Алғыр математик (Брейн-ринг)

0
1311
Иллюстрация: Freepik.com

Ойынның мақсаты: Ойын тапсырмаларын орындау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау, өз ойын тұжырымдай білу дағдыларын жетілдіру, математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, әр сыныптан алғыр математикті анықтау.

Өтілу барысы: Ойынға әр сыныптан 3 оқушыдан қатысып, білім додасына түседі.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, жиналған оқушылар, ұстаздар! Бүгін біз «Алғыр математик» (брейн-ринг) атты ойнымызды бастаймыз.

2-сыныптар үшін :
Ойлы-ойлы тереңнен,
Жақсы емес көп бөгелген.
Сұрақтарды білмесең,
Өте алмайсыңдар көпірден.

1-тапсырма. «Логикалық ойлау тапсырмалары».
1. Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы бесеу. Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады? Жауабы: Біреуі, өйткені қалғандары ұшып кетеді.

2. Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз және 5 апельсин тұрған. Үстел үстінде барлық көкөкөністер қанша? Жауабы: 5 көкөніс, өйткені апельсин жеміске жатады.

3.Қоянның үйінен құдыққа дейінгі жер 30 метр. Ол бір шелек су әкелу үшін неше метр жерді жүріп өтуі керек? Жауабы: 60 метр

4. Темір ұстасына 3 құлыпқа кілттер жасауға бұйрық берілген. Әр құлыпқа 3 кілттен – алтыннан, күмістен, жезден жасау керек. Сонда ұста неше кілт жасайды? Жауабы:Ұста 9 кілт жасайды.

2-тапсырма: «Тест тапсырмалары».

1. 1 аптада неше күн бар?
а) 20 күн ә) 90 күн б) 7 күн

2. 1 метрде неше сантиметр бар?
а) 10см ә) 100см б) 90см

3. Амалды орында: ( 7 + 3 ) + 40
а) 43    ә) 50    б) 86

4.Оқушылар түске дейін 10 шие ағашын,түстен кейін 15 шие ағашын отырғызды. Барлығы неше ағаш отырғызды?
а) 5 ағаш ә) 25 ағаш б) 30 ағаш

5. 5онд. = бірл.
А) 5   ә) 10     б) 45

3 тапсырма: Математикалық ойын: «Қызықты квадрат».
Ойын ережесі: Команда мүшелеріне қиындығы бірдей тапсырма беріледі.
Олар 2,3,6,8,9 цифрларын пайдаланып квадраттың бос көздерін жатық жол тік жол бойынша есептегенде цифрлар қосындысы 15 болатындай етіп толтыру керек.

3-сыныптар үшін:
Бұл жерден естірміз талайды,
Есеппен сап басып не шуды.
Сол есеп әрқашан қалайды,
Өз мәнін дұрыстап шешуді.

1-тапсырма.»Математикалық жаңылтпаш»қайталау.
1.Ұшы үшкір ұшқыр үш жебе алдым,
Үшеуіде үшкір,ұшқыр деп алдым.

2.Есет атам ет асатар,Ет асатса бес асатар.

3.Жоғалды бес шыбыш,
Жоқ әлі еш сыбыс.
Жоқ әлі сыбыс,
Жоғалды бес шыбыш.

4.Қырық үш қызғыш құсқа,
Қырық үш қызғыш құс қонса.
Қанща қызғыш құс болады?

2-тапсырма.»Ғажайып жетілік».

Берілген кестеден сұрақтар таңдалады.Сұраққа дұрыс жауап берілсе, көрсетілген сан бойынша оқушы ұпай алады.

30 50 30
40 30 50
50 40 40

Оң-30.Қосуға кері амал.(азайту)
Оң-50.1 сағат 20 минутта неше минут бар?(80 минут)
Оң-40.а:9= 7(63)

Орта-50.1 метрде неше сантиметр бар?(100 сантиметр)
Орта-30.2+2.2 нешеге тең?(6)
Орта-40.Шаршы дегеніміз не?(барлық қабырғалары тең төртбұрыш)

Сол-30.1 ғасырда неше жыл бар?(100жыл)
Сол-50.Кез келген сан мен 0-дің көбейтіндісінің мәні қандай санға тең?(0)
Сол-40.Натурал санды өзіне-өзін бөлгенде қандай сан шығады(1)

3-тапсырма.»Жалғасын тап».
Санға байланысты мақал-мәтелдің жалғасын табу.

1.Жеті рет піш,(бір рет кес)
2.Жеті атасын білген ер,(жеті жұрттың қамын жер)
3.Бесік баласы(бес түлейді)

4.Жеті жұрттың тілін біл,(жеті түрлі білім біл)
5.Жүз теңген болғанша,(жүз досын болсын)
6.Екі аяқта бажа тату,(төрт аяқта бота тату)

4-сыныптар үшін:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.

1-тапсырма.»Логикалық тапсырмалар».
1. Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұраған?!
Қарияның берген жауабы мынадай:»ұлым мен қыздарымның саны бірдей және әр ұлымның үш қарындасы бар».Қарияның қанша баласы бар?(6 бала)

2. 3 қайың өсіп тұр,әр ағашта 2 бұтақ.Әр бұтақта 2 алмұрттан.Барлығы неше алмұрт?(қайыңда алмұрт  өспейді)

3.Қатар тұрған 3 санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең ол қандай сандар?(1,2,3)

4.Бір түннен соң қаңтар айы туды.Есік алдында үш гүл гүлдеді.Сонан соң тағы бір гүл
гүлдеді.Барлығы қанша гүл гүлдеді?(қаңтар айында гүл гүлдемейді).

5.Базардағы сатушы былай ойлады:»Егер менің алмама олардың алмасының жартысын және тағы он алма қосса,менің алмамның саны жүзге жетер еді».Сатушыда неше алма
болған?(Сатушыда 60 алма болған)

2-тапсырма.»Кім жылдам?»геометриялық фигуралардың аттарын табу.

Еңшбре-шеңбер
Шұбршүы-үшбұрыш
Трұбышрөт-төртбұрыш
Өкұпрбшы-көпбұрыш

3-тапсырма.»Бұл қандай сандар?».
1.Бүкірлеумін,имекпін,
Мойынындай үйректің.
Сабағыңды білмесен,
Мені алсан күнде сен. (екі)

2.Бас көлемің орасан,
Көтере алмай бел идім.
Басым төмен қараса,
Дәл үш жасқа кемимін (9 бен 3)

3.Балғасы жоқпын орақпын,
Бедел-бағым зор-ақ тым. (5)

4.Бір шеңберді бір шеңбер,Көтеріп тұр білесіңдер. (8)

Ғылымның сырын ұғына,
Шығындар білім шынына!
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздей өренді,-деп,бүгінгі «Алғыр математик»атты брейн-ринг сайысымызды
аяқтаймыз.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:

  1. «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
  2. Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы
  3. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  4. «Білімді информатик» сайысы
  5. Жасанды интеллект деген не?
  6. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  7. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  8. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ