«Алтын күз» тақырыбында балабақшаға арналған іс-шара

2
9441

Тақырыбы: «Алтын Күз»

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін «Балауса»ясли бақшасының  «Балдәурен»ересек тобының тәрбиеленушілері  дайындаған  ең тамаша — «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,

Бармысыздар халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңіздер қарсы алайық!

(Тәрбиеленушілер қолдарына жапырақтарды  ұстап ортаға шығады)

Тәрбиеші:

Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?

—  Бүгін барлықтарын қандай әдемі болып кеткенсіңдер?

. Қолдарыңа не ұстап келдіңдер?

— Жапырақтар.

— Осы жапырақтардың түсі қандай?

— Сары. Балалар қәне осы түсті  үш тілде айтайық.

(Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы) — Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу? (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар:

Сәлеметсіз бе! –Балалар үш тілде амандасады.

Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін

Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

-Балалар мені таныдыңдар ма?

– Күз ханшайымысыз

. Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Тәрбиеші: Қош келдіңіз, Күз ханшайымы! Төрлетіңіз!

Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі, Шықса – жасыл, Түссе – сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ

 

Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, біздің балалардың сіздерге жапырақтарға байланысты өлеңдері мен билері бар соны қабыл алыңыздар.

Мұзафар Әлімбаевтің өлеңі : «Сары жапырақтар жауғанда»

Күзде жауын.Бұлт.Тұман,

Сары жапырақ жауады:

Сары құйын ұйтқыған

Сапырады ауаны.

Тапталады табанға

Судыр-судыр жапырақ.

Өттей сары бояуға

Малынғандай атырап.

Би : «Жапырақтар»топпен

Күз ханшайым:Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар . Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар.

Тәрбиеші: Әрине, қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар Күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Расул :Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Парасат :Нан анасы бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде
Қауызыма сыймаймын.

Бексәт :Нандай жоқ қой асыл дән,
Жеп үйреген жасыңнан.
Дастарханнан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.

Дидар :Күнді сүйген күрішпін,
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел мол өнім,
Ала жаздай су іштім.

Көрініс « Қайдан келдің ,бауырсақ?

Автор :Дастарқанда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрып көзін сап:

А

Ақнұр: Қуыршақ — Қайдан келдің ,бауырсақ?-

Деп сұрады  қуыршақ.

Абылай:Бауырсақ :-Дүкеннен келдім нан сатқан,-

Деді оған бауырсақ.

Қуыршақ -Дүкеннен келдің қай жақтан?

Бауырсақ -Наубайдан келдім нан жапқан.

Қуыршақ -Наубайға келдің қай жақтан?

Бауырсақ -Диірменнен келдім ұн тартқан.

Қуыршақ -Диірменге келдің қай жақтан?

Бауырсақ -Даладан келдім кең жатқан.

Жеранаменікөсілген,

Дикандарменіөсірген .

Міне Күз ханшайымның бірінші тапсырмасы — сұрақтар.

1-сұрақ: Күз мезгілінде неше ай бар?

Балалардығ жауабы.

2-сұрақ: Күз айларын ата. (Қыркүйек, қазан, қараша )

(Ерте Күз, алтын  күз, қара күз)

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, біздің балаларымыз күзге арнап орыс тілінде өлең айтып береді сіз қарсы болмасаңыз?

Күз ханшайымы: Қарсылығым жоқ.(қуанышты дауыспен)

Ән: Осень,осень к нам пришла

Осень, осень, осень снова к нам пришла.
Осень, осень, осень — чудная пора.
В золотом наряде парки и сады.
Осень, осень ждали с нетерпеньем мы.

Припев:

Парам-пам-пам,
Парам-пам-пам.

Тәрбиеші: Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса: Сәбіз, пияз, қияр, картоп, Бұршақ, асқабақ, қызылша, Қызанақ, орамжапыраққа қарашы.

Махаббат :Ақ түсім бар қант алар.

Қызыл түсім қанға-нәр.

Зияным жоқ,біліп қой-

Қызылшамын пайдам бар.

Абдурахман:Картопбіздіңатамыз,

Жерастындажатырмыз.

Біртамырдантараған

Ағайынбызбәріміз (картоп)

Бақдәулет :Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойынды.

 

Қоянға да азықпыз-

Сәбіздерміз жазықсыз.(сәбіз)

Әсел :Асханадан шықпаймын,

Атым пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарам.

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Гүлсезім :Бақшада тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат – қабат киініп
Қырыққабат атандым. Қырыққабат

Ақерке :Көптен ерте шымырлап,
Өсемін мен бүр жарып.
Атым – қияр, теріп ал,
Жиі — жиі суғарып

Назым :Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма.

Абылай :Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған
Балдай тәтті қауынмын. Қауын

Тәрбиеші: Көкөністер бәріде Денсаулыққа пайдалы

Мұны жақсы біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер

Ән: «Күз жомарт

Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.

Қ/сы

Күз жомарт дейміз біз,

Жемісін жейміз жейміз біз.

Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан — жақтан жабады.,
Күн бірте суытып,
Жауын көп жауады.

«Қияр мен қырыққабат» ертегісі.Көрініс

Ертеде қияр мен қырыққабат қол ұстасқан дос болыпты. Бір күні екі дос суға шомылуға өзенге келіпті. Келген бетте қияр шешініп, суға күмп беріпті де жүзе бастапты.

Қырыққабат бір бірлеп қабат қабат «көйлегін» шешкенше, күн де батып, қас қарайыпты. Осыған дейін су ішінде қалшылдап тұрған қиярдың терісі әбден күлдіреп кетіпті. Қиярдың қабығындағы бөршіктер міне содан пайда болыпты.

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма? Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен.

Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай молшылық Күз айында бір ойын ойнап жіберейік.

Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойын шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді.

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз. Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Көкөністер мен жемістерді дұрыс ажырата  және олардың түстерін үш тілде айтып бердіңдер.Тамаша

Енді екінші тапсырмамды тыңдаңдар, жұмбақ шешу.

2-тапсырма:1.Жазда інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні.Бұл не? (Сәбіз)

  1. Жайлы, жұмсақ төсегім,

Домаланып өсемін

Қабат-қабат тоным бар,

Қалай оны шешемін  Бұл не? (Орамжапырақ)

  1. Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. Бұл не?(Пияз)

  1. Аспай піскен, қайнамай түскен. (Жеміс)

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!

Тәрбиеші:Күз ханшайымы,біздің балалармен бірге сергіту сәтін жасауға келісесізбе?

Күз ханшайымы: Жарайды,келісемін.

Сергіту сәті. Мы играем на гармошке.

Громко хлопаем в ладошки

Головой слегка качаем.

Руки кверху поднимаем.

Ән : «Балдырғандар әні»топпен

Сөзі О.Әубәкіровтікі

Әні Ш.Қалдаяқовтікі

Қуанышқа бөленген әр күніміз,

 

Бақыттымыз, балалар, барлығымыз.

                        Қайырмасы:

Өмір тым жайдары,

Қызықтың қайнары,

Бақшамыз жайнады.

Біз – Отанның балдырған ұлдарымыз.

Әдептілік, батылдық – ұранымыз.

Тәрбиеші: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге Күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Жемістерді қарсы алайық.

Ақұштап :

Менің атым сары өрік,

Баққа беріп көрік.

Ерте гүлдеп пісемін.

Айналаммын тосапқа.

Ауырғанда шипа боп,

Күш беремін баршаға.

Қайсар :Мен сап-сары бананмын,

Мен емеспін мақтанар.

Мені жақсы көреді,

Үлкендер мен балалар.

Сәулет :Мен жүзіммін,жүзіммін.

Моншақ болып тізілдім.

Айдана: Мынау- анар құлыным Жапырақты тасалап,
Қабығы қалың болатын.Өсетін жері бақша-бақ.
Мөлт-мөлт еткен түрлері.Күрең қызыл шіркін –ай,
Мошақты еске алатын.Оның аты құлпынай.

Абдулқадыр : Мен — алмамын, алмамын

Таңдай татар бал дәмім.

Айна : Мынау – шие, шырағым

Қызыл болып піседі.

Еламан :Мынау — өрік, күнім,
Ерте ашар гүлін.

Тәрбиеші: Тұңғиық, түпсіз көк аспан
Жайымен ғана жатыр сұлқ.
Керуендей адасқан
Келеді жылжып бір топ бұлт.

Қыздарымызды қарсы алыңыздар.

Би:«Бұлттар»                   

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл — өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет Күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін. 

Тәрбиеші:Күз ханшайымы, сізгеде мың алғыс! Бүгінгі сыйлығыңыза рахмет . Бізге тағы келіңіз, біз сізді сағына күтеміз.

Тәрбиеші:Күз ханшайымы,біздің сізге арнаған өлеңімізді қабыл алыңыз!

Ризашылық әні

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге!

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.

Луиза Хей

 

Күз ханшайымы: Берекелі бақ дәулет

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар, балалар,

Келгенше жыл айланып.

(Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді) Қош бол,Күз ханшайымы.

Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп.  «Жомарт Күз» атты ертеңгілігіміз осымен өз мәресіне жетті.Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін. Ата-аналардың бүлдіршіндерге құттықтау сөзі. Шашу шашылып, мереке аяқталады.
1 тапсырма

Міне Күз ханшайымның бірінші тапсырмасы — сұрақтар.

1-сұрақ: Күз мезгілінде неше ай бар?

Балалардығ жауабы.

2-сұрақ: Күз айларын ата. (Қыркүйек, қазан, қараша )

(Ерте Күз, алтын  күз, қара күз)

 

2 тапсырма

Енді екінші тапсырмамды тыңдаңдар, жұмбақ шешу.

2-тапсырма:1.Жазда інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні.Бұл не? (Сәбіз)

  1. Жайлы, жұмсақ төсегім,

Домаланып өсемін

Қабат-қабат тоным бар,

Қалай оны шешемін  Бұл не? (Орамжапырақ)

  1. Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. Бұл не?(Пияз)

  1. Аспай піскен, қайнамай түскен. (Жеміс)

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!

 

Ұйымдастырған тәрбиешілер: Махамбетова Т.Б, Ергебек Ж.Ә


2 ПІКІРЛЕР

  1. Шара жоғары деңгейде өткізіліпті

  2. Осындай материалдар жариялап тұрғандарыңызға Рахмет! Жұмыстарыңызға сәттілік!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ