Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ащудағы автор тәсілін талдап жазыңыз

0
2277
Иллюстрация: Freepik.com

Ақбілек – қазақ әдебиетіндегі алғашқы эпикалық роман. «Ақбілек» романындағы еліміздің шығыс өңіріндегі әлемге аян Алтай өңіріндегі ауыл көріністері, Ертіс-Күршім сипаты.

Шығармада Марқакөлдің мөлдір суы мен оның айналасындағы аң-құс, жануарлар әлемі, алуан түсті адам портреттері, этнографиялық этюдтер, яғни қазақ тұрмысы мен заман көріністерінен, адамдар арасындағы қатынастарды шебер бейнелеген. Бұл романда қазақ қызының тағдыры туралы әңгімеленеді.

«Ақбілек» романыныдағы оқиғалар өмірден алынған. Ақбілек әлемі, Қазақ төңкерісінен кейінгіқазақ ауылының әрекеті кеңінен көрініс береді. Маңыздысы жазушы жан әлемін жаулап алған, қазақ қызының тағдыры. Автор оқиға өміріне сай табиғат тамашаларын әсерлі, шабытты сөз етсе, енді бірде ала ат мінген жалғыз адам туралы, сосын жекеленген бейнелер.

Ақбілек, Бекболат,Офицер, Мұқаш сияқты кейіпкерлерді сөйлетеді. Жазушы Ақбілекті өмір – тағдыр талқысына сала отырып, бір ауылдың өсек аяңынан арашалап, қара мұрттың әлсіздігін де сездірмей, қаладан бақытына жолықтыруы – кеңестік кезеңнің талабы. Қазал әйелінің ерендік алу салтанаты жемісті сәт.

Сондай – ақ Төлегеннің үйінде қонақта болған зиялы қауым өкілдерінің өзара әңгіме – сұхбаттарынан қазақы қалжың, пәтер, темекі төңірегінде өріс алған әңгіме арнасы – бай – кедей, тап мәселесіне алып келеді.

Жүсіпбек Аймауытов роман оқиғасын тарата, көркем, келісті баяндайды. Шығарма тақырыбы иемденген басты тұлға Ақбілек аяулы әке мен қымбат анасының алдында ерке де әсем болып өсті. Ол құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа майымаған, өмірінен тағылым – ғибрат алған, жан – жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.

Бірақ бұлжарастық, жастық салтанатын түстері суық, ойлары теріс,жүрістері суыт, төрт атты бұзғанды. Үлкен үй-дәулетті Мамырбайдың шаңырағын ортасына түсірді. Бәбішесін атып, жас түлегі Ақбілекті ойбайлатып алды да жөнелді. Бұдан кейінгі жердегі Ақбілектің өмірін, көрген зорлығы мен тартқан азабын ешкім де дұшпанына тілемес.

Ел көзіне көріне алмай, күлкі болып ауылдан кеткен Ақбілек қалаға барып оқып, адам қатарына қосылып, жар тапты, бақытты өмірге қадам басты. Міне «Ақбілек» романының бүкіл тақырыбы мен идеясы осыған саяды.

Қорыта келе, «Ақбілек» романын ұлттың таным мен парасатты, ұлтық болмыс – бітімін көрсететін тәрбиеік мәні зор салт – дәстүр, әдет ғұрыптар деуге болады. «Ақбілек» романы – бір ғана қазақ қызының тағдырымен қатар, әлеуметтік төңкеріс тұсындағы қазақ ауылының өзгерісін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Роман арқылы ұлтымыздың бүгінгі, ертеңі болашақ ұрпағымызға ой салары анық.

Ұқсас материал: 

  1. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сы туралы түсінік (І том)
  2. Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
  3. Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз
  4. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз
  5. А. Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психологиясын талдап жазыңыз
  6. М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?
  7. М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дəлелдеңіз
  8. Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
  9. Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын жазыңыз
  10. Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңдар
  11. Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз
  12. Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз
  13. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  14. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ