Американың қоныстану және игерілу кезеңдері. Америка Құрама Штаттары (сабақ жоспары)

0
938
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

1)Американың ашылуы, игерілу кезеңдері, елдері туралы түсінік беру, ой өрісін дамыту.

2) Оқушыны өзіндік ой, өзінше ой түюге баулу.

3)Талдау, болжам жасауға, қорытындылауға үйрету.

Оқыту нәтижесі: өз ойын еркін айту және топпен ынтымақтаса жұмыс жасау

Негізгі идеялар: Америка елдерінің негізгі даму бағыттарын,экономикалық –әлеуметтікьжағдайларымен танысу

Дереккөздер: интернет материалдары, бейне материалдар.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, маркер, бейне материалдар, дүние жүзінің саяси картасы, түрлі-түсті бояулар, А-3, А-4 қағаздар, тақта, суреттер.

Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабаққа дейінгі көңіл-күйлерін
байқау.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Чехия елі туралы туралы тест тапсырмалары

1.Чехияның экономикалық-географиялық жағдайының ең басты ерекшелігі
А) климатының қолайлы болуы •ә) Еуропаның ортасында орналасуы
Б) шаруашы.көп салалы болуы в) Германиямен әріптес болуы

2.Чехия қай жылы Словакиядан бөлініп, жеке егеменді ел болды?
А) 1991ж 15 қазан ә) 1990ж 25 желтоқсан
•Б) 1993ж 1 қаңтар в) 1992ж 1 шілде

3.Чехия батысында қандай елмен шектеседі?
А) Польша ә) Словакия
Б) Австрия В)Германия

4.Халқының саны және ұлттық құрамы?
•А)10,3 млн адам, бір ұлтты ә)22,4млн адам,көп ұлтты
Б)78,9млн адам,көп ұлтты в)11,3млн адам бір ұлтты

5.Әйгілі Кох-и-нор карандашын шығарудан қай қала танымал?
а)Яблонец ә)Пльзен
•б)Ческе-Будеевице в)Прага

6.Чехияға жылына қанша туристер келеді?
а)5млн •ә)10млн
б)20млн в)15млн

7.Чехияның елтаңбасында қандай сөз жазылған?
а)Прага -ежелгі қала ә)Прага -ең әдемі қала
•б)Прага-қалалар анасы в)Прага-туристер қаласы

8.Шаруашылығы жөнінен қай саласы ерекше көзге түседі?
а)химия өнеркәсібі ә)тамақ өнеркәсібі
•б)машина жасау өнеркәсібі в)металлургия өнеркәсібі

9.Халқының қанша пайызы қалада тұрады?
а)75% ә)82%
б)67% •в)77%

10.Чехиядағы ең ежелгі университет?
а)Гарвард университеті •ә) Карл университеті
б)Кокушикан университеті в) Гейдельбергский университеті

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру
Қызығушылығын ояту. Бейне көрініс арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашу.
Сабақтың тақырыбын тақтаға жазу. Мұғалім түсінік береді.

АҚШ-тың басты 5 ерекшеліктерін тап өтейік.

1.Федерациялық республика. 50 штаттан тұрады.
2.АҚШ-тың символы «Бостандық статуясы». Туы
3.АҚШ-та 3 ірі мегаполис бар.
А)Солтүстік-Шығыс мегаполисі «Босваш»
Б)Көл маңы мегаполисі «Чипитс»
В)Калифорния мегаполис «Сан-сан»
4.АҚШ – дүние жүзіндегі аса ірі мемлекет.
5.Америка доллары дүние жүзіндегі тұрақты валюта.

1.Білу, түсіну. Жұптық жұмыс.

І-жұп. Американың ашылуы туралы, Солтүстік Америка жағалауларына кімдер саяхат
жасады.

ІІ-жұп. Американың қоныстану, игерілу тарихын айт

ІІІ-жұп. Американың жоғары дамыған елі –АҚШ

Қолдану
І-жұп. Американың ірі елдерін астаналарымен кескін картаға түсіру

ІІ-жұп. Вашингтон мен Астана қаласының арақашықтығын табыңдар?

ІІІ-жұп. Қазақстанның табиғат байлықтарын игеруге АҚШ-тың қандай компаниялары
қатысуда?

1.Талдау. Ыстық орындық. Оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
2.Жинақтау.

І-жұп. Ағылшындық Америка мен Латын Америкасының экономикалық және әлеуметтік даму деңгейлеріне талдау жаса.

ІІ-жұп . Қиялдағы елді картаға түсіру.

ІІІ-жұп. Қазақстан мен АҚШ-тың қарым-қатынасы.

4.Қорытынды.

5. Бағалау .

6.Үйге тапсырма:  Ұлы географиялық ашылулардың маңыздылығына талдау жасау, АҚШ-на реферат, картаға түсіру, интернеттен материалдар алу.

7.Кері байланыс. Мен бүгінгі сабақта біліміме не қостым. Қорытынды.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ