Ақылды үй және дат­чик­тер­ді қо­су

0
15327
Freepik.com

Ақылды үй – әртүрлі жоғары технологиялық құрылғылардың көмегімен адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау үшін құрастырылған тұрғын үй. 

Ақылды үй ғимаратта болып жатқан нақты жағдайларды түсінуге қабілетті және алдын ала әзірленген алгоритм бойынша оларға жауап береді. Бұл ретте адам бір командамен
қалаған жағдайды көрсетеді, ал автоматика сыртқы және ішкі шарттарға сәйкес барлық инженерлік жүйелер мен электр құралдарының жұмыс режимін анықтап,
оны қадағалайды.

Ақылды үй адамның қалауына, тәулік уақытына, оның үйдегі жағдайына, ауа райына сәйкес барлық жүйелердің жұмысын өзі баптайды.

Ақылды үй құру ақылды құрылғылардың болуын көздейді. IoT технологиясы (Заттар интернеті) ақылды үйдің әрбір элементіне (заттарына) және барлық ақылды үйге Интернет кеңістігіне шығуға және басқа заттармен, жүйелермен ақпарат
алмасуға мүмкіндік береді.

Контроллер немесе тақша негізіндегі ақылды үйге арналған заттардың интернет жиынтығы заттар интернетін пайдалану арқылы ақылды үй элементтерін жасауға мүмкіндік береді.

Кез келген ақылды жүйенің ең басты құраушысы – контроллер. Контроллер ақпарат алады және ақылды үйді басқарады. Контроллердің негізгі қызметі – мониторинг, яғни үйіміздегі ауа температурасы мен ылғалдылығы, өсімдіктер үшін топырақтың ылғалдылығы, өрт, су тасқыны немесе пропан  газының ауаға таралуы туралы барлық ақпаратты жедел алу.

Ең бастысы, біздің үйіміз үшін алаңдаушылықты болдырмау. Біздің ақылды үйіміз контроллерге қосылған құрылғылардың бірнешеуін талап етеді.

Мониторинг ақпараттарын дисплейге шығару қажет болады немесе жарықдиодты және дыбыс сигналының көмегімен біз үйде болған кезде датчиктердің көрсеткіштерін көру үшін климаттық параметрлердің сыни мәндері туралы хабарлау қажет.

Біздің ақылды үйіміздің электронды құрылғыларын басқару керек. Бұл – жарықтандыру, желдету, өсімдіктерді суару, тұрғын үйді жылыту. Құрылғыларды инфрақызыл арна бойынша үйде отырып басқару үшін ИК-пульт пен ИК-қабылдағыш керек. Тағы бір пайдалы функция – карта қолданып, үйге кіру.

Дат­чик­тер­ді қо­су. Датчиктер кез келген ақылды үйдің негізі болып табылады.
Жүйе тұтастай шешуі тиіс жеке талаптар мен міндеттер тізбесіне қарамастан, осы датчиктерді автоматтандырудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді және басқа құрылғыларға белгілі бір сәтте қосу немесе ажырату қажеттілігі туралы сигнал береді.
Бұл құрылғыларды дұрыс таңдау ақылды үйдің жұмыс қабілеттілігі мен функционалдылығының негізі болып табылады.

Біздің ақылды үйіміздің атқарушы құрылғыларын виртуалды басқаруды Cisco Packet Tracer (https://www.netacad. com) симуляторы көмегімен жүзеге асыруға болады.

Packet Tracer – желілер, киберқауіпсіздік пен  Заттар интернеті (IoT) саласында желілерді жобалау мен модельдеудің тегін құралы.

Дереккөз: Информатика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстануматематикалық бағытының 11-сыныбына арналған оқулық. /Г.И.Салғараева, Ж.Б.Базаева, А.С.Маханова

Ұқсас материалдар:

  1. Мобильді құрылғылар сипаттамасы

  2. Виртуалды машиналар туралы мәлімет

  3. Вир­туал­ды жә­не ке­ңей­тіл­ген шын­дық де­ге­ні­міз не?

  4. Инфографикамен жұмыс істеуге арналған тегін немесе тарифы төмен сервистер

  5. Мар­ке­ти­нг­тік жар­на­ма­лау­да ин­фог­ра­фи­ка­ны қол­да­ну

  6. Жобаны алға жылжыту. Насихаттау дегеніміз не?

  7. Өзіңнің Startup-ыңды қалай іске қосу керек? Crowdfunding платформаларының жұмыс істеу қағидалары

  8. Startup түсінігі. Startup-ты іске қалай қосады?


ПІКІР ҚАЛДЫРУ