Ахмет Байтұрсынұлы жайлы 25 сұрақ жауабымен

0
14989

1) А. Байтұрсыновтың «Қазақ қалпы» өлеңінде елдің күңгірт болашағын немен салыстырғандығын табыңыз:

Ескексіз қалқып жүрген қайықпен

2) А. Байтұрсынұлының мақаласын көрсетіңіз:

«Қазақша оқу жайына»

3) А. Байтұрсынов Абайды қалай бағалағанын табыңыз:

«Қазақтың бас ақыны»

4) А. Байтұрсынов бас редактор болған газетті анықтаңыз:

«Қазақ»

5) А. Байтұрсынов жаңалығын табыңыз:

Араб графикасына негізделген қазақ әліппесін жасады.

6) А. Байтұрсыновтың «Маса» деген өлеңдер жинағы қай жылы басылғандығын табыңыз:

1911 жылы

7) А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегі қай жылы жарияланғанын көрсетіңіз:

1926 жылы

8) А. Байтұрсыновтың «23 жоқтау» фольклорлық мұрасында қанша уақытты қамтитын жырлар берілгенін табыңыз:

400 жылдық

9) А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» еңбегінде афоризм терминін қалай атайды:

Ділмар сөз

10) А. Байтұрсыновтың «Бұл күйге бүгін емес, көптен кірдік» деген өлең тармағында ненің аңғарылатынын анықтаңыз:

Отарлау тарихы

11) А. Байтұрсыновтың «Қазақ өкпесі» мақаласында қандай мәселелердің жауабы айтылған:

Тарихи мәселелер

12) А. Байтұрсыновтың «Маса» жинағы қандай кітап екенін белгілеңіз:

Қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар айтылған өлең кітабы

13) А. Байтұрсыновтың «Маса» кітабына енген өлеңі:

«Анама хат»

14) А. Байтұрсыновтың 1911, 1914 жылдары 2 рет басылған өлеңдер жинағы:

«Маса»

15) А. Байтұрсыновтың әкесі қанша жылға Сібірге жер аударылғандығын табыңыз:

15 жыл

16) А. Байтұрсыновтың бастырған эпостық жыры:

«Ер Сайын»

17) А. Байтұрсыновтың еңбегін көрсетіңіз:

«Қырық мысал»

18) А. Байтұрсыновтың қабілет-қасиетін белгілеңіз:

Жақсы әнші, тамаша домбырашы

19) А. Байтұрсыновтың өлеңдеріндегі басты сарынды көрсетіңіз:

Бостандық арманы

20) А. Байтұрсыновтың өлеңін табыңыз:

«Қазақ қалпы»

21) А. Байтұрсыновтың өңдеп бастырған «Ер Сайын» жыры кімге арналғандығын табыңыз:

Потанинге

22) А. Байтұрсынұлының Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңінің үлгісінде жазған өлеңін табыңыз:

«Жиған-терген»

23) А. Байтұрсынұлының өлеңін көрсетіңіз:

«Сағындым»

24) А. Байтұрсынұлының өлеңін көрсетіңіз:

«Туысыма»

25) А. Байтұрсынұлының ынтымаққа, бірлікке шақыратын мысал өлеңі:

«Аққу, шортан һәм шаян»

Басқа материалдар:

  1. Қазақ тілі дыбыстарының Ахмет Байтұрсыновқа дейін зерттелуі
  2. «Ахмет Риза» және «Бағбұстан ханым» қыздар медресесі
  3. Ахмет Байтұрсынұлы. Мен қалай оқуға бардым? (сабақ жоспары)
  4. Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы. (Сабақ жоспары)
  5. ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВҚА ДЕЙІН ЗЕРТТЕЛУІ
  6. Ахмет Байтұрсынұлы туралы жазылған зерттеу еңбектерінің тізімі
  7. Әліппенің атасы. Ахмет Байтұрсынов туралы танымдық сағат

ПІКІР ҚАЛДЫРУ