Жердің құрылысы (сабақ жоспары)

0
2025

Мақсаты:
А) Оқушыларға жердің сыртқы және ішкі құрылысы туралы жалпы түсінік бере отырып,
жер қабықтары туралы негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды меңгерту;

Ә)Жеке тұлғаны дамыта отырып, оқу материалдарынан ең бастысын, мазмұнын ажырату, танымдық қызығушылықтарын дамыту;

Б) Топпен жұмыс жасауға, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу;

Әдісі: топпен жұмыс, сұрақ – жауап, ой қозғау, картамен жұмыс.

  1. Брейн-ринг: «Физика және география» (сабақтын тыс шара)
  2. Географиядан аттестация сұрақтары жауабымен
  3. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы

Түрі: жаңа сабақты меңгерту

Пәнаралық байланыс: математика, астрономия, әдебиет, химия.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, жарты шарлар картасы, глобус.

Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасы
Ой қозғау?
Кім тапқыр?

Жаңа сабақ
Географиялық диктант
«Адасқан обьектілер» ойыны
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма
Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуларын қадағалап, белгілеу.
Назарларын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасы

3. Ой қозғау. Оқушылар, біз «план және карта» тарауында қандай жаңа сөздермен таныс болдық. Кәне, есімізге түсіріп көрейікші. Мысалы масштаб, бергштрих, азимут, горизонталь, меридиан дегеніміз не, кім айтады?

Қайталау сұрақтары

1.Жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген сызба бейнесі (ПЛАН, КАРТА)

2.Жер бетіндегі заттар масштаб бойынша кішірейтіліп бейнеленеді (план ,карта)

3.Шартты белгілер қолданылады (план, карта)

4.Өте ірі масштабта сызылады (план)

5. Жер бетіндегі заттар егжей- тегжейлі көрсетіледі (план)

6. Ұсақ масштабта сызылады (карта)

7.Меридиандар мен параллельдер міндетті түрде сызылады (карта)

8. Жер беті әлденеше миллиондаған есе кішірейтіліп түсіріледі (карта)

9.Жер шарының дөңестігі ескерілмей,жер беті жазық деп есептеледі (план)

10.Жердің шар тәріздес пішіні есепке алынады (карта)

Сергіту сәті арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.
Жаханның жерін, суын, жәндіктерін,
Іші кең бәрін салса толмайтұғын. (жер)

Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасақ егерде,
Барша тіршілік қурайды.
Бұл не? (су)

4. Cыныпты 3 топқа бөліп отырғызу

5. Жаңа сабақ( Мұғалім өзі ашып түсіндіру)

Балалар, біз жердің пайда болуын білеміз бе? Жердің шар тәрізді екенін грек ойшылы
Пифагор айтқан. Ал 17 ғасырда И. Ньютон жер шар тәрізді деген қорытынды жасады.Күннен қашықтығы 150 млн км.

Күнді айналу ұзақтығы – 365 тәулік, 6 сағат, табиғи серігі – ай екен. Олай болса, біз бүгінгі сабақта жердің құрылысы жайлы білетін боламыз. Халық айтқан 7 қабат жерасты барма екен бүгінгі сабақтан білетін боламыз.

Жердің сыртқы құрылысы. Ауа-жер шарын қалың қабат ретінде ең сыртынан қоршап тұрады. Оны – атмосфера деп  атайды.

«Атмосфера»- грекше «атмос»- су, «сфера»- шар. Ауа жерді үздіксіз, біртұтас қабық
ретінде қоршап жатыр Жер бетін біртұтас жауып жататын – су қабығы. Оны – гидросфера, яғни, жердің су қабығы деп атайды. Жер бетінің жалпы көлемінің 2/3-сі судың үлесіне тиеді.

Гидросфера құрамы. Мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, жер асты суы, батпақтар, мұздықтар.

Тіршіліктің таралған ортасы. Жердің ішкі құрылысы ( видео көрсету және 3 топқа тапсырма беру )

Литосфера Мантия Ядро

1.Жер қыртысы мен мантияның жоғарғы кристалдық тау жыныстарынан тұратын қабатты — литосфера деп атайды.«Литосфера» — латынша «литос» — тас, «сфера» — шар деген мағына береді.

Ғалымдар температура мантияның жоғарғы бетінде +100, +150 °С- тан, ал төменгі
шекарасында +3800° С-қа дейін баратын болуы керек деп болжайды. Сондықтан литосфераның астыңғы қабатындағы тау жыныстары қоймалжың затқа айналады.

Жер қыртысынан әрі шамамен 2900 шқ тереңдікте мантия орналасқан. Мантия – латынша «мантия» — шапан, жамылғы деген мағынаны білдіреді.Жердің ең орталық өзегін ядро алып жатыр.

Оның радиусы – 3500 шқ шамасында. Ядро құрамы темір мен никельден тұрады. Ядроның сыртқы бөлігі балқыған күйде, ішкі бөлігі қатты заттан тұратын болуы керек.

6. 1 топқа. Деңгейлік тапсырма

Бірінші тапсырма. Географиялық диктант
Жауабын «иә» және «жоқ» деген сөздермен белгілеңдер.

1 . Ауа Жер шарын ең сыртынан қоршап тұрады.
2. Ғарыштан қараған адам жер бетінің көбін құрлық алып жатқанын көреді.
3. Су жер бетінің 2/3-і үлесін алып жатыр.

Екінші тапсырма . Сәйкестігін тап
A. Жер қыртысы                   a. темір мен никельден тұрады
B. Ядро                                e.жамылғы деген сөз
C. Мантия                             f.жердің ең сыртқы қабаты

Үшінші тапсырма
Ядроның радиусы қанша.?

2 топқа. Деңгейлік тапсырма
Бірінші тапсырма. Географиялық диктант
Жауабын «иә» және «жоқ» деген сөздермен белгілеңдер.

1. Ауаның 78%-н азот құрайды.
2. Биосфера оқшау қабық құрайды.
3. Жер қыртысы мен мантияның жоғарғы қабаты литосфера деп аталады.

Екінші тапсырма.Сәйкестігін тап.
А.Атмосфера             а.жердің тіршілік қабығы
В.Биосфера               е.жердің су қабығы
С.Гидросфера            f.жердің ауа қабаты

Үшінші тапсырма.
Мантияның төменгі шекарасының температурасы қанша?

3 топқа. Деңгейлік тапсырма
Бірінші тапсырма. Географиялық диктант
Жауабын «иә» және «жоқ» деген сөздермен белгілеңдер.

1. Гидросфера тіршілік ортасы болып табылады.
2. Жердің ішкі құрылысы: гидросфера, мантия, ядродан тұрады.
3.Жер қыртысында ұдайы тау түзілу қозғалыстары жүріп жатады.

Екінші тапсырма. Сәйкестігін тап.
Материктік жер қыртысы
А.Таулардағы қалыңдық        а.5-10км
В.Мұхиттарда                         е.30-40км
С.Жазықтарда                        f.70-80км

Үшінші тапсырма.
Мантия шамамен неше км тереңдікте орналасқан?

7. Сабақты қорытындылау.

Ой толғаныс. Бүгінгі сабақтан алған, білген материалдарына қорытынды жасау.

8. Үйге тапсырма беру: § 18 оқу. 53-54 бет. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

9. Оқушыларды бағалау.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ