Қазақ халқының саңлақтары

0
1094
Freepik.com

Қазақстан Республикасында Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша тәуелсіз еліміздің тарихы негізінде ең таңдаулы адамдарға “Мыңжылдық саңлағы” және “Ғасыр саңлағы” деген атақтар берілді.

“МЫҢЖЫЛДЫҚ САҢЛАҒЫ”

  • Қожа Ахмет Яссауи /1093-1166/ — исламдық діни әдебиеттің негізін салған ақын, кемеңгер ойшыл. Кейінгі ұрпаққа “Диуани хикмет” /“Даналық кітап”/ атты өшпес мұра қалдырған, аты аңызға айналған қасиетті әулие.
  • Әз-Жәнібек хан Барақұлы /ХҮғ.басы – 1480/ — Қазақ хандығының негізін салушы хандардың бірі. Ол қазақтың тұңғыш ханы Кереймен бірге ұлттық мемлекетіміздің шаңырағын көтерген.
  • Мұхаммет Хайдар Дулати /1499-1551/ — қазақ халқының тұңғыш тарихшысы, әрі жазушысы. “Тарихи Рашиди” атты тамаша тарихи еңбек жазған.
  • Үйсін Төле би Әлібекұлы /1663-1756/ — ұлы жүздің төбе биі, атағы жер жарған шешен. Әз-Тәуке, Абылай хан тұсында қазақ хандығын нығайтуға айрықша еңбек сіңірген мемлекет қайраткері.
  • Қаз дауысты Қазыбек би Келдібекұлы /1665-1763/ — орта жүздің қара қылды қақ жарған әділетті ұлы биі, жезтаңдай шешен. Қазақ мемлекетін нығайтуға, басқыншы жаудан елді қорғауда ерекше үлес қосқан қайраткер.
  • Алшын Әйтеке би Баубекұлы /1688-1748/ — кіші жүздің биі, белгілі шешен. Төле, Қазыбек билермен бірге “Жеті жарғы” әдет заңын жасаған, әрі хан кеңесшісі болған мемлекет қайраткері.
  • Абылай хан /1711-1781/ — қазақ елін бір мемлекетке біріктіру жолындағы ұлы күрескер, елді ішкі-сыртқы жаулардан қорғаған қаһарман хан, саясаткер, қолбасшы, батыр.
  • Құрманғазы Сағырбайұлы /1823-1889/ — қазақ халқының ұлы композиторы, күйші. Ұлттық музыка мәдениетін жоғары сатыға көтерген мәдениет қайраткері.
  • Шоқан /Мұхаммедханапия/ Шыңғысұлы Уәлиханов /1835- 1865/ — қазақ халқынан шықан тұңғыш ғалым. Тарихшы, этнограф, географ, саяхатшы, ағартушы-демократ.
  • Абай Құнанбаев /1845-1904/ — қазақ халқының данышпаны, ұлы ақын, кемеңгер ойшыл, жазба әдебиетінің негізін салушы.

“ҒАСЫР САҢЛАҒЫ”

  • Әлихан Бокейханов /1866-1937/ — Алашорда өкіметі мен “Алаш” партиясының негізін салушы әрі көсемі. Қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы ұлы күрескер, мемлекет, қоғам қайраткері, ғалым.
  • Ахмет Байтұрсынұлы /1873-1937/ — ұлы ағартушы, аса көрнекті ғұлама ғалым, ақын, публицист, түркітанушы. Қазақ алфавиті мен баспасөзінің негізін салушы. Азаттық жолындағы айтулы күрескер. Алашорда өкіметі мен “Алаш” партиясының негізін салушы әрі көсемі, мемлекет, қоғам қайраткері.
  •  Дина Нұрпейісова /1861-1955/ — қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, домбырашы, күйші, композитор.
  • Мұхтар Омарханұлы Әуезов /1897-1961/ — аса көрнекті қазақ жазушысы, академик. Данышпан ақын Абай өмірінен тұңғыш энциклопедиялық эпопея жазған ұлы суреткер. Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты.
  • Қаныш Имантайұлы Сәтбаев /1899-1964/ — аса көрнекті ғалым, біртуар академик. Қазақстан ғылымының негізін салған. Қазақ ССР Ғылым Академиясының шаңырағын көтерген және оның тұңғыш президенті. Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты.
  • Бауыржан Момышұлы /1910-1982/ — Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, жазушы, әскери қайраткер, ұлт мақтанышы.
  • Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев /1912-1993/ — КСРО және КОКП Орталық Комитетінің, Кеңестік Қазақстанның аса көрнекті басшысы, академик. Қазақстанның мәдениеті мен экономикасын дамытуға ерекше үлес қосқан ұлы тұлға.
  •  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — /1940 жылы туған/ — тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, көрнекті мемлекет қайраткері, бейбітшілік пен татулық және ел бірлігі жолындағы жалынды күрескер.
  •  Олжас Омарұлы Сүлейменов / 1936 жылы туған/ — қазақ халқының аса көрнекті ақыны. Қарусыздану мен бейбітшілік жолындағы табанды күрескер, дипломат, қоғам қайраткері.
  •  Тоқтар Әубәкіров /1946 жылы туған/ — қазақ ұлтынан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңестер Одағының батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, қоғам қайраткері.

Басқа материалдар:

  1. Тіл сырына саяхат. Артық болмас, білгенің…
  2. Тіл жаның, тіл — қаның, тіл-арың, тіл — әнің (Әдеби ойын – сайыс)
  3. Жасай бер, Ана тілім — Қазақ тілі! (Тақырыптық кеш)
  4. Тіл — біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (Әдеби ертеңгілік)
  5. Тіл өнері мен сөз құдіреті туралы мақал-мәтелдер
  6. «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
  7. Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы
  8. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  9. «Білімді информатик» сайысы
  10. Жасанды интеллект деген не?
  11. Информатика пәніне қатысты глоссарий

ПІКІР ҚАЛДЫРУ