«Жалпы медицина» маманының қызметі қандай?

0
1065
Иллюстрация: Freepik.com

Таңдау пәндері: биология + химия

Оқу ұзақтығы: 5 жыл (бакалавр), 5+2 жыл (cпециалист)

Болашақ дәрігерлер университетте 7 жылдан астам уақыт білім алады. Алайда толыққанды жұмыс жасау үшін бұл жеткіліксіз. Специализация кейінірек интернатура мен ординатурада өтеді. Медиктердің оқу жоспары өте тығыз әрі қиын. Олар ондаған медициналық дисциплиналардан өтеді.

«Жалпы медицина» мамандығы өте ауқымды салалардан тұрғандықтан, болашақ студент 40-тан астам кафедраның біреуін таңдауға тиіс болады.

Сәйкесінше, кафедраға байланысты 4-5 курстардан бастап практика жүргізіле бастайды.

Дәрігердің басты мақсаты — диагностикадан өткізіп, дерттің алдын-алу, емдеу. Медиктер ауруханаларда, кәсіпорындардың арнайы медициналық кабинеттерінде, стационарларда жұмыс жасайды.

Жақсы дәрігерлерді пациенттер әрдайым мақтан тұтып, алғысын білдіреді. Профессияның ең басты қиыншылығы — өте үлкен жауапкершілікті талап етуі. Адам өмірі қыл үстінде тұрғанда жіберілген бір болмашы қателік қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Сондықтан тек профессионалдық дағдылар ғана емес, адами қасиеттер де маңызды: дер кезде шешім қабылдай білу, өз-өзіңе сенімділік.

Мемлекеттік және жеке меншік поликлиникаларда сапалы мамандардың жетіспеушілігі байқалады.

Дәрігер мамандығы ешқашан сұраныссыз қалған емес. Алайда сапалы білім мен профессионалдық қасиеттерді талап етеді.

Оқу орындары:

«Астана» медицина академиясы

Астана мемлекеттік медицина академиясы — Яндекс.Карталар

Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университеті

Университет тарихы - ҚазҰМУ

Семей мемлекеттік медицина академиясы

Семей медицина университеті» КеАҚ

Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы

Университет туралы

Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады! - Білім, ғылым, мәдениет -

Басқа материалдар:

  1. Сұранысқа ие Топ-6 мамандық тізімі
  2. Қыздарға арналған мамандықтар тізімі
  3. IT саласындағы мамандықтар атауы
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ