Басқаруды ұйымдастырудың тиімді әдісі

0
1685
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Білім саласындағы менеджмент түсінігі. Материалда мұғалімдер мен оқытушылардың уақытын тиімді ұйымдастыру әдіс-тәсілдері туралы айтылады. Менеджментті игеру — заман талабы. 

Бағыты: «Білім беру жүйесіндегі менеджмент»

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім:

а) Басқаруды ұйымдастырудың тиімді әдісі

б) Қолдану, шыққан нәтиже

  1. Қорытынды

Кіріспе

Менеджмент – мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттерді ұйымдастыру.  Мағынасы бойынша «менеджмент» термині «басқару» терминімен ұқсас. Алайда, қазіргі түсінік бойынша «басқару» ұғымынан «менеджмент» ұғымы кеңірек, өйткені ол адамзат қызметінің әр түріне қолданылады.

Менеджмент (мanage ағылшын тілінде  – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үдерісін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.

Басқару объектілері – биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелері. Әлеуметтік жүйелердің бірі – білім беру жүйесі.

Білім беру менеджментінің негізгі мақсаты — білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тиімділігін арттыру.

Мақсаты:

Білім беру жүйесін Google sheets бағадарламасы   арқылы тиімді ұйымдастыру.

Міндеті:

  1. Google sheets бағадарламасы арқылы  жұмысты жүйелеу.

Күтілетін нәтиже:

1.Жинақталатын  мәлімет нақты болады

  1. Уақыт үнемделеді.

Басқаруды ұйымдастырудың тиімді әдісі

Цифрлы Қазақстан бағдарламасы – озық білім мен құзіреттіліктің бастамасы
Біздің буын керемет уақытта дүниеге келіп, өмір сүріп жатыр деп санаймын. Себебі, біз Тәуелсіз елде туып, еліміздің жыл санап саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда нығайып келе жатқанына куә бола жүріп, оған өз үлесімізді қосу мүмкіндігіне ие болдық.

Осының бәрі – Қазақстанның әлемдік аренада мойындалғанының айқын белгісі. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауы еліміздің әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі деп санаймын.

Жас буын өкілі ретінде, әсіресе, Цифрлы Қазақстан бағдарламасы үшін ерекше қуаныштымын. Себебі, болашақ технологияға байланысты, технологиялық тұрғыда дамуға қол жеткізу басқа салаларға да серпін береді. Сонымен қатар, IT бағдарламалар шығындарды азайтып, уақытты үнемдеуге көмектеседі, адамдар өзара ақпарат, тауар және қызмет түрлерін алмаса алатын болады.

“Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек.

Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты”. Цифрландыру дегеніміз Қазақстанның озық ел атану жолындағы мақсат емес, құрал. Бәсекеге қабілетті болу, өсімді, өнім өндіруді арттыру, міне, осы – мақсат,- деді Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жолдауында.

Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымды дамытуға, адам капиталын жақсартуға, экономика саласын цифрландыруға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталады.
Цифрлы Қазақстан” бағдарламасының 4 негізгі бағыты бар.
Бірінші – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру.

Екінші бағыт– экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны енгізу.

Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру.

Төртінші – IT мамандарды даярлау. Құжаттарды есепке алу, сақтау және медико-психологиялық көмек көрсету бөлімінің басшысы сөз алып, Жолдау біздің еліміздің ширек ғасыр ішіндегі екі жаңғырту үрдісін аяқтап, үшінші, экономикамыздың әлемдік өсімінің лайықты деңгейге жетуін қамтамасыз ететін, жеделдетілген технологиялық жаңғыртылу басымдығына көшуімізді айқындап берді.

Тұтастай алғанда, бағдарламаның басты мақсаты – қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру. Құжатты жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлық xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде.

Бізге тенхнологияларды тек импорттап қана қоймай, оларды барынша дамыта түсу қажет. Бір орында тұралап қалуға болмайды. Бізге бірлесе әрекет ету керек. Цифрландыру барысында біздің университеттер мен зерттеу шаралары байланысты болғаны жөн. Жаңашылдықты қолданып қана қоймай оны тиімді пайдалану арқылы біз бәсекелестікті арттыра аламыз. Ол экономикаға да тиімді, азаматтарымызға да ыңғайлы.

Елбасы: Болашақ жастардың қолында екенін жиі айтады. Қазақстан бүгінде әркімге қай саладан болмасын мол мүмкіндік туғызып отырған ел. Сондықтан цифрлық Қазақстанға қол жеткізу үшін жастарға артар үміт зор, ‒ деді.

Алдымен цифрлы технологиялар не үшін енгізіледі деген сұраққа жауап беріп көрейік. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру. Оның экономикаға әсері қандай болмақ десеңіз:

— Өнеркәсіптік өндірістің автоматизациясы өндірістік шығындарды қысқартуға, тауардың өзіндік құнын төмендетуге, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

— Ірі ІТ-жобаларды жасау және оларды қоғам өмірі мен бизнестің түрлі салаларына енгізу арқылы экономиканың жаңа салаларын дамытады.

— Электронды коммерцияны дамыту тауарлар мен қызметтер ассортиментін дамытады, оларды қолжетімді етеді, сонымен қатар өз тауарларымызды әлемдік нарықта сатуға, сатып алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар цифрлы технологиялар бүгінгі нарықтағы басты көрсеткіштердің бірі — қызмет көрсету сапасын да арттыра алады. Мұны құрметті оқырман, өздеріңіз күнделікті көріп, тіпті пайдаланып жүруіңіз әбден мүмкін. Себебі бұл жүйелер біздің өмірімізге дендеп еніп келеді. Сонымен қызмет көрсету саласындағы басты артықшылықтары:

Уақытты үнемдеу. Азаматтар такси шақырудан бастап, айыппұлдар мен комуналды қызмет ақысын тлеумен қоса өз уақыттарын үнемдей алады.

Білім беру саласында қызметтер сапасын арттыру. Ата-аналар балаларының мектептегі оқу ұлгерімін қадағалай алады. Сондай-ақ азаматтар Интернет арқылы білімдерін жетілдіріп, жаңа машықтарды игере алады (вебинарлар, онлайн курстар).

Денсаулық сақтау саласында қызметтер сапасын арттыру. Әрбір азамат дәрігерге қаралудың ыңғайлы уақытын таңдай алады, сондай-ақ «денсаулығның электронды паспортына» ие болады. Тұрғындар Интернет арқылы сапалы медициналық диагностикадан өте алады.

Халықтың өмір сапасын арттыру. Цифрлік технологиялар қалалық өмірді жақсартуға бағытталған. «Ақылды қалалар» технологиялары азаматтардың өздерін қауіпсіз сезінуге, жайлылықта өмір сүруге және смартфонындағы қосымшалар арқылы өзіне қажетті ақпаратты жылдам әрі оңай алуға көмектеседі.

Мемлекеттік басқару тиімділігін қамтамасыз ету. Цифрлік технологияларды пайдалану мемлекет пен қоғам арасында келесі сұраныстарды қанағаттандыруға бағытталған: тиімділік, ашықтық, кәсібилік.

Бұлардың барлығы цифровизация мүмкіндіктерінің бір шағын бөлігі ғана. Бағдарламада қойылған мақсаттардың барлығына қол жеткізу үшін халықтың жобаны қолдауы әрі кеңінен пайдалануы қажет.

Қазақстанның экономикасының бүгінгі цифровизациясының деңгейі – бұл тосқауыл емес, үлкен қадам жасау мүмкіндігі. Осы арқылы еліміз әлемдік аренада алдыңғы позицияларға шығу мүмкіндігіне ие болмақ. Мұндай амбициялық мақсатқа жету үшін бағдарлама 5 негізгі бағытқа бөлінген:

  • Экономика саласын цифрландыру
  • Цифрландырылған мемлекетке өту
  • Цифрлық Жібек жолын іске асыру
  • Адами капиталды дамыту
  • Инновациялық экожүйені қалыптастыру

Мен соның ішіндегі білім беру ұйымдарында қалай пайдаланамын соған кеңінен тоқталмақпын:

  1. Google sheets бағдарламасын интернет желісі арқылы қосамыз. Тапсырманы орындау үшін ұялы телефондарында Google sheets бағдарламасы жүктеліп, орындайтын адамдар 1 чатқа топтастырылуы керек. Компьютер арқылы gmail.com электронды сайтына кіріп, тіркелу қажет.
  2. Тіркелген соң жеке парақшадағы Қосымша батырмасындағы Дискті таңдаймыз.
  3. Келесі бет ашылғаннан кейін Менің дискім батырмасынан Google кестесін таңдап, Google sheets бағдарламасында керекті мәліметтерді толтыру кестесін құрамыз.
  4. Кесте құрылған соң барлығы өңдей алады деген нұсқаны таңдап алу қажет. Құрылған кестенің сілтемесін кестені толтырушылардың чатына жіберу қажет.
  5. Чатта қанша адам болса соның бәрі бір уақытта кестені толтырып, кестеде мәліметтер бірден жинақталып, түсіп отырады.

Қорытынды

Ұсынылып отырылған әдістемелік құрал Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылымды дамытуға, адам капиталын жақсартуға, экономика саласын цифрландыруға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған. Әдістемелік құрал білім беру жүйесін ұйымдастырудағы басшыларға және орынбасарларына арналған.

Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде, білім беруді ұйымдастыруда көптеген жаңалықтар, өзгерістер бар. Цифрлық Қазақстан бағдарламаның басты мақсаты – қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру. Құжатты жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлық xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде.

Әдістемелік құралдың негізгі ерекшелігі – білім беру жүйесін Google sheets бағдарламасы   арқылы тиімді ұйымдастырудың әдісі толық қарастырылған.

Әдістемелік құралда интернет желісін пайдалану арқылы білім беру жүйесін,  мұғалімдердің жұмысын ұйымдастырутың тиімді жолы байқалады. Google sheets бағдарламасы арқылы білім беру жүйесіндегі басшылар және орынбасарлары жұмыс жасауда уақыттарын тиімді пайдалана отырып, жинақталатын мәліметтерін нақтылай алады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.https://baq.kz/kk/news/zhangirtu_30/tsifrli_kazakstan_bagdarlamasi_4_bagit_boiinsha_zhuzege_asadi20170303_091600

2.Интернет желісі gmail.com

3.Google sheets бағдарламасы

 

Хасенова Лязат Каукеновна

«Х.Мұстафина атындағы мекатеп-лицейі» директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

 

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ