-күй адамның  ішкі дүниесінің құбылысы , көңіл-күй-адамның айнасы. Адамдармен  қарым – қатынас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне , біліміне , тәрбиесіне байланысты болады.

Ендеше қарым-қатынасқа түсу үшін шеңбер жасайық.

«Бір күнгі танысына , қырық күн сәлем» дегендей , біз бүгін бір – бірімізбен дәстүрден тыс амандасудың түрлерін көрсетейік.

Бір-біріне  күлімсірей қарап  алақанның  ішін  және сыртын  тигізіп сәлемдесу.

Оң  жақ , сол жақ тізелерін  түйістіріп амандасу.

Оң жақ ,  сол жақ иықтарын  тигізіп сәлемдесу.

Бастарын бір-біріне тигізіп амандасу.

Осылай тағы да қайталап , көңіл – күйімізді көтеру. Тренингім ұнады деген сенімдемін. Көңіл – күйлеріңіз көтерілді деген ойдамын. Назарларыңызға рахмет!

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ