Ата-аналар жиналысын сәтті өткізудің 10 құпиясы ( ұстаз үшін жадынама)

0
3378
Иллюстрация: Freepik.com

Білім мен дағды күнделіктегі ізденістің жиынтығынан жасалады.

( Д. И. Писарев )

Сынып ата — аналар жиналысының басты мақсаты — бүкіл сынып ата — аналар ұжымымен бір уақыт ішіндегі байланыстың зор нәтижелі формасы және сынып жетекшісінің ата – аналар жүрегіне жол таба алу әдісі болып есептеледі.

Мектепте сынып ата — аналар жиналысында көбінесе мынандай жағдайды көруге (елестетуге ) болады: жиналысқа қатысуға тиісті болған 25 — 26 ата – ананың тек 30 % ғана келіп отырады.

Осыдан, біз, педагогтар, ата – ананың бала тәрбиесіне жауапсыз қарайтынын байқаймыз. Сол себептен ата – аналарға бала тәрбиесіне аса зор назар аудару керек екендігін ұғындыру мақсатында жиналыстарды дұрыс, қызықты, мазмұнды және нәтижелі өткізуді жоспарлау қажет.

Жоғарыда атап көрсетілген жағдайды өзгерту үшін жиналыстарды қалайша қызықты және тиімді өткізуге болады?

Сынып ата – аналар жиналысына дайындалу және өткізудің әртүрлі тиімді әдіс – тәсілдері бар. Осы әдіс — тәсілдер арқылы педагогтар:

а) ата – аналардың мәдениеттілігін қалыптастыруға;
ә) педагогика мен психологияның түрлі проблемаларына қызығушылығын
арттыруға;
б) бала тәрбиелеу барысында түрлі жағдаяттарда шешім жолдарын таба алуға көмектеседі.

Ата — аналар жиналысы мектеп өміріндегі қажетті атрибуттардың бірі. Оны қызықты және тиімді өткізу әсіресе, енді жұмыс бастаған жас сынып жетекшісіне ең пайдалы кеңес болары сөзсіз.

1. Ата — аналар жиналысын өткізу үшін барынша ыңғайлы күнді және уақытты таңдаған жөн. Осы уақытқа сіздердің оқушылырыңыздың, ата — аналарының да ешқандай істері жоспарланған болмауы керек.

2. Ата – аналарды жиналысқа шақырудың тиімді әдістерінің бірі – шақыру қағаздарын даярлау. Шақыру қағаздарын түрліше безендіруге болады. Мәселен: типографиядан шыққан варианты, оқушылардың өз қолымен жасалған нұсқасы немесе ата – аналар комитетінің көмегімен. Ең бастысы, бұл шақыру қағаздары ата – ана қолына жиналысқа 2 сағат қалғанда емес, бәлкім алдын ала жеткізілуі тиіс. Шақыру қағаздарына жиналыстың нақты тақырыбы, күн тәртібіне қойылған мәселелер, байланысу үшін сынып жетекшісінің, сынып ата – аналар комитеті төрағасының ( төрайымы ) телефон нөмері жазылғаны жөн.

Шақыру қағаздары сынып қорында жиналып, кез келген мейрам, әсіресе оқу жылының аяқталуы немесе мектеппен қоштасу кештерінің көркі болуы мүмкін.

3. Сынып ата – аналар жиналысына Сіздердің сынып оқушыларыңызды қызықтыратын маңызды проблеманы таңдаңыз және ата – аналармен бірге шешімін таба білуге әрекеттеніңіз.

4. Әсіресе сыныпта ата — аналардың отыру қалпына мән беріңіз. Ата — аналар жиналысына қатысушылардың бір – бірін жақсы көре алуы және естуі үшін үстел мен орындықтарды дөңгелек түрінде орналастыру керек.

5. Ата – аналар бірін — бірі жеткілікті жақсы танымаған жағдайда ата — аналардың аты — жөні жазылған визиткаларды дайындаған жөн.

6. Ата — аналармен жиналыс қатысушылырына арналған ережені ойлап табыңыз. Мысалы:
— міндетті түрде сыртқы киімді шешу;
— проблемаларды талқылау барысында үндемей отыруға болмайды;
— ұсыныстарға, пікірлерге қарсы шыққанда өз ұсыныстарын енгізу;
— бір — бірін аты — жөнімен атауға; т. б.

7. Жиналысқа шақырылғандардың уақытын бағалай біліңіз.
Осы мақсатпен уақыт тәртібін ( регламент ) орнатыңыздар және оның сақтауының қатал қадағалыңыздар.

8. Жиналыс барысында ата – аналардың өзара қарым – қатынаста болу үшін ойындар, әңгіме, пікіралысу ұйымдастырыңыз.

9. Жиналысты еркін және ашық түрінде өтуіне ата — аналарға кофе — брейк ұйымдастыру да тиімді.

10. Проблемалық мәселелерді талқылау барысында педагогикалық және өмірлік тәжрибеге ие ең беделді ата – аналар, мектеп кенесінің мүшелерінің пікіріне сүйеніп, басшылыққа алыңыз. Жиналыста нақты шешім қабылдауға қол жеткізіңіз.

Басқа материалдар:

  1. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  2. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  3. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  4. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  5. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ
  6. Ата-аналар жиналысына арналған тренинг

ПІКІР ҚАЛДЫРУ