ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ және оның әлем ғылымына қосқан үлесі

8
40892

Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мухаммед Фараби ерте орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың бірі болып табылады. Ол көпжақты оқымысты-энциклопедисть және шығыс рационализмін қалыптастырғандардын бірі болды. Осы себепті оған “Аристотелден кейінгі екінші ұстаз!” деген құрметті атақ берілген Әл Фарабидің, бір кездері Орта Азияның етедегі мәдени орталығы болған қала Отырарда туылғаны тарихтан белгілі. Әл Фараби осы Отырарда, өзінің ана тілі қыпшақ тілінде бастауыш білім алады. Фарабидің еңбегі мен әрекет дәуірі араб мәдениетінің даму дәуірімен түстас келді. Әлемнің атақты оқымыстылары, философтары, ақындары, музыканттары, бағдатқа жиналды және онда ғылым академиясы мен университет ашады.

Бағдат оқымыстыларының арасында Орталық Азия мен Қазақстаннан шыққандар құрметті орындарды иеленді. Солармен бірге Бағдатқа – білімнің барлық саласынан; музыкадан бастап астрономияға дейін   хабары бар Фараби де келді. Фараби тіл ғылымының, калеграфияның, лингвистиканың, өлең құрастырудың, риториканың ірі теоретигі ретінде танылды. Сауатты жазу, каллиграфия, өлең жазуғ риторикадан трактовкалар жазды. Әбу Насыр ал-Фараби – жан-жақты дамыған музыкант әрі компазитор, мәнерлеп орындаушы әрі теоретик, тарихшы, музыкалық аспаптарды жасаушы шебер болды.

Оның көптомдық “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы көптеген тілдерге аударылған. Фараби трактаттары біздің заманымызға дейін аса жоғары бағаланады. Фараби геометрияны барлық жаратылыстық-философиялық ғылымдардың негізі деп қарады. Ұлы идеаны “Философияны меңгерудің қажетті шарттары” деген трактатында анық келтірген.

Астроном және астролог ретінде Фарабидің беделі жоғары болды, ол бұл ғылымдарды арифметика, геометрия, музыка сияқты жоғары педагогикалық ғылымдар категогриясына жатқызды. Физика мен жалпы жаратылыстанудан жазған Фараби еңбектері белгілі. Жалпы физикалық және жаратылыс құбылыстарын зерттеуде ол эксперименттер жасау қажеттілігін атап көрсетеді.

Фараби тамаша дәрігер ретінде де белгілі. Дәрігерлік қызыметіне байланысты Фараби, сол замандағы басқа да дәрігерлер сияқты, алхимиямен, ботаникамен, минерологиямен айналысады. Ғылымның бұл салаларының бәрі жаратылыстану құрамына кіретін. Фараби географияға көп көңіл бөлді. Саяхатшы ретінде ол, Қазақстан мен Орталық Азияның, Таяу Шығыстың, Африканың көптеген ғылыми және мәдени орталықтарында болды. Оның Отрарда, Талас, Шаш, Самархант, Бухара, Хива, Кабул, Бағдат, Дамаск қалаларында болғаны құжат түрінде белгілі. Барлық елдер мен қалаларда, Фараби жаратылыс зерттеушісі, географ және астрорном ретінде аймақты оқып үйренді, орынның координаталарын анықтады т.б. Жаратылсытануға Фараби басты мән берді. Ол, “қандай да бір педагогикалық ғылымға қарағанда, табиғат туралы ғылым әлдеқайда бай және кең көлемді болып келеді” деп жазды. Өзінің басқа бір еңбегінде “философияны оқып үйренуден бұрын табиғат туралы ғылымды игеру керек, өйткені бұл ғылым адамға барынша жақын, мәндері анық және оған түсінікті ғылым саласы” деп жазады.

Философия саласында Фараби өз заманындағы теңдесі жоқ тұлға саналды. Оның негізгі көзқарасы – рациональдық. Оның философиялық еңбектерінде Аристотель, Платон және басқа ертедегі данышпандардың философиялық еңбектеріне коментарийлер жазуға көп орын берілген. Фарабидің тамаша, өте бағалы еңбегі “Даналықтың маржандары” деген трактаты 1000 жылдан бері Шығыс университеттерінің оқулық құралы болып келеді.

Фараби еңбектері Европаның Қайта өрлеуінде үлкен рол атқарды. Бэкон, Л. Да Винчи, Коперник, кеплер, Лейбниц сияқты оқымыстылар өз жетістіктері үшін Фарабиге қарыздар.

Бүкіл өркениеттің жан дүниесін даму бағытындағы оның білімін бағалау оңай емес.


8 ПІКІРЛЕР

  1. Пайдалы болды көп рахмет❤️
    Әмин аман есен армандаған оқуыма түсіп кетейін!

  2. Фараби тарихшы екенин калай далелдейсиздер ..кандай да бар тарихи енбегин айта аласызба… ол малиметти кандай источниктен алдыныз.

  3. Ал Фарабидын гылымга коскан улесы кандай? Айтыныздаршы!??

ПІКІР ҚАЛДЫРУ