Аттила (Еділ) патшаның өмірі туралы деректер

0
8255

Еділ (шамамен 400, Қара теңіздің солтүстік жағалауы – 453 / 454) – әйгілі Ғұн империясының билеушісі. Оны Аттила деп сол кездегі латын тілінде, яғни Рим империсының мемлекеттік тілінде атағандықтан тарихта осы термин қалыптасты.

Алайда оның есімін әр халық әр түрлі айтады. Ғұн ордасымен тығыз байланыста болған герман тайпалары тілінде оны Эцель, дат тілінде Артала, испан тілінде Аттила, қытай тілінде Әтил, қазақ және басқа түркі халықтарында Еділ деп аталады. Аттила есімінің түбірі Еділ (орысша Волга) өзені атымен байланысты. Аттила аталары билік еткен ғұн тайпаларының Батысқа жорығы (ІҮ ғ.)халықтарының ұлы қоныс аударуының басталуына түрткі болды.

434 ж. Ғұн империясының королі Руғила өлгенде мемлекет билигі оның немере інілері Бледа мен Аттила қолына тиді. 10 жылдай ол билікті немере ағасы Бледемен бөлісіп, 445–453 жж. жалғыз өзі билік етті.

Аттила шайқастарының тарихы оның аса дарынды қолбасшы болғандығын танытады. 443, 447–448 жж. Аттила әскері қаутты Шығыс Рим империясына жорық жасап, оны тізе бүктірді. 452 ж. Мүмкіндігі бола тұрса да Рим қаласын қиратыға бармады, тек салық жинап кері қайтты.

Аттиланың үлгісі жалпы адамзаттық өркениетті отырықшы халықтар ғана емес, Орта Азияның көшпелілері де жасағаның айқын көрсетті. Еділ патшасының кезінде Ғұн империясының жоғарғы сатысына жетті. Бұл империя Европаны Рим үстемдігінен азат етті, құл иеленушіліктің жойылуына әсерін тигізді. Аттила билігі тұсында ғұндарда әскери демократиялық құрылыс нығайды. Олар Европаның тұрғылықты халықтарын жаулап алып, қалаларды бағындырғанымен өздерінің көшпелі қалпын бұзған жоқ.

Бұрын жеңіліс көрмеген Аттила қайтыс болғаннан кейін ғұн тайпалар одағы ыдырап, тарап кетті. Аттиланың денесі Тисса өзенінің арасына жерленген. Айбынды ғұн көсемі Европаның көптеген халықтарының фольклоры мен жазба әдебиетінің кейіпкері болып мәңгілік сақталып қалған.

Дереккөз: Тarih.spring.kz

Тарих пәні бойынша басқа да ақпараттар: 

  1. Анақарыс немесе Анахарсис туралы мәлімет

  2. «Ежелгі Қазақстан» тақырыбы бойынша тест сұрақтары жауабымен

  3. Тас ғасырының тарихи хроникасы
  4. Сақтар. Олардың қоғамдық құрылымы мен мәдениеті

  5. Ежелгі Египеттің тұрмыс-тіршілігі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ