«Болашаққа қамқорлық» атты қыз балаларға арналған тренинг

0
461

1-слайд:  Тақырыбы: Болашаққа қамқорлық

Қатысушылар: қыздар төрайымдары, акушер-генеколог дәрігерлер

Түрі : тренинг

/ «Қыз сыны» әуенімен аудан мектептерінің қыздар төрайымдарын, акушер-генеколог дәрігерлерімізді ортаға шақыру/

2-слайд. Мақсаты : Отбасында қыз баланың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін ұлттық тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, жас жеткіншектір арасындағы  ерте жүктіліктің алдын алу.

3-слайд: Тренинг ережесі: Сенімділік. Сыйластық.  Жақын араласу

4-слайд:»Мен кіммін» жаттығуы.

Жүрісі:  / Мен психологпын. Мен оқушымын. Мен адаммын. Мен ғажап жанмын т.б/

5-слайд: Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған.

«Сөйлемді аяқта» жаттығуын орындасақ.

Жүрісі: «Қыз бала»…. деген сөзді өз ойыңызбен аяқтасақ.Мысалы: Қыз бала -халқымыздың намысы, еліміздің көркі;

6-слайд: «Отбасы – әр адамның шағын отаны. Ол қоғамның бір бөлшегі, от бар жерде өмір бар«. Менің отбасым неге ұқсайды?» жаттығуы.Мысалы: Менің отбасым күнге ұқсайы, күн өз шуағын бар әлемге шашып , жылуын сыйласа, менің отбасым мүшелері де бір-біріне шауғын сыйлап, кашан да бір-біріне  көмек беруге әзір.

7-слайд: Гүл күлтесіндегі сан арман

8-слайд: Гүл күлтесіндегі армандарды магнитті тақтаға жинақтау:

Білім алу, студенттік өмір достар, жеке өмірі, жұмысқа орналасу, карьера құру, өз отбасы-бауырларына болысу.

9-слайд: Жар  құшып, сәби сүю, ана атану-үлкен бақыт. Десек те  бүгінгі таңда ерте жастан ана атану жайы  қоғамның басты мәселесіне айналды.Қыздарымыз- ұлттық психологиядан ауытқып бара жатқаны байқалады.Бұл бүгінгі күннің ащы да болса өзекті өртер шындығы.

«Болашақ ұрпақ, бүгінгі қоғам үшін өзекті мәселе- Ерте жүктілік» бейне ролигі

10-слайд: Сұрақтар жаңбыры:

Дәрігерге Оқушы қыз балаларға
1. Жасөспірім қыз алғаш рет гинекологқа қай жастан барып қаралуы қажет?  
2. Қыздар неше жаста жыныстық тұрғыда толық жетіледі? Дені сау баланы дүниеге әкелу үшін қыздың қабілетті жасы қанша?  
3. Ерте жүктілік деген не? Ерте жүктілікке  қыздар неге душар болады?
4

Ерте жүктілік немен қауіпті? /медициналық тұрғыдан/

 

Ерте жүктілік немен қауіпті?

/әлеуметтік тұрғыдан/

 

5 Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?
6 Ерте жүктіліктің нәтижесі қандай? Ерте жүктіліктің нәтижесі қандай?

 

11-слайд:Ой талқы. Шарты: айтылған мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.

1.»Қызым  үйде, қылығы түзде“

  1. “Шешесіне қарап қызын ал,

Аяғына қарап асын іш.”

  1. Ақылды қыз білімге жүгінер,

Ақылсыз қыз сөзге ілігер.

12-слайд: «Әріптер сөйлейді» жаттығуы.Жүрісі: Қатысушыларға әріптер таратылады, сол бойынша қыз балаға тән қасиеттерді айту.

Қыз тәрбиесі-ұлттың тәрбиесі, тектілігі, абыройы. Осы ретте, «Қыздарым, сенің ұятың-ұлтыңның на­мысы!» деген аталы сөз қыз тәрбиесіне орай айтылса керек. Ұясынан ұшқан құсы қиясына абыройлы қонса, ол артындағы ата-анасына мерей. Қыз бала тәрбиесі қа­шан да мәнді.

» Қыз-ұлт әдебі, ел намысы»

Қ-қылықты

Ы-ынталы

З-зерделі

 

Ұ-ұқыпты

Л-лебізді

Т-тиянақты

 

 

 

 

Ә-әдепті

Д-дарынды

Е-елгезек

Б-байыпты

І-ізетті

 

Е-елгезек

Л— лағыл тастай

 

Н-намысшыл

А-аяулы

М-мейірімді

Ы-ықыласты

С-сыпайы

Ы-ырысты

13-слайд: «Ағаның қарындасқа өсиеті» / Б. Тілеухановтың өсиетіне жасақталған бейнеролик/

Алғы сөз: Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, ер — тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізу, киімнің әсем — сәндісін, әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау — ежелгі дәстүр. Жиын — тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа келін болып түскен жеңгелері де қайын сіңлілерін атымен атамай «Еркежан», «Шырайлым» деп еркелеткен. Орта Азия мен Қазақстанда жалғыз келе жатқан қызды көрсе, оған қорғаныш болып, баратын жеріне дейін шығарып салатын болған. «Қыз өссе — елдің көркі, гүл өссе — жердің көркі» дегендей, қызғалдақтай болып өсіп, көктеп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған.

14-слайд:Дүние есігін ашқан әр сәби жетім болу үшін не тастанды бала атану үшін өмірге келмейді. Ата-ананың жылуын сезінуге әркімнің құқығы бар. Ата-бабамыз ежелден-ақ бұл ақиқатты білген, сондықтан отбасындағы баланы ешуақытта жетім қалдырмаған. Бүгінгі нәресте ертеңгі күні ұлттың болашағы, мемлекеттің потенциалы, байлығы . Қыздың ең бірінші ұстанымы — қыз деген атқа лайық болуы. «Қыз» ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.  Әрбір қыз бала ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйренсе, болашақта  ол қыздарымыздан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз. Қыздарымыз осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән нәзіктігімен, сүйкімділігімен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар — намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы сыйлы.

Қорытынды: «Жел бағытын өзгерте алмасақ та кеме желкенін  арманымыздың  бағытына қарай өзгерте аламыз” Ең бастысы сенім мен үміт!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ