Журналистика туралы қызықты 3 фильм

0
1308
Иллюстрация: Freepik.com
Бұл фильмдерді журналистика мамандығын таңдаған әрбір адам көруі керек. Себебі, кино арқылы осы мамандықтың қызығы мен шыжығын көріп, тәжірибе жинауға болады. 
В центре внимания

Жанры: драма.

Биография. 2015 жылы жарық көрген фильм журналистік зерттеу жанрына негізделген. Фильм журналист қызметінің қоғамдағы маңыздылығын көрсетеді.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері таба алмаған қанша жылдық қылмысты әшкерелейді. Журналистке қажетті қырларды анық байқауға болады. Айтпақшы, фильм Оскар сыйлығымен марапатталған.

Спотлайт": Фильм, который получил Оскар и всех удивил – Lustrum

Ничего, кроме правды, 2008 ж.

Жанр: Триллер/Драма.

Фильм бір мақалаға бола қиындық көрген журналист әйел туралы. Ақпараттың қайнар көзі болған кісінің өтініші бойынша оның есімін айтпай құпия ұстауынан проблема өршей түседі.

Фильмнің сюжеті ҚР БАҚ туралы заңының «Журналистің міндеттері» 21-бап 3 тармағындағы: ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтiнiштердi қанағаттандыруға негізделген. Бірақ онда АҚШ БАҚ туралы заңы ортаға шығады.


Стрингер, 2014 ж.

Жанр: Драма/Триллер.

Сөздің мағынасына үңілсек, стрингер — штаттан тыс, қанды оқиға орнынан ақпарат жинайтын журналист. Қол жеткізген ақпаратын агенттіктерге сатып, пайда табады.

Мұндай бағыт Қазақстанда, әрине, дамымаған.Сонымен, фильм, жоқшылықтан құтылуға ұмтылып, журналистика әлеміне келген кейіпкер туралы. Бұл фильм арқылы, журналистика әлеміне оқыған адам ғана емес, жүрек жұтқан адам да келетініне;

Қазір ақпарат порталдары рейтинг жинау үшін жазатын суицид, қылмыс, атыс-шабыстардың тв-дағы рөлі, неліктен дәл сол ақпаратты беруге бәрінің құмартатынына көз жеткізуге болады. Фильм мықты сценарийі үшін Оскар номинациясына ие болған.

Стрингер – смотреть онлайн – КиноПоиск

Басқа материалдар:

Университет жайлы ТОП-5 фильм

Ой-өрісті кеңейтетін 235 деректі фильм

Мотивация беретін топ-5 фильм

Ұлы адамдар туралы 5 фильм


ПІКІР ҚАЛДЫРУ