Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы!
Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен сізді құттықтаймыз. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз!
Martebe.kz ақпараттық білім порталының мақсаты Ұстаздар мәртебесін көтеруге бағытталған. Сондықтан біздің сайтымызда Ұстаздар тақырыбының жиі қозғалуы заңдылық. Оқырмандардың назарына сайтымыздағы «Ұстаз» тақырыбындағы таңдаулы материалдарды ұсынамыз.
- Ұстаздар туралы 10 таңдаулы қанатты сөздер
- Ұстаз — ұлы тұлға (шығарма)
- «Менің ұстазым» тақырыбында шығарма
- Ұстаздар күнінің шығу тарихы
- Ұстаздар туралы өлеңдер топтамасы
- Ұстаздар күніне құттықтау сөз
- Әлемдегі ең керекті мамандық (Ұстаз туралы шығарма)
- Сүйікті ұстаз (Шығарма)
- ҰЛТ боламын десең, ұстазыңды түзе
- Ұлы ұстаз өнегесі
- Өмірқұл Айниязов: Ұстаздың үстінен шағым айту — біздің санамызда болған емес…
«Ұстаздық ұлық емес ұлы қызмет» дейді Бауыржан Момышұлы. Барша ұстаздар қауымын төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Еңбектеріңіз еленіп, тарихта алтын әріптермен аттарыңыз жазылсын!
Сізге де алғыс білдіреміз!