Ағзада су жетіспесе не болады?

0
1981
Иллюстрация: Freepik.com

Күн жылып келеді. Енді суды көбірек тұтына бастайтынымыз анық. Негізі кез келген витамин немесе микро және макроэлемент секілді судың да тәуліктік мөлшері бар.

Сондықтан суды аз тұтынатын адамдар ағзасында судың да жетіспеушілігі сезілуі мүмкін. Ол себепсіз әлсіреп, тері түсі солғын тарту, жиі шөлдеу, ештеңеге зауқы соқпау секілді белгілермен білінеді. Сұйықтық мөлшерінің аздығы ағзаға қалай әсер етеді?

1. Себепсіз шаршау. Су – мол қуаттың көзі. Егер ағзада гидролиз реакциясы жүрмесе, құрамында мол витамині бар тағамның өзі сізге көмектесе алмайды.

2. Бет ұшының қанталауы. Ағзадағы судың аздығы мидың жұмысын тежейді. Ағзадағы қан айналымы жүйесінен өзіне қажетті су мөлшерін ала алмаған жағдайда ми дереу көктамырларға белгі беріп, дабыл соғады. Ал көктамырлар беттегі қызыл дақтар арқылы ағзаға су керектігін сездіреді. Беттің ішкі ағзаңыздың айнасы екенін де естен шығармаңыз. Ол сіздің ағзаңыздағы бүкіл аурулардан белгі беріп отырады.

Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?

Иммунитетіңізге пайдалы сусындар

3. Ашулану, себепсіз күйіп-пісу. Ашулану миға көп салмақ түсіріп, бар энергияны алады. Сол кезде адамға бір стакан су ұсынсаңыз, оның ашуы лезде басылады. Себебі судан ми өзіне қажетті энергияны алып, жайлы да тыныш қалпына түсіп, жұмыс істей бастайды.

4. Алаңдау. Ол мидың маңдайдағы бөлігіне судың жетіспей жатқандығынан хабар береді. Ағзадағы судың орнын толтыру үшін пайдасыз жасанды газдалған сусындарды ішудің еш көмегі жоқ. Тек таза ауыз суды қолдану керек.

5. Көңіл күйдің түсуі мен жабығу. Кез келген адам ағзаның ең қымбат қазынасы – амин қышқылдары. Ол ағзада түрлі функциялардың қызметін атқарады. Сондықтан амин қышқылдары жетіспеген жағдайда ми қызметі төмендейді. Адам өздігінен жабығып жүреді.

6. Мазасыз ұйқы. Егер адам ағзасында су жеткіліксіз болса жайлы да тыныш ұйқыны армандамасыңыз да болады. Себебі ұйқы барысында терлеу арқылы ағзадан мол су шығып кеткендіктен, адам онсыз да суға зәру болады. Мидағы судың жеткілікті болуы тәтті ұйқының кепілі.

7. Ентігу. Дені сау адам, егер оның тыныс алу жолдарында ешқандай ақау болмаса, өздігінен ентікпейді. Ал сөйлеп жатқанда ауаның жетіспей ентігіп қалуы гидролиз реакциясы үшін судың жеткіліксіздігін аңғартады. Мұндай жағдайда физикалық күш түсіретін жұмысқа кіріспес бұрын ағзаны сумен қамтамасыз етіп алу керек.

8. Газдалған сусындарға, кофеге, шайға тәуелділік. Шөлін тек осындай сусындармен қандыратын адамдар да бар. Бұл сусындар адам ағзасын сумен қамтамасыз етпей, керісінше, оны құрғатып жібереді. Сол себепті газдалған сусынды ішкенде адамның шөлі басылмайды, қайта-қайта су ішкісі келеді де тұрады. Ол ағзаға үлкен күш түсіреді. Міндетті түрде таза суды (күніне 1 литрден кем емес) ішіп тұру керек. Сонда ми қызметі жақсара түсіп, сізге үлкен көмегін тигізеді.

9. Теңіздер мен өзендер, жағажай туралы түстер көру. Ағза судың жетіспеушілігінен миға, ми – түпсанаға хабар береді. Адамның түпсанасына белгі барған жағдайда ол ұйықтап жатқан кезде де дабыл соғады. Сондықтан мұндай кезде теңіз, мол су жайлы түс көруіңіз мүмкін.

Міне, адам ағзасына су жетіспеген жағдайда осындай белгілер береді. Мұны ескеріп, ағзаны сумен қамтамасыз етіп отырудың пайдасы мол.

Дереккөз: «Ауырмаңыз!» газеті

Басқа материалдар:

Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі

Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)

Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары

«Денсаулық басты байлық»

«Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ

Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес


ПІКІР ҚАЛДЫРУ