Эссе жазудың оңай жолдары

0
2011

Эссені əрқайсымыз жаза аламыз. Бастапқыда қиын көрінгенімен, үйренуге болады. Университетте əлі талай эссе жазуға тура келетіндіктен, қазірден бейімделгенің жақсы.

Эссе түрлі салада жазылады. Философия, тарих, əдебиет, саясат, т.б. Автор эсседе жеке көзқарасын білдіреді жəне шығарма мен эссе екі бөлек нəрсе. Эссенің көлемі шектеулі, тақырыбы еркін. Əрі бірінші жақтан жазылады.

Сонымен, эссе жазарда..

 Тақырыпты ойлан. «Тақырып туралы не білесің, не ойлайсың, осы туралы жазғанда тезистік пікір шығады» депті бір кісі. Тезис — эссенің «құлақ күйі». Кіріспеде проблеманы анықтауың қажет. Тым ұзатпа.

 Тақырыпты дамыт. Тезистік пікіріңді дəлелдеу үшін түрлі теория, факт, болжау, идея, теңеу, сұрақ қою, т.б. секілді ақпаратарды қолдануыңа болады. Көзқарасыңды жеткізу үшін бар біліміңді пайдалан. Екі-үш абзацты төңіректе. Бұл «негізгі бөлім» аталады, өзектісі де осы.

Тақырыпты түйінде. Бар жазғаныңды қорытындылай білу маңызды. Негізгі бөлімде ананы да мынаны да айтып алып, «арғысын өздерің біліңдер» деп тастап кетіп жүрме. Қисынын тауып, нүктесін қой.

Эссенің тұздықтары:

  • жеке көзқарас;
  • фактілі дəлелдер;
  •  теоретикалық негіздеме;
  •  терминдер;
  •  цитаталар;
  •  əртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
  •  логикалық заңдылық;
  •  сауаттылық (пункт., орфогр.);
  •  Юмор, сарказм;
  • қолд. ғылыми еңбектерге сілтеме.

    Эссенің кемшіліктері:
  • Проблеманың ашылмауы (тақырып со күйі түсініксіз қалды);
  • Автордың жеке позициясы көрінбейді;
  • Теоретикалық негіздемесі жоқ;
  • Терминдерді орынсыз қолдану;
  • Тым қарабайыр;
  • Диалект, сленг, жаргон сөздерге толы;
  • Логика жоқ, қисынсыз қорытынды;Шабыт болмаса, ештеңе ойламай, тоқтамастан жазып таста. Бір сағаттан кейін қайтадан оқы. Жазудан түзету оңайырақ. Одан кейін жазғаныңды дауыстап оқы. Тіреліп, оқуға қиналған тұсын түзет.

    Эссені қинау үшін жазғызбайды. Ой-пікіріңді сауатты жазып жеткізе алу өзіңе керек. Осылай сыни ойлау қабілетің қалыптасады. Ал қазір сыни ойлай білмесең, жұрт соңында қалдың деген сөз.

Басқа материалдар:

  1. Шығарманы талдай отырып, әдеби сын және эссе жазу
  2. Эссе жазу үлгісі
  3. Сұл­та­нә­лі Бал­ға­ба­ев­ қандай шығармаларды дүниеге әкелді?
  4. «Қы­зыл кі­тап» поэмасының идеясы мен мазмұны
  5. Қадыр Мырза Әли шығармаларының тақырыбы қандай?
  6. Ерболат Әбікенұлының өмірі мен шығармашылығы
  7. «Өмірзая» романының сюжеті туралы
  8. Жарасқан Әбдірашев қаламынан қандай шығармалар туындады?
  9. «Атау-кере» ро­ма­ны («Қау­іп­ті бу­дан») туралы
  10. Оралхан Бөкейдің шығармашылық әлемі қандай?
  11. Талас­бек Әсем­құ­лов­тың өмірі туралы мәлімет

ПІКІР ҚАЛДЫРУ