Қазақстан Республикасының сот билігі (Сабақ жоспары)

0
1015
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың  тақырыбы:   Қазақстан  Республикасының  сот  билігі

Сабақтың  мақсаты:  Сот билігі мемлекеттік биліктің дербес тармағы. Сот  билігі азаматтардың бостандықтарын, заңды  мүделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың  құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін  құрылатын билік тармағының бірі.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Құқықтық тәрбие беру, құқықтық тәрбиенің   мәнін ашып көрсету.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Құқықтық сананы қалыптастыру,

құқықтық білімін жетілдіру.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституцясы. Оқу көрнекілік

таблицасы.

Сабақтың түрі: Конференция. «Алтын қақпа» ойыны түрінде.

Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру бөлімі.

2.Үй тапсырмасын сұрап, бағалау.

3.Алтын қақпаны ашу.

4.1.2.3.

а) Бұл мемлекеттік биліктің дербес тармағы болып табылады, оны республика атынан сот қана жүзеге асыра алады. Сот билігі азаматтардың, олардың бірлестіктерінің құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, өзге нормативтік актілердің халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылады.

Сот құрамы: Жоғарғы сот төрағасынан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Оларды Президенттің ұсынуымен Сенат сайлайды. Төменгі сот құрамын жоғарғы соттың ұсынысы бойынша Президент тағайындайды.

Жоғары сот кеңесінің құрамы:

Президент басқарады.

Конституциялық кеңес төрағасы.

Жоғары сот төрағасы.

Бас прокурор.

Әділет министрі

Сенат депутаттары.

Прокуратура: Республикадағы заңдардың, Президент жарлықтарының және басқа да нормативтік актілердің дәлме – дәл және біркелкі қолданылуын қадағалайды.Сотта тек мемлекет мүддесін білдіреді. Бас прокурор  тек Президент алдында ғана есеп береді. Өкілеттілігі – 5 жыл.

Міндеті:  Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттардың орындалуын қорғайды.

Құқы: Судья сот төрелігін іске асыру кезігде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Сот қызметіне қандай да болсын араласуға  жол берілмейді.Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді, тек оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтермен шұғылданады.

Судья лауазымына алғаш рет  ұсынылған  адам ант береді. Жоғарғы соттың судьялары облыстық соттар мен соларға теңістірілген соттардың төрағалары антты жоғарғы соттың пленумында береді. Қалған судьялар судьялардың тиісті конференцияларында береді. Судья антты қолдарын Қазақстан Республикасының Конституциясына қойып тұрып береді. Конституцияда сот төрелігінің принциптері белгіленген, судья заңды қолданғанда сол принциптерді басшылыққа алуы тиіс.

1.Адамның кінәлілігі  сот үкімімен  танылғанша қылмысты болып есептелмейді. Жауапқа тартылған адам қылмысы  дәлелденбей қылмыскер болмайды.

2.Құқықты бір рет бұзған адам сол үшін екінші рет жазаға тартылмайды. Әкімшілік құқықты бұзғаны үшін де, бір рет шара қолданады.

3.Сотта әркім өзінің сөзін тыңдатуға қақылы. Сот жазалаушы орган емес, ақиқатты анықтауға және мәселені әділдікпен шешуге тиісті орган.

4.Конституция белгілі бір жағдайларға занңың кері күші болмайды деп белгілейді:

а) жауапкершілікті  белгілейтін  немесе күшейтетін;

ә) азаматтарға жаңа міндеттер артатын;

б) азаматтардың жағдайын нашарлататын. Құқықты бұзғаннан кейін заң сол құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті жоятын не жұмсартатын болса, онда жаңа заң қолданылады;

5.Айып тағылған адам өзінің кінәсіздігін  дәлелдеу міндетті емес. Оның кінәлілігін тиісті орган дәлелдеуі  тиіс. Бірақ барлық заңды тәсілдерді пайдалана отырып, өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге қақылы.

6.Адам өзіне – өзі куәлік беруге міндетті емес деген үлкен жауапкершіліктен туындайды. Кісі өзінің жақын туыстарына қарсы куәлік беруге міндетті емес.

  1. Сот төрелігінің маңызды принципі – кісінің айыптылығына қандай да күмәнданушылық туса, соның бәрінде сотты болған адамның пайдасына қарай бейімдеу.

8.Заңсыз тәсілмен алынған айғақтарға заңсыздық конституциялық  принцип  болып табылады. ҚРК 17 бабы:

1.Адамның қадір – қасиетіне қол сұғылмайды. Адамшылық  қасиетін қорлау жолымен алынған айғақтар заңсыз деп есептеледі.

2.Ешкімді азаптауға, эорлық – зомбылық жасауға, қатыгездік немесе адамдық қадір – қасиетін қорлауға болмайды.

  1. Конституцияда қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға болмайды. Қысқасын айтқанда: егер заңда көрсетілмеген болса, онда қылмыстың болмағаны.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Ұқсас материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ