Миф-әдебиеттің бастауы

0
985
Иллюстрация: Freepik.com

Мифтер – бес сезімнің арғы жағында жатқанды суреттейтін жазба тарихтың бастауына дейінгі оқиғалар.

Миф – әдебиеттің бастауы, оның қайнар көзі әрі шабыт берушісі. Қазіргі әлем әдебиетінде магиялық реализм, фэнтези сияқты жанрлардың пайда болып, оқырманның талғамына әсер етуі де — мифтің сарқылмас қуаты.

Ойлаңыздаршы, Еуропа халықтарының аңыздарын жинап жүріп, байқаусызда фэнтези әлемін жасап шыққан Толкиен де, елінің мұңы мен мұқтажын, танымы мен дәстүрін жырлап жүріп, абайсызда Нобель алған Маркес те халық аузындағы мифтерден шабыттанған.

Қазақ әдебиетінің мифтермен байланысы жоқ сияқты. Ондай байланыс жоғалған я ешқашан болмағандай. Содан да Алпамыс сияқты алты күнде алты жасқа тола салатын; көтергенде тауды бір-ақ қопара қоятын; желмен жарысып жүгіріп кететін кейіпкерлер жоқтың қасы. Өйткені, қазақ әдебиетіне «соцреализм» бәле боп жабысты ғой деймін. Бір әннің әншісі, бір рөлдің актері дегендей, қазақ әдебиеті де бір жанрдың әдебиеті секілді көрінеді.

Ал қазақ мифтерінен фэнтези әлем құрастыруға ештеңе кедергі емес қой. Ондағы кейіпкерлер де сұранып тұрғандай.

Мифтерді жүйелеуге тырысқан бірнеше еңбек бар екен. Қиялды ұштап, таным шеңберін кеңейту үшін соларды тізіп көрсек.

1. Хорхе Луис Борхес. «Ойдан шығарылған мақұлықтар кітабы»

Борхес өзіне тән ыждахатпен көне әдебиет және аңыздарда кездесетін ойдан шығарылған кейіпкерлерді тізіп шығыпты. Бұл кітапта эльфтер, сфинкстер, симургтер, сциллалар, василисктер – бәрі бар. Бәрі жүйеленген, алғаш рет қайда кездескені туралы анықтамасы да жазылған. Бұны ХХІ ғасыр авторларының культ кітабы деуге келіп қалды.

2. Серікбол Қондыбай. «Қазақ мифологиясына кіріспе»

Желмаяның қанаты бар екенін білдіңіз бе? Диюлар туралы тек ертегілерден естіген шығарсыз? Ал Серікбол Қондыбай қазақ аңыздарындағы сол кейіпкерлердің бәрін жүйелеп, анықтамасын келтіріп, алфавит бойынша рет-ретімен жазып та қойыпты. Содан да Қондыбайды қазақ мифологиясының атасы деу керек. Бұны ХХІ ғасырдағы жас қазақ авторларының культ кітабы болсын дейік.

Миф – бұрынғылардың өміріне мән сыйлаған нанымдар жиынтығы. Ал қазір жасампаздыққа шабыттандыратын киелі құдыққа айналды. Кейде сол киелі құдықтың суынан дәм татқың-ақ келеді.

Басқа материалдар:

  1. Шығарманы талдай отырып, әдеби сын және эссе жазу
  2. Эссе жазу үлгісі
  3. Сұл­та­нә­лі Бал­ға­ба­ев­ қандай шығармаларды дүниеге әкелді?
  4. «Қы­зыл кі­тап» поэмасының идеясы мен мазмұны
  5. Қадыр Мырза Әли шығармаларының тақырыбы қандай?
  6. Ерболат Әбікенұлының өмірі мен шығармашылығы
  7. «Өмірзая» романының сюжеті туралы
  8. Жарасқан Әбдірашев қаламынан қандай шығармалар туындады?
  9. «Атау-кере» ро­ма­ны («Қау­іп­ті бу­дан») туралы
  10. Оралхан Бөкейдің шығармашылық әлемі қандай?
  11. Талас­бек Әсем­құ­лов­тың өмірі туралы мәлімет

ПІКІР ҚАЛДЫРУ