Қазіргі заманғы экологиялық проблемалар (Сабақ жоспары)

0
5532
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың тақырыбы:  Қазіргі  заманғы  экологиялық  проблемалар

Сабақтың мақсаты:    Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі  болып  отыр. Адам мен табиғат арасындағы қайышылықты шешуді қоғам реттейді. Оның – қызметі адамдардың жоғарғы экологиялық санасын тәрбиелеу және олардың өзін қоршаған әлемді қорғауға бағыттап оқушыларға табиғи тазалық туралы жан – жақты мол мағлұмат беру.

Көрнекілігі:  Экологиялық тақырыптағы түрлі суреттер. Л. Леонов, Ш.Айтматов, М.Әлімбаев, Ж.Мусиналардың табиғат туралы нақыл  сөздері, кітап көрмесі.

Сабақтың  түрі:  Сұрақ – жауап, әңгіме. Лекция. Медицина қызметкерлері мен ауыл  әкімін қатыстырып бірлесіп өткізу.

Сабақтың  жоспары:  1.Ұйымдастыру  бөлімі.

2.Үй тапсырмасын сұрап, бағалау.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Үй тапсырмасын бекіту. Қосымша  сұрақтар беру.

5.Үйге тапсырма беру.

  1. «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ».
  2. Біздің мақсатымыз – бүкіл халыққа экологиялық білім беру, олардын табиғаттын

қорғауға тәрбиелеу.

  1. Табиғатты қорғаудың негізгі заңдары.

 

  1. Табиғаттың тазалақ заңы:

   Табиғаттың тазалығын сақтайтын да, оны ластап ұстайтын да адам.

2.Табиғаттың мол қазыналық заңы:

Мол қазыналы табиғатсыз адам өмірі де, құратын қоғам өмірі де – тұл.

3.Табиғаттың көркемдік немессе сұлулық заңы.

   Сұлулықты сақтау, көркемдікті қызғыш құстай қорғау – өмір сүрудің негізгі сара жолы.

  1. «Табиғатпен ортақ тіл табылған жағдайда ғана адамзат өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыра алады». (Ш.Айтматов)

  2. «Бір түп отырғызған адам бекер өмір сүрді деуге болмайды.»

«Өлкенің көркі мал болар, өзеннің көркі тал болар»  (Халық  нақылдары).

6.Экология – «Тіршілік ету мекені, өмір сүрген орта туралы ғылым» дегенді білдіреді. Оны атақты табиғат зерттеушісі Эрнет Геккель тұнғыш рет 1869 жылы ғылыми сөздік қорға қосты.

7.1989 жылдың көктемінде ақын О.Сүлейменовтың ұсынысы бойынша «Невада — Семей» экологиялық қоғалысы құрылды.

  1. Мұқтар Шахановтың ұсынысымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды.
  2. 1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлық жариялаған соң, ядролық сынау тоқтатылады.

  Танымай өтеміз бе киеліні?

 Қырсығы білместіктің тиерін де.

 Ұрпағын дал болар ма ағаш таппай,

  Кәдімгі домбыраның тиегіне.  (М. Әлімбаев)

            Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі болып отыр. Олі біздің елімізде де, әсіресе индустриялы, дамыған орталықтарда да, соның ішінде ауыл – шаруашылық аймақтарында да өткір түрінде қойылуда. Табиғи қорларды тиімді пайдалануда, қалаларды, елді мекендерді көгалдандыруда, ұлттық паркетер, көгалды аймақтар жасауда көптеген шаралар іске асырылса да, қоршаған ортаны қорғауда жауапсыздық, болашақты ескермеушілік орын алып отыр.

Ауаның, судың, жердің ластануы нәтижесінде адамдардың өміріне және олардың өмір сүру ортасына зор қауіп төніп отыр. Кезінде белгілі жазушы Л.Леонов: «Адам баласының алдында бүгінде бірінші кезекте екі мәселе тұр. Бейбітшілікті және табиғатты қорғау, екеуі де болашақ өмір сүрудің шарты» деген.

Ал, Ш.Айтматов: «Біз бүгінде өркениеттің шыңына жеттік. Онда адам табиғатты тұтынушы ғана емес, сонымен қатар бағындырушы, жасаушы болды. Біз бүгінде оған тәуелді ғана емеспіз, ол бізге тәуелді» — деп жазды.

Біздің республикамыздың табиғи байлық қорлары мол. Бізде 48 мың көл, 85022 өзен бар. Өсімдік және жануарлар әлеміне бай. Қазақстан жерінде 6 мыңға жуық өсімдіктің түрлері, сүт – қоректілердің 172, құстардың 490 түрі бар. Осы байлықтарды тиімді түрде, аса зор қамқорлықпен пайдалануымыз керек.

Соңғы отыз бес жыл көлемінде Арал теңізі 700 км3 су қорынан айрылды. Теңіз суының тұздылығы бір литрге шаққанда 20 граммнан асып түсті. Теңіз деңгейі 17 метрге

төмендеп, жиектер жүздеген километрге қашықтап кетті. Жыл сайын 75 миллион тонна топырақ пен тұзды шаң ұшады. Ол барлық тіршілікті түбірінен  құртуда.

Арал экологиялық апатты аймаққа айналды. Аралдың су қорын толтыратын Орта Азияның екі ірі өзені Амудария және Сырдария еді. Арал теңізінен жыл сайын 450 тонна бағалы балықтар ауланды, миллион ондатор терісі алынды. Теңіз суының сапасы нашарлап, көлемінің күрт кетуі әсемдік әлеміне кері әсерін тигізді. Өңірді мекендеген 51 жабайы аңның 13 түрі қалды. Арал теңізінен балық мүлде ауланбайтын болды. Жер тұзданып, оның өнім беруі тоқтады.

Бүкіл  Арал аумағында іш ауруы етек алды. Балалардың өлімі Жапониядан 20 есе асып түсті. Қарын, бүйрек, бауыр аурулары адамдарды өмірлік мүгедекке айналдырды. Балалар ауру болып туылуда. Семей аймағындағы ядролық сынау халықтың қайғысына  айналды. Бірінші рет 1949 жылы тамыз айында 16 мың км2 кеңістікті камтыған жарылыс басталды. Ашық ауада ядролық жарылыс 14 жылға жалғасты. Осы кезенде 500 ядролық жарылыс өткізілді. Ядролық техниканы сынаудың нәтижесі: рак, катаракты, туберкулез, аллергия, глаукома, жүрек, тері және жүйке психологиялық аурулар, екі басты, қоян жақ, бүйрексіз балалардың өмірге келуі.

Тек 1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлық жариялаған соң, ядролық сынау  тоқтатылды. Соның  нәтижесінде  Іле өзенінен Балқашқа құятын су мөлшері азайды. Үлкен Алматы каналының салынуы химиялық  тыңайтқыштарды көп пайдалану егістік жерлерді тұздандырды.

Қоғам мен табиғат арасындағы қатынас шиіленісе түсті. Осылайша экологиялық апат адамдардың денсаулығына қауіп төндірді. Табиғаттың бүлінуіне техника, өндіріс қана кінәлі емес, кінәлі адамдардың іс – әрекетінде, дұрыс басқармаудан, қабілетсіздіктен, қоршаған ортаны сақтауға ынтаның жоқтығынан. Табиғатты қорғаудағы басты стратегиялық бағыт – қалдықсыз технологиялық процестерді енгізу.

Табиғатты қорғау саласының бірі – экологиялық бақылау. Республика бойынша облыс, аудан, қалаларда қоршаған ортаны қорғау, экологиялық бақылау мекемелері құрылды.

Адам мен табиғат арасындағы қайшылықты шешуді қоғам реттейді, оның қызметі – адамдардың жоғарғы экологиялық санасын тәрбиелеу және олардың өзін қоршаған әлемді қорғауға бағытталған ынталы жігерін қолдау.

  Ұлы  бұлт торламасын көгімізді!

Сақтайық өзен, тоғай, көлімізді.

Бөлейік жасыл желек, ну егіске,

 Сан ұлтқа сая – мекен жерімізді.

 Табиғат – төл анамыз,

Тынымсыз – ауамыз.

                                                                                    (Ж.Мусина)

 Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Оған медицина қызметкері мен ауыл әкімі толық жауап берді.

Оқушылардың  сұрақтары.

 1.Табиғаттың тазалығын сақтайтын да, ластап ұстайтын да адам. Ауыл экологиясын     тазарту – таза ұстау жөнінде, қандай шаралар істеліп жатыр?

  1. Бұрын көшені тазартып, техникалар бөліп түрлі күл- қоқыстардан тазартатын еді,     соңғы кезде бұндай шаралар істелініп жатырған жоқ. Ауылымыздың ішінде көптеген  күл – қоқыстар үйіліп қалуда, ал құстардың өлімтіктері көптеп кездесуде. Тазалыққа неге соңғы кезде көңіл бөлінбейді?
  1. Соңғы уақытта жол бойындағы, ауыл ішіндегі көшеге сән беріп тұрған ағаштар көптеп  кесілуде, енді 1 – 2 жылда жасыл – желексіз қалмаймыз ба, бұндай жолсыздыққа  әкімшілік атынан тиым  салына ма?
  1. Соңғы уақытта ауылда, ауданда халық арасында қандай аурулар етек алуда?     Олардың алдын – алу үшін қандай шаоалар жасалды?
  1. «Сулы жер — нулы жер» деген ата – бабаларымыз туған өлкеміздегі су көздері туралы  не айтар едіңіз?

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Ұқсас материалдар: 

  1. Қазақстан Республикасының адвокатурасы (сабақ жоспары)
  2. Сабақ жоспары: Кіріспе және адам құқықтары туралы түсінік
  3. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (сабақ жоспары)Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша сабақ жоспары
  4. «Виет теоремасы» бойынша сабақ жоспары
  5. Қазақстан Республикасының прокуратурасы (сабақ жоспары)Сабақ жоспары: FrontPage редакторының қосымша мүмкіндіктері
  6. Заңды білу – заман талабы (Сабақ жоспары)
  7. Қазақстан Республикасының сот билігі (Сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ