Талапкер назарына: логистик, кадастр деген кім?

0
2913
Freepik.com

Әлем күн санап өзгеріп, дамып келеді. Бүгінгі жаңамыз ертең жағаға шығып қалғанын байқап үлгермей жатамыз. Осыған байланысты еңбек нарығы да үнемі өзгеріске түсіп отырады.

Сәйкесінше, мамандықтарда жаңарып, бұрын соңды естімеген атаулар пайда болуда. Мәселен, “логистика” мамандығын естімеген, естісеңіз де қандай мамандық екенін түсінбеген боларсыз. Ал “кадастр” мамандығы туралы бір нәрсе білесіз бе?

“Логистика” мамандығы

Логист — бұл көлік ағындарын, жүк қозғалысын ұйымдастыратын маман. Ол тауарларды өндірістен сату нүктелеріне дейін жеткізуді ұйымдастырады. Былай қарасаң күрделі ештеңе жоқ сияқты көрінуі мүмкін.

Іс жүзінде оңай емес. Өнімді бір нүктеден екінші нүктеге жеткізу кезінде көптеген факторларды ескерсек, қиындығы мен жауапкершілігін де түсінуге болады.

Логисттің міндеттері:

  • Жеткізу жүйесін ұйымдастыру және жетілдіру;
  • Жүкті жеткізуге барлық мүмкін болатын шығындарды қысқарту;
  • Тауарды жеткізу, тиеу және түсіру, жолаушыларды тасымалдау маршруттарын құру;
  • Процесті басқару және экспедиторларды, жүргізушілерді, тиегіштерді бақылау;
  • ГЛОНАСС арқылы тауарлардың жеткізілуін және адамдардың тасымалдануын
    қадағалау;
  • Қызметкерлердің табелін жүргізу, есептер құрастыру, көліктік құжаттамаларды
    рәсімдеу;
  • Қызметкерлерді қабылдау немесе жұмыстан шығару;
  • Жеткізушілермен, клиенттермен және қызметкерлермен байланыс орнату.

Қайда оқуға болады? 

2018 жылғы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының зерттеуі нәтижесінде “Логистика” мамандығы бойынша ЖОО-лардың білім беру бағдарламаларының рейтингі:

  1. Қазақстан-Неміс университеті
  2. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  3. М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік – экономикалық университеті
  4. Тұран университеті
  5. Алматы менеджмент университеті
  6. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
  7. Satbayev University
  8. М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы
  9. Қазақ қатынас жолдары университеті
  10. Қазақ ұлттық аграрлық университеті

“Кадастр” мамандығы

Кадастр мамандығы — бірінші кезекте жерді межелеумен және өлшеумен байланысты. Негізінде, маман меншік шекарасының координаттарын анықтайды, шекаралық жоспар жасайды, мүлікті мемлекеттік жер кадастрына енгізу үшін барлық қажетті құжаттарды дайындайды және оның өлшемдерінің жемісін бақылайды.

Бұл мамандықтың бағыттары әртүрлі:

  • жер кадастры,
  • қалалық кадастр,
  • жылжымайтын мүлік кадастры.

Қайда оқуға болады?

2018 жылғы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының зерттеуі нәтижесінде “Кадастр” мамандығы бойынша ЖОО-лардың білім беру бағдарламаларының рейтингі

  1. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университеті
  2. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  3. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  4. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
  5. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті
  6. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
  7. Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті
  8. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
  9. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
  10. Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Жалпы, қорыта айтқанда, бұл екі мамандық қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие. Бұл ақпарат жаңа салада жұмыс істегісі келетін жастарға аздап болсын көмегін тигізді деп сенеміз. Себебі жаңа заманның талабына сай маман атану – табысқа жеткізетін жол емес пе?!

Ертай Әмина Әділқанқызы
Тұран университеті, 
журналистика мамандығының
 4-курс студенті

Басқа материалдар:

  1. Талапкер назарына: Социолог деген кім?
  2. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  3. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  4. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  5. 11 сынып оқушыларына арналған тренинг- сабақ

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ