Жаңартылған білім беру мазмұны аясында бастауыш сынып оқушыларының оқуын саралау тәсілдері

0
10681

Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінің ең басты міңдеті-білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу.

Жалпы білім беру саласындағы жаңа саяси ұстанымның біртіндеп іс жүзіне асуы егемен еліміздің өркендеу бейнесінің бір көрінісі. Өркениетті елдер мен тереземіз тең болуы үшін әлемдік білім аясына кіргізуді мақсат тұтқан еліміздің білім беру саясаты оқытуды демократияландыру, ізгілендіру арқылы жаңа сапалық деңгейге көтеруге көздейді. Осыған байланысты білім берудегі бірыңғайлықтан бас тартып көп нұсқалы білім алу жүйесіне бет бұрып тұрған жағдайда оқушылардың топтық ерекшелігімен қоса жеке танымдық ерекшеліктерін ескеріп, саралап оқытуды ұйымдастыру-бүгінгі мектеп өміріндегі өзекті мәселе.

Саралап оқыту әрекеті — білім алуға бағытталған әрекет. Ол өз бетінше, әр мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудьщ жүйелік негізін Л. Вьютский, А. Леонтьев, Б. Ананьев, С. Рубинштейн т.б. ғалымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу әрекеті В. Давыдов, Л. Занков, Ш. Амонашвили, т.б. зерттеулерінде карастырылады. Саралап оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл — ой деңгейімен белсенді әрекет арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.

Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін оқытушы алдымен, олардың ықылас — жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын, жалпы білім денгейін зерттеуі қажет. Бұл ерекшеліктерді айқындау үшін білімді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау; оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушыларға сауалнама, психологиялық тәжірибе жасау, ата — аналармен әңгіме жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері сабақта сұрақ беру, кіріспе әңгіме, оқыған материалды т.б. тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті есептеулер жасауға, суреттерін салуға уақыт беріледі, ал улгерімдері төмендеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудің жоспар үлгісі ұсынылады.

Оқушыларды топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілеттік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім ішінде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша оқуға қабілеті жоғары, орташа және төмен деп үшке бөлуге болады, Сыныпта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан, сабақ кезінде әрқайсының деңгейіне қарай жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты игеру көзделсе, өте пайдалы. Біз өз іс — тәжірибемізге осыларды енгізіп, жұмыс жасап келеміз. Біздің басты мақсатымыз — сынып оқушыларының ерекшелігін анықтау.

Бұл тұрғыдан алғанда, әрбір оқушыны өз мүмкіндігіне қарай білім, дағды алатындай етіп окытқан жөн. Мысалы, қабілетті оқушылар сыныпта логикалық ойлауы жетілген, оқулықпен жұмыс істей алатын оқушылар үшін жаңа материалды түсіндіргенде проблемалық ізденіс әдісін қолданған дұрыс. Ал орташа, нашар оқушылары көп сыныпта репродуктивті әдісті қолдана отырып, сабақты ойын, әңгімелеу түрінде өткен ұтымды. Саралап оқытудың ең басты шарты — сынып оқушылары үш топқа бөлу. Бірінші топқа мынадай оқушылар топтастырылады: қабілеті жоғары, білім, білік дағдылары қалыптасқан, өз бетімен ойлау кабілеті бар, сабаққа деген белсенділігі күшті, мұғалім көмегін қажет етпейтін топ. Бұл топта жүргізілетін жұмыстың мақсаты — оқушы бойында ғылыми бағытта ойлау қабілетін калыптастыру.

Орташа қабілетті оқушылар екінші топты құрайды. Білім, білік дағдылары әлі тұрақсыз, өзіне — өзі көп сене бермейтін, мұғалімнің белгілі мөлшерде көмек көрсетуін қажет ететін оқушылар. Мұнда алға қойылатын мақсат — білім, білік дағдыларының тұрақты болуына, өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал ету, олардың бірінші топқа көшуіне көмектесу.

Үшінші топқа үлгерімі төмен оқушылар жатқызылады. Бұлар тұрақты назарды ұстауды, білім, білік дағдыларын қалыптастыруда мұғалімнің үлен күш жігер жұмсауын, жүйелі жұмыс жүргізуін, яғни мұғалім көмегін көп қажет ететін оқушылар.

Педагогикалық технология — қазіргі талапқа сай анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың жаңа мазмұн, әдіс — амалдардың дидактикалық талаптарының психологиялық педагогикалық жиынтығы. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтың «Әртүрлі деңгейде оқыту технологиясын» жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу барысында үнемі қолданудамыз.

Көмекті қажет ететін окушылар құрамы толық болмауы тиіс. Оқушы мүмкіндігіне карай мұғалім ол оқушыны ойша басқа топқа ауыстырады. Мұндай әртүрлі топтардың барлығы туралы ешқандай тізім жасалмауы тиіс. Тек соңдай топтардың бар екендігін сабақты жоспарлағанда, үйге тапсырма бергенде ескеру қажет. Үшінші топтағы оқушылармен саралап жұмыс жүргізу үшін дайын сызба — нұсқаларды, жоспарларды, тезистерді, алгоритмді, есептердің үлгілерін т.б. пайдаланады.Үй тапсырмасын орындату — маңызды нәрсе. Үй тапсырмасын бергенде оны оңтайландыру критериіне сүйене отырьш, оқушының нақты мүмкіндігін ескерген жөн. Үй тапсырмасы нашар оқушыны жетілдіре түссе, ал қабілетті оқушы ең жоғары деңгейде дамуы тиіс. Мысалы, қабілетті оқушыға күрделі есеп берсек, әлсіз оқушыларға реферат жазу, сызу, тағы басқада ережелерді берген дұрыс.

Саралап оқыту әдісін қалданғанда, мұғалім әрбір сынып педконсилиумымен толық әрі жете таныс болуы керек. Бұл ең маңызды басты шарт. Соңда ғана оқушыларды саралап оқытуда сызба бойынша жұмысты ұйымдастыру әрі оны жүйелі жүргізу жақсы нәтиже берері даусыз.

Жаңартылған мазмұн жағдайында оқытуды саралаудың маңыздылығы артуда. Зерттеулерде ішкі және сыртқы саралау түрлері айқындалған.

Ішкі саралау  кезінде оқушылар топқа бөлінбейді, оқу үрдісінде мұғалімдер оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық қолдау көрсетеді.

Сыртқы саралау кезінде гимназия, лицей кластарында білім алушы оқушылар үшін факультатив  және бейіндік пәндер бойынша қосымша сабақтар ұйымдастырылып, оқушылар белгілі бір критерийлерге сай бөлінеді. Сыртқы саралау барысында белгілі бір мақсатқа сай түзету, жетілдіру, педагогикалық қолдау көрсету шаралары, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс, қосымша шығармашылық тапсырмалар арқылы дамыту, мамандықты игеру немесе жоғары оқу орындарына дайындық жұмыстары жүзеге асырылады.

Кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасаудың бірден-бір жолы төменде берілген саралау түрлерін тиімді таңдай алу. Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған жеті тәсілі бар:

Тапсырма: мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді, оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау, күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдаланыңыз.

Дереккөздер: кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады, дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіретін мәтіндерге дейін ауытқып отырады, баспадан шыққан және электронды дереккөздер де пайдалануы мүмкін. Бұл материалды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.

Қарқын: кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді, қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады,негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

Қорытынды:барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады, мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек.

Диалог және қолдау көрсету: кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады, мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

Бағалау: оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуы мүмкін. Педагогикалық қызмет табыстылықты, жақсартуды, түзетуді қажет ететін салаларды анықтайтын әмбебап үдеріс болуы керек, сонда ғана біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай жылжи аламыз.

Жіктеу: Оқытудың болжалды міндетіне қарай топ құруда пайдалы көптеген тәсілдер бар:мүдделері ұқасас оқушылар (мысалы, қиындық деңгейі немесе қолдау деңгейі), талаптары әртүрлі оқушылар, джигсо топтары, кәсіби дағдыларына қарай бөлінетін топтар немесе сарапшы топ, гендерлік топ, аралас гендерлік топ, ұйымшыл топ.

Саралау түрлерін тиімді қолдану әр оқушының қажеттілігін ашу мен қолдауға, оқыту процесін жетілдіруге, оқу бағдарламасының қойған мақсат, міндеттеріне жетуге және кең ауқымды дағдыларды игеруіне мүмкіндік береді.

Мұғалімдерге сабақты жоспарлауда дағдыларды дамытуға негізделген саралау тапсырмаларын анықтау, саралау түрлерін алдын-ала жоспарлау мен қолдауды қажет ететін оқушыларға бағыттау үшін әдіс-тәсілдерді қолдану қиындық тудырады. Жоғарыда көрсетілген саралау түрлері осы кездескен қиындықтарды шешуге көмек бола алды.

Қалыптасқан кең ауқымды дағдылар оқушылардың өз білімдерін кез-келген жағдайға қалай бейімдеу керек екенін біліп, болашақта кездесуі мүмкін кез-келген күрделі тапсырмаларды шешуге кепіл бола алады. Ал, бұл дағдыларды дамыту оқу бағдарламаларының жүйелі түрде жүзеге асуына байланысты болмақ.

 

Әдебиеттер

  1. Кобдикова Ж. Орта мектепте білім алуды технологияландыру (саралап деңгейлеп окыту). 2002, 27 б.

2.Жампеисова М.М. Технология модульного обучения. Актобе, 1999, С.129

 

Кадирова Алия Дуйсенбековна
Кызылорда облысы, Сырдария ауданы
131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ