Мотивация беретін топ-5 фильм

0
3490
Иллюстрация: Freepik.com

Адамға кей жағдайда қандай да бір  іспен  айналысу  үшін  немесе  мақсатқа  жету үшін  мотивация  керек . Кейде  пенде болған  соң  өмірге деген құлшыныс артпай, өмір  қызық емес болып көрінуі мүмкін. 

Осы сәтте шабыттандыратын кино көруге кеңес береміз. Мағынасы бар фильмдер сізге тек мотивация ғана емес, қандай да бір идея береді.

1. Дангал

2016 жылы түсірілген үнді туындыларының бірі. Спортты сүйетін адамдарға өте әсерлі фильм. Сонымен қатар, қазіргі ең өзекті мәселе  – феминизм, әйел теңдігі  туралы айтылады.

Дангал қазақ тілінде «Күресу» деген мағына береді. Басты рөлдегі Махавира Сингха Пхогата жастайынан күреске  әуес болады. Алайда отбасы мен ақша мәселесіне байланысты күресті тастап кетеді. Оның арманы елінің туын желбіретіп,алтын медаль алып беру болатын.Бірақ , ол бұл арманын орындай алмаған соң, болашақта ұлымды күреске баулып, еліме қалайда алтын белгі аламын деп ант етеді.

Алланың жазғаны сол шығар оның ұлы емес төрт бірдей қызы болады. Махавира Сингх қыздың өмірі тек қазан-ошақтың қасы емес, одан да үлкен белестерді бағындыруға болатынын көрсетеді. Ол қыздарын жастайынан спортқа баулып, үлкен жетістіктерге қол жеткізіп елінің туын асқақтатады. Фильмде тек шаршы алаңда күресу ғана емес, өз-өзіңмен күресуді,жеңіс пен қатар жеңіліс те бірге жүретінін үйретеді. Алайда сол жеңілістерге мойымай өзіңе сеніп,тек алға ұмтылуды көрсетеді.

Дангал» — самый прибыльный фильм в истории Болливуда :: Новости Болливуда :: Официальный сайт ZEE TV Россия

2. В погоне за счатьем (Бақыт жолында)

Бақыт жолында – бұл фильмді көп адам көрген болар. Алайда көрмеген болсаңыздар міндетті түрде көруге кеңес беремін.

Шынайы өмірден алынған мотивацияға толы, өте әсерлі фильм. Фильмнің қысқаша сипаттамасы: Крис Гарднердің ұлы ғана бар, үйі де, жұмысы да ештеңесі жоқ. Ол ештеңеге қарамастан ұлы үшін, арманы мен мақсаты үшін барлығына да барады. Крис үшін мотивация оның —  ұлы.

Мақсатына жетер жолда қанша кедергілерден құласа да, қиындықтарға мойымады. Ол бақыт жолында көп қиыншылық көретінін біле тұра, барлығына тәуекел етті. Тәуекел етіп, ешқашан мойымаған адам әрқашан жеңіске жетеді.

Лучшие цитаты из фильма «В погоне за счастьем» - PEOPLETALK

3. Капернаум

12 жасар баланың басынан өткен оқиғасы айтылады. Фильмнің сюжеті өмірден алынған ,адамға ой салады. Кейде біздің басымызда болып жатқан мәселе кейіпкердің көрген қиыншылығының қасында түк еместей көрінеді.

Фильмнің қысқаша сипаттамасы: 12 жасар Зейн көп балалы , жағдайы нашар отбасында дүниеге келеді. Ата-анасының жауапкершілігі болмағасын,Зейн бар ауыртпашылықты өз мойнына алады. Кішкентайынан дүкендерде зат тасып, қайыршылықпен айналысып үйіне ақша әкеледі.

Қиындықтан қажыған кішкентай бала Швецияға кетуге документтер дайындайды. Алайда оның жоспары орындалмай , өмірі түбегейлі өзгереді.Бұл фильм қанша сағың сынса да,өмірден түңілмеуді,барға қанағат,жоққа тәубе етуді үйретеді.

Зачем нужна такая жизнь? Рецензия на фильм «Капернаум» | WORLD PODIUM

4. Неприкасаемые 1+1

Бұл шынайы өмірден алынған, өте керемет фильм. 2011жылы жарыққа шыққан, комедия жанрындағы фильм.

Қысқаша сипаттамасы: басты рөлдерде Франсуа Клюзе мен Омар Си ойнайды. Филипп – өте бай, бірақ арбаға таңылған кісі. Ал Дрисс түрмеден шыққан бұзақы болады.

Филипп өзіне қарайтын көмекші іздейді  және оның көмекшісі боып Дрисс жұмысқа тұрады. Қыңыр мінезді Филипп пен бұзақы Дрисс жақсы достарға айналады. Дрисс Филипптің аяғы мен қолы болады, өмірде аяқ-қолың жұмыс жасамаса да бақытты өмір сүруге болатынын көрсетеді.

Фильмнен өмірде ақша мен байлықтан да басқа құнды дүние бар екенін түсінесің. Әрқашан кез-келген сәтте сені қолдайтын, сен үшін уақытын арнайтын адамдардың барын ұғынасың, сезесің, қуанасың.

Фильм » 1 + 1 » («Неприкасаемые») Франция 2011 год. | Официальный сайт

  1. Человек, который изменил все (Барлығын өзгерткен адам)

Бұл фильм 2011 жылы АҚШ-та жарық көрді. Басты рөлле Брэд Питт ойнайды.

Фильмнің қысқаша мазмұны: Өмірден алынған бейсбол командасының менеджері Билли Бинаның шынайы оқиғасы. Билли Бинаның командасындағы барлық адамдар оқыс апаттан қайтыс болады.

Ол қайта команда жинау үшін көп еңбек етеді. Оған ешкім сенбесе де, ол өзіне сенімді болды. Фильм тек спорт жайлы емес, сонымен қатар өмірде екінші мүмкіндіктің болатынын, оны тиімді пайдалану керегін, адамдардың сан қырлы таланты болатынын көрсетеді. Өмірде таңдау жасаудан қателеспеу керегін, өзіңді және басқаны да өзгерте алатыныңды үйретеді.

Человек, который изменил все (США, 2011) смотреть онлайн – Афиша-Кино

Дайындаған: Ерсайынова Бибақыт
Тұран университеті
Журналистика мамандығы
3 курс

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ