Қара металдар туралы түсінік

0
6081
Freepik.com

Қара металдарға темір мен оның қорытпалары жатады. Ал темірдің хром, кремний, магний, титан және тағы басқа элементтермен қоспасын ферроқорытпа дейді.

Қара металдар өндіріске аса қажетті шой мен болаттардан тұратындықтан, оларды өндіру, өңдеу, қолдану кең көлемде қолға алынған. Домна пештерінде темір кендерінен бастапқы шойын алынады. Оның үлкен үлесі  80-85% кұрамындағы көміртек және табиғи қоспалардың мөлшерін пештерде азайту арқылы болатқа айналдырылады.

Қара металдан машиналар мен жабдықтардың, станоктардың бөлшектері мен тетіктері кұйылып жасалады. Қара металдар ауыл шаруашылығында, көлік және коммуникацияда, құрылыс, қару-жарақ машина жасау саласында, тұрмысқа қажет бұйымдар дайындауда кеңінен колданыс тапты.

Барлык металл өнімдерінің 90%-ға жуығы кқара металдар үлесіне тиеді.  Еліміз қара металл кара металлургия орындарына өте бай. Сондықтан өнеркәсiптің бір саласы — қара металлургия қалыптасқан.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

География пәні бойынша басқа да ақпараттар: 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ