Жақсыдан ғибрат. Сәдуақас Шормановтың өмірі

0
850
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Шорманов Сәдуақас Мұсаұлы — алғашқы қазақ зиялыларының бірі. Қазақ қолжазбалары, оқу ағарту, шаруашылық туралы және Шоқан Уәлихановтың портреті жайында Г.Н. Потанинге жазған хаттары сақталған.

Сәдуақас Шорманов қазақ қолжазбаларын жинаушы, солардың ішінде Абай өлеңдерінің қолжазбасын П.М. Мелиоранскийге тапсырған. Оның «Дала уалаятының газетінде», «Айқапта» қазақ елінщ шаруашылығы, оқу ағарту, мәдениет, тарих, этнография туралы мақалалары басылған.

Бүгінгі таңда жерлесіміз Ү.Сүбханбердинаның ұзақ жылғы ізденушілік жүмыстарының арқасында 1989-1996-жылдар аралығында баспадан шыққан «Дала уалаятының газеті» кітабының бес томдығымен таныс емес оқырмандар кемде-кем болар. Оның шығу тарихына қысқаша тоқталып өтейік.

«Дала уалаятының газеті» 1888 жылдан 1902 жылға дейін Омбыда шығып түрған «Акмолинские областные ведомости» газетіне қосымша ретінде орыс және қазақ тілдерінде жарық көрген. Бұл газет халқымыздың әдебиеті мен мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін қалың жұртқа танытудағы бірден-бір басылым болды. Ол аптасына бір рет шығып тұрған.

Газеттің соңғы саны 1902 жылдың наурыз айында басылып, содан кейін
«Сельскохозяйственный листокқа» айналған. Газетте әр жылдары редактор болғандар И.Козлов, К.Михаилов, Г.Абаза, А.Панов, Д.Лавров газетті қазақша шығару ісін басқарушылар: Ешмұхамед Абылайханов, Дінмұхамет Сұлтанғазин, Рахымжан Дүйсенбаевтар болды.

Төл тарихымызды танып түсінуге себін тигізетін түпнұсқа еңбектердің ішінде Дала уалаяты газетінің алар орны ерекше. Осы газетпен хат алысып, мақалаларын жариялап, араласып жұмыс істеген есімі белгісіз қаншама азаматтарымыздың атын жаңғыртуға болады.

Мәселен, Асылқожа Құрманбаев, Отыншы Әлжанов, Сәдуақас Мұсаұлы Шорманов, Мейрам Жанайдаров, Қорабай Жапанов, Барлыбек Сырттанов, Жақып Ақпаев, Зұқарнайым Шөкеүлы Нүралыханов, Жағыпар Айман және т.б. ;

Осылардың ішінде Баянауылдағы тілшілердің бірі — Сәдуақас Мұсаұлы Шорманов. Бұл газетке жарияланған С.Шормановтың мақала хабарларында қазақ елінің шаруашылығы, оқу-ағарту ісі, мәдени өмірі, әдет-ғұрпы, салт-санасы туралы мағлұматтар аз емес.

Мәселен, оның газет беттерінде «Баянауылдан. Тұрмыс жайында болған хабарлар»,  «Қазақ халқының тұрақты мекендері», «Петерборға барған турасынан» деген мақалалары жарияланған.

С.Шорманов алғашқы «Баянауылдан. Тұрмыс жайында болған хабарларында»: «Дәулетті айтылмыш орындарға бекер жібергенше Томскідегі ашылған медреседе оқуға екі-үш жігітке қаражат шығарып, орын ашылса, Омскідегі гимназияда ғылым бітіргендерден барып оқып шығуға халыққа да, правительствоға да көмек, зор пайда тигізуге себепші болар еді.

Біздер керек қылмасақ та замана керек қылғандай оңданады. Заманның мұнысына қарауға тиістіміз. Мырзалар, ілгері айтылмыш медреселерде оқудың жөніне келмегендеріміз аз да болса шариғат низам. Ол рәсім халықтан білуге ғибрат ету лайық. Мәзкәрларни фил-жұмыла білсек, өзімізге һәм, халқымызға да пайда тигізуге мына себепті болармыз.

Болысынай ол билік не атақтан, санасақ ғадетлі. Ғылым, білім дегенді қоссақ, онан гөрі
атақтырақ болармыз. Фаһимменен пікір айтып қарағанда білімді, ғылымды болғанымыз бек керек», — деп оқу-білім туралы мәселелерді қозғайды.

Ал екінші бір «Қазақ халқының тұрақ мекендері» деген материалында автор: «Бұ күнгі қазақ халқының үш түрлі мекені болады. Жайлау, күзеу һәм қыстау.

Жайлау — жаз күндерінде, мамыр айының басынан шілденің жиырмасына дейін көшіп жүретұғын мекен. Бұ мекендер баршаға бірдей, біреуге меншікті болмайды. Бұрынғы уақыттарда наурыз басынан желтоқсанда ауылына қатар көшіп жүреді екен.

Бұ заманда неше себептен одан аз жүре бастады. Оған басты себептер мыналар: халықтарының өсуінен қысқы мекендеріне сыймағандар жайлауларға қыстау салып һәм границаны сылтау қылып бағзы елдер, ілгері ғасырларша еркімен жүргізбей кейбір жерлерге қала салынып, онан қаймығып, біртүрлі теңсіздік болған.

Жаһұдтарын және де пішендік, егіндерді қыстау тарапында болғандықтан шілденің 20-
нан былай күзеулеріне қайтатын болды. Бұл күзеу деген мекен
әркімнің меншігі. Ұзақ болады. Тамыз, қыркүйек айларында отырады. Қыстаудан ұзақ жерлерде болмайды. Ең алыс болғаны 10-20 шақырымдай болады. «Шаруа көшсе, дұрыс көшсе байыпты» деген мақал бар. Ол уақыттарда қыстау да меншікті болмай, қыс күндерінде қары жұқа, мал өзіменен жеткілікті болып, өнімін таба алғандай бұталы
тау кез болса, малының жайына қыстау қылады екен.

Бұ дәуірлерде өзенді, қопалы көл сияқты ағашты барып, сол жерлерін артық көріп
барады», — деп жазады. Мұнда автор көшпелі қазақ халқының тұрақты мекендері жайлы айтады және қазақ жерінің тарыла бастағанын, тұрмысы, жайлау, күзеу,
қыстау туралы мәліметтер береді.

Ал, соңғы материал «Петерборға барған турасынан» деген мақаласында Нұрекенов Темірғалидың жолсапар әңгімесінде депутаттармен бірге Петербургке барған кезінде көрген-білгендері айтылған. Соңында Петербор туралы автордың өз ой-пікірі жазылған.

С.Шорманов қатысқан екінші бір «Айқап» журналы XX ғасырдың бас кезінде, яғни 1911 жылдың қаңтарынан бастап, 1915 жылдың қыркүйек айына дейін Троицк қаласындағы «Энергия» баспаханасында шығып тұрған. Араб әрпімен теріліп, басында айына бір рет, кейін екі рет шығарылған. «Айқап» журналы кезінде халқымыздың әлеуметтік,
саяси өмірінде, әдебиетіміз бен мәдениетімізді насихаттап таратуда
елеулі рөл атқарған басылым.

Журналдың шығарушысы да, редакторы да белгілі жазушы, журналист М.Сералин болған. «Айқап» журналы осылай аталуының себебі мен алдағы мақсаты
туралы 1911 жылғы ІІ-санында бастырушылар алқасының атынан былайша түсінік береді: «Айқап» деген сөз қазақтың төл сөзі, ол ғасыр бойы мәдениеттен, білімнен кенже қалған бүкіл қазақ халқынын өкініші ретінде алынды. «Ай-қап!» деп санымызды соқтық, енді ел қатарына қосылайық деген үнді білдіреді.

Бір сөзбен айтсақ, «Айқап» журналы шаруашылық мәселесі, шаруашылық хабарлары, мемлекет және право, сайлау хабары, әйел теңдігі туралы, жер, оқу-ағарту, тіл мен әдебиет, көркем әдебиет, оқу-оқыту және емле, ішкі-сыртқы хабарлар, бостандық, теңдік сияқты басқа да маңызды деген мәселелерді қара халыққа таныстыруға тырысты.

Бұл журналда Сәдуақас Шормановтың да «Шаруашылық жайынан хабарлар» деген айдар бойынша біраз мақала, хабарлары жарияланды.

Мәселен, «Баянауыл жайы»  мақаласында Павлодар уезі, Баянауыл жерінің халқы, шаруашылығы, оқу-ағарту мәселесі сөз болады. С.Шормановтың келесі бір еңбектері «Баянауылдан» , «Шөлді сулау»  деп аталады. Алғашқысында елдің тұрмыс-халі, шаруашылығы туралы жазылса, соңғысында Ферғана маңындағы сусыз жерлерге арық қазып, суландырып, мақта егісіне пайдаланғаны мысалға келтіріліп, қазақтың шөлді жерлерін пайдалану мәселесі көтерілген.

Сондай-ақ оның журнал беттерінде «Ішкі хабарлар» айдарымен де біраз материалдары басылған. Осылардың бірі «Баянауыл жайынан» деп аталады. Мұнда жер, отырықшылық, оку-ағарту мәселелері сөз болады. Автор осы мақаласында жер мәселесі туралы: «Павлодар уезі бұрын екі учаскеге бөлініп, бірінші учаскесі уақ, бәсентиін, найман елдері еді.

Кейбіреулері бұрыннан екі жақ, арнасында, Баянауыл станциясы маңайындағы бұрынғы екінші учаске аталған Мейрамсопы балаларының бірі Сүйіндік елі бұл жолы бесінші учаске аталып қалды», — деп жазса, ал отырықшылық туралы: «Бұл елдердің қыс болса Баянауыл, Далба тауларында қыстап, жаз болса Ащы, Шідерті, Өлеңті басып, Аюлы, Нияз, Ереймен тауларынан асып, Есіл өзенін жайлап, сол таулардың құбыла жағына биелерін байлап, дүние-ақиреттен хабарсыз көшіп-қонып жүргеніне ұзақ уақыт озған жоқ. Көшіп жүру қанына, жанына сіңіп қалған жұрт қанша көшіп-қонуды қалдырайын десе де қалу белгілері көріне бастады.

Жерлері отырықшылыққа ұнамсыз болса да отырмай шара жоқ деп ойлаушылардан қала болып отыруға арыз бергендер де болды. Қазақтың қимайтыны көкорай шалғын, тұнық су еді. Енді оларды түсінде көрмесе, өңінде көру мерзімі озған. Жасаған
бау-бақшаны көруге жазсын. Тарих кітаптарына көз салынса көрінбейді, жұрт өспек, жер тарылмақ, қыстақ салмақ, сонан соң қала Шәһар болмақ. Бізге де осы құдайдың бұйрығына бойсұнып, көшпенділікті тастап, отырықшы болу мезгілі жеткен жоқ па?!

Отырықшы жұрттардың тіршілігіне қарасақ, олар бізден әлденеше қабат жоғары. Енді біздің отырықшылықтан бұл қорқуымыз,өнерден-білімнен қорқу болмай ма?!», — дей келе Сәдуақас Шорманов одан әрі оқу туралы: «Біздің кейбір ескі ойлы адамдарымыз төте оқудан қорқады. Бір шәһарға екі жол болса, қай төтесімен барамыз.

Бұл үйрену жолы да «білім» жеріне баратұғын жолдар. Не үшін төтесімен бармаймыз», — деп жазады да одан әрі: «Бір қазақ мырзасына айттым: «Мына қазақша журнал шықты. Жұрт пайдасын ойлағандар сіз бен біз оқып, білімді болсын, жақсы іске кіріссін дейді. Біз екі-үш теңгені ауырлаймыз, бір өліп қалған малдың терісі. Олар біз үшін,
жұрт үшін барлық байлығын салады. Бізге оның қадірін біліп, жәрдемдес дейді емес пе? — деп.

Бұл мырза өзі сайлау жолына 20-30 мың жұмсаған еді. Ол маған «Ақша жоқ қой, болса, сіз айтқан соң аяймыз ба?» — деп жауап берді. Міне, партия үшін отыз мың ауыр емес, журнал үшін үш теңге үлкен ауыр. Міне, қандай біздерді қаптап тұрған
қараңғылық» деп өз басынан өткен оқиғаны да баяндайды

Дереккөз: Бір туар дара тұлғалар, Қ.М. Алдабергенов, Е.М. Арын, Б.Т. Баткеева

Басқа материалдар:

  1. Торайғыр би өмірінен деректер
  2. Қарадан шығып хан болған — Шоң мен Шорман би туралы
  3. Ел мен жердің намысын қорғап қалған батырлар (Қалқаман батыр, Сәти батыр, Сүйіндік батыр, Бөкенбай батыр, Шотана батыр)
  4.  Қара қылды қақ жарған (Айдабол, Едіге би)
  5. Шорман бидің өмірі туралы
  6. Әке жолын қуған ұл. Мұса Шорманов туралы
  7. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы
  8. Зейін Шашкиннің өмірі туралы очерк
  9. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  10. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  11. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ