Жаңартылған білім беру – заманауи қажеттілік

0
2156
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

ХХІ ғасырда бүкіл ғаламдану заманында, соның ішінде білім беру саласындағы өзгерістердің орын алуына сай мұғалім алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің салмағы зор болып отыр.

Қазіргі мұғалімдер рухани байлықты бойына жинаған, заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан- жақты дамыған маман.

Мұғалім бұрын информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы болса, қазіргі заманда керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек.

Оқушыны субъект ретінде қарастырып, оқушының өзін — өзі тануына жол ашу, сыни ойлай білетін, өз білімін кез келген ортада қолдана алатын жеке тұлғаны қалыптастыру, бойындағы қасиетті дамыту, білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау — бүгінгі таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті.

Мұғалім жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жету екіталай. Оқу — тәрбие үрдісін ізгілендіру, технологияландыру әр мұғалімнен ғылыми еңбекті талап етеді. Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс — тәжірибеге пайдалану, өзінің техногиясын қалыптастыру — заман талабы, заман ағымына ілесу де оңай емес.

Кәсіби біліктілігі жоғары өзіндік позициялы, бағалы бейімділігі бар сапалы маман даярлау — бүгінгі өмір талабы.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Жаңа формацияға жаңа педагог қажет»- деп атап көрсетті. Жаңа формацияның жаңа педагогын қалыптастыру үшін жаңа кәсіби мазмұн, жаңа кәсіби даярлық технологиясы қажет, әрі даярлық сапасын арттыруға бірден — бір қызмет етуі керек.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек.

Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол — өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.

Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,»- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын — еліміздің келер күнгі келбеті.

Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға.

Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген. Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады.

Ұстаздың кəсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы.

Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқуышлар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі.

Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс тəсілдерін міндетті түрде меңгеру. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет.

Күнделікті іс тəжірибеде мұғалімнің кəсіптік білімін көтеруіне мектеп ішінде де жағдай жасау керек. Ол үшін мектепте ғылыми əдістемелік кеңес пен бірлестіктердің жəне зертханалардың жұмыс істеуі тиіс.

Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздардың біліктілігі мен білімділігін шыңдап отыратын жоғарыда атап өткен мəселелермен қатар, əр мектепте интернет жүйесі барлық сыныптарға қосылып жұмыс істеуі жөн шығар.

Президенттің халыққа жолдаған Жолдауларында айқындық көрсеткен білімді жетілдіруге арналған әлемдік Кембридж тәсілін енгізу кеңінен қолға алынды. Бағдарламаның жаңаша оқу тәсілдерін меңгеріп, оны іс-тәжірибеде қолдану және мұғалімдердің оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындау керектігі жөніндегі мәселені шешуге бағытталды.

Қазақстан Республикамыздың білім беру жүйесіне де өзгерістер енгізіліп жатыр –Назарбаев Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті ашылып, мектептер e-learning жүйесіне қосылып, мұғалімдерді жаңа әдіс – тәсілдермен оқытуға үйрететін курстар өтіп жатыр, сонымен қатар мектептердің тиімділігін өлшейтін және арттыратын құралдар жылдан жылға дами отыруда (Ұлттық Бірыңғай тестілеу, мектептердің мемлекеттік аттестациясы, ОЖСБ).

Бұл – жаңалықтарды енгізудің көрсеткіштері болып табылады.Қазақстан Республикасындағы білім беру жолдарын дамытудың 2011-2020 жылдарға арнаған мемлекеттік бағдарламасының жобасында елімізде оқитын жастарға сапалы білім беріп, рейтингілердегі білім көрсеткішінің көтерілуі мен еліміздің білім беру жүйесін арттыру үшін ұстаздардың мәртебесін көтеру, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамыту жолдарын қамтамасыз ету, сондай- ақ ұстаздардың еңбегіне үкіметіміздің қолдауы мен ынталандыруын арттыру жолдарына үлкен мән берілген. Соған байланысты қазір Қазақстанның білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар кез келген ұстаздың ойлануына анық.

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында елімізде деңгейлік курс бағдарламаларын оқыта отырып, жаңа формация мұғалімдерін даярлауда. Бағдарламаның негізгі идесы – «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда қалай дайындайды?» Деңгейлі бағдарлама барлық мұғалімдерді оқу тәжірибесін өзгерту үшін НЕ істеу қажет, осы өзгерістерді ҚАЛАЙ енгізу керектігі туралы қарастырады.

Ұстаз — егемен еліміздің жас өркенін білім нәрімен сусындататын, сапалы тәрбие беретін ірі тұлға. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» 2015 жылға білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту» деп көрсетілген.

Бұл қағида оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруды жаңа формация мұғаліміне қойылатын талаптың жоғары екенін айқын белгілеп отыр. Соған сәйкес мен өз тарапымнан мұғалім ретінде педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсын Қостанай қаласының «Педагог шеберлік орталығының оқытудағы Кембридж тәсілі негіздерін бойынша» шығармашыл пән мұғалімдеріне арналған 3 айлық курсты оқып, сертификатталдым.

Кембридждік әдістің теорияларын меңгеріп, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері 7 модульді практикалық түрде қолданып, оның артықшылдықтарына көз жеткізіп жүрмін.

Бүгінгі тaңдa әлeмдeгі білім бeру жүйeсі бір aрнaғa тoғысқaн. Бaтыс eлдeрінің oзық бaғдaрлaмaлaры oқу прoцесіне eніп, eліміздeгі жалпығa білім бeрeтін мeктeптeрдe қoлдaнылып кeлeді. ХХІ ғaсырдa oқушыдaн тaлaп eтілeтін дaғдылaр жaңa дeп aйтуғa бoлмaйды.

Мәсeлeн, сын тұрғысынaн ойлaу мeн прoблeмaлaрды іспeн шeшу дaғдылaры eртe зaмaндaғы құрaл жaсaу, aуыл шaруaшылық жeтістіктeрі, вaкцинaны oйлап тaбудaн бaстaп қaзіргі зaмaнғы зeрттeулeргe дeйінгі бүкіл aдaмзaт тaрихының өн бoйындa адaм прогрeсінің сeнімді сeрігі бoлды.

Нақтыдaн бaстап кeшенді сaрaптамaлық білімдeрді игeру қaжеттігі дaғдылaры дa бүгін пaйда болғaн емeс. Плaтонның «The Republic» (Республикa) дeген eңбегінде зият дeңгейінің төрт түрі турaлы сөз болaды. Aл ұжымдық жәнe жeке тaбыстaрдың осындaй дaғдылaрдың бoлу, бoлмауына тәуелді бoлуы турaлы қoрытынды шын мәніндe жaңалық.

Oсыған байлaнысты мeктептeр сын тұрғысынaн ойлaуға үйрeтуде, әрбір oқушының жекe дaралығынa қaтысты прoблемаларды шeшу үшін ынтымaқтастық жүргізудe өте мұқият бoлғаны дұрыс. Бұндай өзгерістерді іске асыру үшін мектеп директорлары өздеріне міндеттеме алып, сондай-ақ анағұрлым құзырлы және тиімді мұғалімдердің ат салысқаны құба-құп.

Қазіргі заманның жаңа формациядағы мұғалімі — баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасай алатын рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс орната алатын, білімнің заманауи жаңа мазмұнымен қаруланған, әлемдік бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мұғалім болуға тиіс.

Боздакова Алия Аскаровна

№9 жалпы орта білім беретін мектеп

Математика пәні мұғалімі

 

БАСҚА МАТЕРИАЛДАР


ПІКІР ҚАЛДЫРУ