Қазақстан тарихының сабағынан жетіншы сыныпқа арналған тест

1
17159
Қазақстан тарихының сабағынан жетіншы сыныпқа арналған тест
 
ХІІІ ғасырға дейін «қазақ» атауының қолданып келген мағынасы:
А) Еркін адамдар
В) Жауынгерлер
С) Көшпелілер
D) Бақташылар
Е) Егіншілер
Дұрыс жауап: А
 
Қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар өздерінің ен-таңбаларын салған жартас:
А) Жетісу
В) Таңбалы Нұра
С) Алтын Орда
D) Арыстан баб кесенесі
Е) Ноғай Ордасы
Дұрыс жауап: B
 
«Алаш» сөзін жиі кездестіретін қазақ халқының аңызы:
А) «Жошы ханның жортуылы»
В) «Қорқыт ата»
С) «Алаша хан»
D) «Оғызнама»
Е) «Ақсақ құлан»
Дұрыс жауап: C
 
«Қазақ халқының жүзге бөлінуі, қазақ мемлекеті құрылғаннан кейінгі кезде өз жерін қорғау қажеттілігінен туған»-деп жазған қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы:
А) М.Дулатов
В) Ш.Құдайбердиев
С) А.Құнанбаев
D) Ш.Уәлиханов
Е) Б.Көмеков
Дұрыс жауап: D
 
Қазақ халқының құрылымына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болған уақыт:
А) XIV ғасырдың ІІ жартысында
В) XIV ғасырда
С) XV ғасырда
D) XV ғасырдың І жартысында
Е) XV ғасырдың ІІ жартысы
Дұрыс жауап: E
 
Қазақтың халық болып құрылуына әсер еткен біріккен этникалық топ:
А) қыпшақтар тайпалар одағы және үйсін тайпалар одағы
В) сарматтар тайпалар одағы және үйсіндер тайпалар одағы
С) дулаттар тайпалар одағы және қыпшақтар тайпалар одағы
D) қаңлылар тайпалар одағы және дулаттар тайпалар одағы
Е) үйсіндер тайпалар одағы және қаңлылар тайпалар одағы
Дұрыс жауап: A
 
Жәнібек, Керей хандарымен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы:
А) қазақ-қырғыз
В) өзбек-қазақтар
С) қырғыздар
D) қыпшақтар
Е) еркін кезбелер
Дұрыс жауап: B
 
Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «қазақ» сөзінің мағынасы:
А) зор, күшті, көшпелі
В) еркін, азат, алып
С) мықты, берік, алып
D) көшпелі, алып, еркін
Е) күшті, еркін, мықты
Дұрыс жауап: C
 
«Қазақ» сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр:
А) XVII ғасыр
В) XVI ғасыр
С) XVIII ғасыр
D) XIV ғасыр
Е) XV ғасыр
Дұрыс жауап: D
 
«Үш жүз» аңызы бойынша қазақ халқы ру-тайпаларының өз таңбаларын салған жері:
А) Таңбалы Еділ
В) Таңбалы Есіл
С) Алтын Орда
D) Ноғай Ордасы
Е) Таңбалы Нұра
Дұрыс жауап: E
 
Қазақ халқының, жүздерінің пайда болуы туралы айтылған аңыз:
А) Алаша хан
В) Қорқыт ата
С) Алпамыс жыры
D) Оғызнама
Е) Алаш жыры
Дұрыс жауап: A
 
Қазақ мемлекеті құрылғаннан кейінгі кезде қазақ халқының жүзге бөліну себебі: 
А) Топтасып өмір сүру үшін
В) Басқару тиімділігінен
С) Өз жерін қорғау үшін
D) Өз ішіндегі келіспеушіліктерден
Е) Ымырластықтың болмауынан
Дұрыс жауап: C
 
«Қазақ жүздерінің құрылу себебі, олар (қазақтар) көшіп-қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған. Ол одақ – қазақ жүздері»-деп жазған ағартушы ғалым: 
А) А.Құнанбаев
В) Ш.Құдайбердиев
С) М.Дулатов
D) Ш.Уәлиханов
Е) М.Жұмабаев
Дұрыс жауап: D
 
Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың XV ғасырдың басындағы басқа хандықтарға ауа көшуінің басты мақсаттары:
А) Малдың қамы үшін
В) Билікке, таласқа тойтарыс беру үшін
С) Хандықты тарату үшін
D) Басқа елде би болу үшін
Е) Ру-тайпалармен бірігу, тыныштықта өмір сүру үшін
Дұрыс жауап: E
 
XV ғасырда қыпшақ, қаңлы, арғын, қоңырат, дулат т.б. қазақ рулары мен тайпаларының өкілдері өмір сүрген жер:
А) Түркістан аймағы
В) Тараз аймағы
С) Отырар аймағы
D) Ақмешіт аймағы
Е) Сайрам аймағы
Дұрыс жауап: A
 
Орталық, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік-шығыс Қазақстан үйсіндер одағының бірігу нәтижесінде құрылған халық:
А) Өзбек
В) Қазақ
С) Өзбек-қазақ
D) Татар
Е) Түрік
Дұрыс жауап: B
 
Сырдарияның орта бойындағы оғыздар мен қыпшақтардың арасындағы өзара байланыс басталған ғасыр:
А) ХІІ ғасыр
В) ХІ ғасыр
С) Х ғасыр
D) ІХ ғасыр
Е) ХІІІ ғасыр
Дұрыс жауап: C
 
XIII ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің сөздігінің атауы:
А) Өзбек-қазақ
В) Араб сөздігі
С) Өзбек-қыпшақ
D) Араб-қыпшақ
Е) Араб-өзбек
Дұрыс жауап: D
 
««Қазақ» сөзі хорасан түркімендері арасында этникалық сипатта қолданылған тәрізді»-деп жазған тарихшы:
А) М.Қозыбаев
В) Рузбихан
С) Ә.Марғұлан
D) К.Ақышев
Е) Б.Е.Көмеков
Дұрыс жауап: E
 
XIII ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб-қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне берілген түсіндірме:
А) Еркін, кезбе
В) Мықты, берік
С) Алып, күшті
D) Еркін, берік
Е) Мықты, күшті
Дұрыс жауап: A
 
IX-X ғасырлар аралығында алғаш рет айтылған қазақ халқының ұраны:
А) Аттан
В) Алаш
С) Аруақ
D) Абылай
Е) Тәңір
Дұрыс жауап: B
 
Алғашқы кезде «қазақ» атауының орнына қолданылған сөз:
А) Қыпшақ
В) Өзбек
С) Алаш
D) Үйсін
Е) Түрік
Дұрыс жауап: C
 
ІХ-Х ғасырларды «қазақ» атауы әлеуметтік мағынада қолданылған жер:
А) Жетісуда
В) Түркістанда
С) Египетте
D) Шығыс Дешті Қыпшақта
Е) Алтын Ордада
Дұрыс жауап: D
 
Өзбек ұлысында (XV ғ.) үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көбі ержүректері екені жайлы хабар айтқан:
А) В.Рубрук
В) Ш.Уәлиханов
С) М.Дулатов
D) Б.Е.Көмеков
Е) Рузбихан
Дұрыс жауап: E

1 ПІКІР

  1. Көп көп рахмет көптеген сұрағыма жауап алдым .
    Өте тамаша сайт .????

ПІКІР ҚАЛДЫРУ