Ас қорыту процессінің  қасиеттері және ерешеліктері

0
4231
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Сабақтың мақсаты: Студенттерге дұрыс тамақтану ережелерін үйрету, адам ағзасындағы ас қорыту мүшелер жүйесінің құрылысы, зат  алмасу жұмыстары, ауыз  қуысында , қарында ішектерде астың  қорытылуына толық талдау жасай отырып түсіндіру

Сабақтың білімділік міндеті:  Дәрумендер және олардың маңызы мен құрылысы туралы өткен сабақтар бойынша білімдерін тереңдете және тексере отырып ас қорыту процесінің ерешеліктері туралы оқытып үйрету

Сабақтың дамытушылық міндеті: Қоректілік заттардың ас қорыту мүшелерінде қорытылуы туралы  биология сабағын байланыстыра отырып, студенттердің танымдылық ой-өрісін, іс-әрекетін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың тәрбиелік міндеті: Денсаулық сақтау мен нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жүйелі тамақтану мен күн тәртібін, гигиеналық талаптарды орындауға дағдыладыру.

Оқыту технологиясы:  Ақпараттық инновациялық технологияларды пайдалану

Сабақтың түрі: аралас , ойын сабағы

Сабақтың типі:  Жаңа білім меңгеру

Құралдар: интерактивті тақта, компьютер, суреттер

Көрнекіліктер: нақыл сөздер, слайды көрсетілімдер

Пәнаралық байланыс:  тарих, биология, арнайы технология

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сәлемдесу .
  • Тізім бойынша тексеру
  • Сабаққа даярлығын тексеру  
  • Қызығушылықты ояту.

Үй тапсырмасын сұрау.

  • Есте сақтау…
  • Ойлан да тап…
  • Кім жылдам?
  • Дәрумендердің тәулік нормасын білесің бе?
  • Терминдер сайысы

1 – кезең :   Есте сақтау….(есте сақтау қабілеттерін тексеру мақсатында өтетін кезеде білімгерлер алдында тақтадағы көрсетілген дәрумендер ұяшығы 5 сек жабылады. Аталған тағамдарда қандай дәрумендер бар екенін айтын береді. )

2 – кезең :   Ойлан да тап… (Сұрақ-жауап)

  1. Санитария,физиология және гигиена қандай ғылым?

өндірісте орындау ережелері және жеке тазалығы;

  1. Дәрумендердің ашылу тарихы

1880 жылы орыс дәрігері  Н.И.Лунин өз эксперименттері негізінде тамақ құрамындағы қандайда бір ерекше заттардың болмауынан ауруға ұшырауын анықтады

  1. Тағам даярлау кезінде дәрумендер,  ереже бойынша сақталса, бұл процесс қалай аталады?

биологиялық реттеуіш

  1. Тағамдағы негізгі дәрумен тобын атап , сипаттама беріңіз?

Авитаминоз, гиповитаминоз,гиповитаминоз

  1. Адам ағзасында жүйке жүйесін реттейтін дәрумен?

В1 дәрумені

  1. Бұл дәрумен құрамында өте көп ферменттер орналасқан,өсімдік және жануар өнімдерінде мол ?

РР никотин қышқылы

  1. Адам қысымын қалпына келтіретін дәрумен тобы?

В9 – фолиев қықылы. Көк өсімдіктерінде болады

  1. Жүйкенің жұмысын жақсартатын дәрумен?

В15 – пангамов қышқылы

  1. Қандай дәруменсіз адам “анемия” ауруына шалдығады?

В12 “каболамин”.Жануар  азығында мол

  1. Қандай дәрумен тобы кулинарлық өңдеу кезінде толығымен сақталады?

«В» дәрумені

3 – кезең :   Кім жылдам?

Барлық дәрумендер майда және суда еритіндер деп екі топқа бөлінеді.

Майда еритін дәрумендер   — А, D, Е, К

Суда  еритін дәрумендер  —  С, РР және В тобындағы барлық дәрумендер жатады

«А» — сипаттама беру

«С» — сипаттама беру

 

4 – кезең :   Дәрумендердің тәулік   нормасын білесің бе?

Онда дұрыс орналастыр! (Тақтада дәрумендер шатастырылып көрсетіледі)

РР”  дәрумені  _________________  14-28 мг

С”  аскорбин қышқылы _________   70-100 мг

А”  дәрумені __________________   Шек қойылмайды

В9”  фолиев қышқылы   _________   0,2 мг

 

5-кезең :  Терминдер сайысы

(Ф,Х,Т, П, А,Б, Р) әріптерден тұратын  дәрумендер терминдер айту.

Ф —  фолиев қышқылы,(көктерде болады — қан жүргізеді) филлохинон-(қалақай, салат жапырағы — қанды қоюлатады)

Х – Холин(жұм-қа, сүт,бидай  — ағза белок және майлар жұмысын жақсартады)

Т – токоферол, (май өнімдерінде мол — темір құрамын нығайтады )тиомин(жүйке жұмысын реттейді)

П – пангамов қышқылы (ашытқы,күріште болады – жүрекке пайдалы)

А – аскорбин қышқылы (өсімдіктер, ағзаны қайта қалпына келтіреді)

Б – биофлофонойд(өсімдіктерде болады – қан  капилярын төмен етеді)

Р —  рибофланойд (сүт,ет,балық,жемі-жидектерде болады – көз және өсу процесін жақсартады) ретинол – (балық,сүт,сары май – сүйеккке  жақсы әсерін тигізеді)

Үй тапсырмасын бекіту:

Үзінді Сұрақ Жауап, пікір
Дәрумендер адам ағзасында өмірлік процесстерді биологиялық реттеуші. Егер көп мөлшерде қабылданса адам өміріне қауіп төнеді. Дәрумендер зиянын қай кезде байқаймыз,ағза дәрумендерден зарлап шекпес үшін қандай  ережені орындауымыз қажет?  

 

Жаңа сабаққа әзірлену

СҰРАҚ
Астың бір бөлігін тістеп , ауыз құысына апардық, одан кейін ……….?

 

ЖАУАП
 Тіспен тістеп, жұмсартамыз , оны жұтамыз…..

Бұл процесс қалай аталады? (Бұл процесс  — Ас қорыту процесі деп аталады)

Жаңа сабақ:

Біз тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз.

 СОКРАТ

Дұрыс тамақтану дегеніміз бұл аз-аздан әр түрлі  тамақтарды  қабылдау.

Ағза үнемі жұмыс атқарады, сондықтан уақытылы тамақтануды  талап етеді.

Ағзада  — біз қабылдаған тамағымыз арқылы  қуат бөлінеді.

Осы қуаттың арқасында  адам —— жұмыс істейді, қозғалады, білім алады.

  1. Ас қорту жүйесі (кесте)
  2. Астың қорытылуы (кесте )
  3. Ас қорыту  процессі  «Физиология» ғылымы (Павлов И.П.)

Дүниежүзілік  тамақтану физиологиясы  атақты ғылымдарға бай.   Бірақ  физиология  жүйесі өсу  және даму  үшін,  көп үлесін қосқан  орыс физиологі Иван Петрович Павлов, өзінің еңбек жолында ас қорыту физиологиясын  бір неше жылдар зерттеп, ағза ішіндегі терең жатып  зерттеуге көрінбейтін ас қорыту бездерінің негізі шарттарын анықтап берді .

Қазір Ресей мемлекетінде  Павлов ғылыми мектебі бар. Ол мектепте әлі күнге дейін оның жұмыстары зерттеліп ,пайдаланып жүр. И.П.Павлов1890-1892 жылдары ас қорыту физиологиясын шартты рефлекске айналдырып  дүниежүзі атаққа ие болды.

Ас қорыту мүшелері

Ауыз қуысы

Сілекей бездері

Өңеш

Бауыр

Асқазан

Өт

Қатпаршақ (ұлтабар)

Асқазан бездері

Тоқ ішек

Ас ішек

Тік ішек

 

Ас қорыту мүшелерінің міндеті

  • Қоректі заттарды ұсақтау
  • Ас ботқасын ас қорыту жолымен қозғалту
  • Ас қорыту ферменттерін жасау.
  • Қорытылмаған ас қалдығын сыртқа шығару
  • Ақуыз, май, көмірсу, минералды заттар мен суды сіңіру.

Ауыз қуысы және жұтқыншақ

Астың қорытылуы ауыз қуысынан басталады, адамда 32 тіс бар. Ауыз қуысына тәулігіне 1,5-2 л дейін сілекей бөлінеді де , ас сілекеймен шыланып тіспен ұсақталады.

Сілекей бездерінің құрамында көмірсуды ыдырататын, залалсыздандыратын муцин,птиалин, лизоцим  ферменттер болады.

Ауыз қуысынан ас жұтқыншақ арқылы өңешке, одан соң қарынға түседі де қорытыла бастайды

Өңеш

Өңеш – ұзындығы 25 см, іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның жоғары  бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі қарынмен жалғасады.

 Бауыр

Бауырдан бөлінетін өттің әсерінен май ұсақ тамшыларға ыдырайды. Бауыр- мүшелердің тіршілігінен пайда болған ағзадағы улы заттарды залалсыздандырып отырады.

Асқазан

Қарында  — ас,  4-8 сағатқа дейін болады, оның сыйымдылығы 1,5-3 литр.  Қарындағы көптеген бездер — қарын сөлін бөледі. Оның құрамында пепсин ферменті, асқазан қызметін күшейтетін тұз қышқылы болады. Сөл бөліну орталығы сопақша мида болады. Шала қорытылған ас ботқасы қарыннан аш ішекке біртіндеп, аз-аздап өтіп отырады.

Аш ішек

Аш ішек  — қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшық етті мүше.

Ұзындығы  5,5 – 6 м. Аш ішектің қарыннан басталған 25-30 см бөлімі  — ұлта бар  — (12 елі) ішек деп атадады

Ұлтабар ұшына бауыр мен ұйқы безінің сөл шығару өзектері ашылады. 

Тоқ ішек

Тоқ ішектің ұзындығы  1,5 – 2 м. Аш ішектен екі есе жуан. Тоқ ішектің аш ішектен  басталған оң жақтағы мықын туысындағы орны бүйен деп аталатын .

Бүйеннің төменгі шетінде  7-8 см  құрт пішіндес лимфа мүшесіне жататын соқыршек болады.

Соқырішекте бактериялар көп болады. Ішек таяқшасы ауру тудыратын бактериялардың көбеюіне кедергі жасайды, ағзаға қажет кейбір витаминдердің түзілуіне қатысады.

Тұрып қалған ас, қайнамаған су, адамның жеке бас гигиенасын сақтамаған жағдайда ішек-қарын ауруларына душар болады.

Ас қорыту жүйесі
Мүшелер Ауыз Жұтқыншақ Өңеш Асқазан Аш ішек Тоқ ішек Ұйқы безі Бауыр
Қызметі Асты ұсақтау, ас қорыту жүйесіне өткізу Жұту , жылжыту Жылжыту Ас қорытылады Ас сіңіріледі Аш ішектің жалғасы, ашытатын микроорганизмдер болады Сөл бөледі, ішкі секреция қызметін атқарады Өт бөледі, ұлы заттарды залалсыздандырады
Байланыс Қорек заттарын ағзаға сіңірлетіп заттарға  ыдырату және организмге сіңіру
Нәтижесі

Организм өседі,  жасуша жаңартылады,ұлпаларды қалпына келтіреді

және энергия пайда болады.

Жағдаят Ас қорыту жүйесі өз қызметін атқару үшін қандай жағдайлар қажет?

 

Ас даярлаушының жеке бас гигиенасы таза емес және пайдаланған құрал жабдықтар санитарлық талаптарға сай емес жағдайлары

(Слайдта көшедегі  дайын тағамдар, оларды лас орындарында дайындалу және  шаң.қоқыс жанында  тамақ сату суреттері көрсетіледі)

НӘТИЖЕСІ… Ұлану кезінде бірінші көрсететін көмек еределерін айтып өту

Жаңа сабақты бекіту: (3-тапсырма)

1 тапсырма  —  «Жағдаят»

2 тапсырма  —  Ағза мүшелерін орналастыр

3 тапсырма  —  «Сөйлемді жалғастыр…»

1-тапсырма  «Жағдаят»

  1. Неге сорпаны немес суды дәрігер инесімен қанға бірден жіберсек адам өліп кетуі мүмкін, сол ас қорыту жүйесі арқылы барса ,зиянсыз, қанға өзі сіңіріледі?
  2. Ауызда сөл болмаса, неге жұта алмаймыз?
    3. Ауру тісі бар немесе тісі жоқ адамның асқазаны неге ауырады?

2 тапсырма  Ағза мүшелерін орналастыр

3 тапсырма  —  «Сөйлемді жалғастыр…»

Сабақты қорытындылау:

Сонымен, біз  балалар  мақсатымызға  жеттік  пе?

  Нені  білемін?

  Нені   білдім?

  Нені  білгім  келеді?

Білімгерлер нені білді?

  1. Ас қорыту мүшелерін, олардың қызметін, орындау қызметі
  2. Ас қорыту кезінде бөлінетін ферменттері
  3. Асқазан-ішек ауруларының себептері
  4. Ас қорыту мүшелерінің ауруларын және алдын алу ережелері
  5. Біз аспазшылар санитарлық және гигиеналық ережелерді сақтап , ас әзірлеуіміз қажет

Үйге тапсырма:

І деңгей – егер  іш құрылысына  тіл бітсе… (эссе жазу)

ІІ деңгей —  дәрумендер ішкі ағзаға әсері тұралы кесте құрастыру

ІІІ деңгей —  Ас қорыту процесінің құрылысын  А3 форматты қағазға түсіру

Бағалау

 

Ошақбаева Гульназ Токтагуловна

Жамбыл облысы, Меркі ауданы №9 Меркі колледжі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ