Заңды білу – заман талабы (Сабақ жоспары)

0
983
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың тақырыбы:  «Заңды білу – заман талабы».

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың құқықтық сана – сезімін қалыптастыру, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен  тәртіптіліктің тиімді жолдарын түсіндіру.

Тәрбиелік мақсаты: Конституция т.б., құқықтық, нормативтік актілерді   орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке,   құқықтық салауаттылыққ тәрбиелеу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімін дамыту, ойлау,

сөйлеу қабілеттерін шыңдау.

Сабақтың түрі: Танымдық ойын сабағы. (Мектеп көшбасшысы)

Сабақтың әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, пікірталас, ойын.

Пәнаралық байланыс: Тарих, физика, химия, биология, әдебиет т.б.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, заңға байланысты газеттер, буклет, заңдар жинағы.

Ойынға қатысушылар: 4 – ойыншы, 2-жүргізуші, әділ қазылар.

Кіріспе сөз:

1 – жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар!

2 – жүргізуші: Армасыздар, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар!

1 – жүргізуші: Қанға бөктеріліп басылған бодандыққа қарсы бұлқыныс – желтоқсан

                          оқиғасының 23 – жылдығына мектеп оқушылары арасындағы «Заңды

білу – заман талабы» тақырыбындағы «Мектеп көшбасшысы»

құқықтық – танымдық ойнын бастауға рұқсат етіңіздер.

2 – жүргізуші: Желтоқсаншылар біз үшін өшпес бейне, ұлтымыздың мақтанышы,

                           туған жеріміздің биік жұлдыздары.

1 – жүргізуші: Ойын барысы 5 – кезеңнен тұрады.

1 – кезең: — Бәйге. 16 – сұрақ беріледі, әр сұраққа 10 – ұпай.

2 – кезең: — Тіл өнері. Мақал айтылады, ішінен бір сөз яғни құқықтық, заң терминдері

                     жасырылады. Сол сөзді тауып орысша, ағылшынша аударды, әр дұрыс

аудармаға 10 – ұпай.

3 – кезең:  — Жеті жұмбақ. Жеті пән бойынша және кино – жұмбақ ретінде арнайы

                     сұрақ  жасырылады. Жасырылған сандардың өз пәндеріне сәйкес ұпай

жиналады. Бұл ойында ең аз ұпай жинаған 2 ойыншы ойыннан

шығарылады.

4 – кезең: — Тапқырлық. Жүргізуші тапсырманы оқиды, ойлануға 15 сек. Уақыт

                     беріледі. Дұрыс  жауапқа 20 – ұпай берілді.

5 – кезең: — Жорға. Барлығы 15 сұрақ. 1 мин жауап беріп үлгеруі керек.

2 – жүргізуші: Желтоқсанның жойқын желі Қазақстанның барлық түкпір – түкпірінен

                        жетіп, бодандық бұғауын үзіп, отаршылдықтан босаған жаңа егеменді

тәуелсіз мемлекетті дүниеге әкелді. (Бәйге).

1.ҚР Конституциясының 1 – бабы, 1 – тармағы. (ҚР өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі мен құқықтары, бостандықтары).

  1. Адам құқықтары туралы халықаралық билль атты әйгілі 5 – құқықты құжаттарды

атап көрсетіңіз.

(Адам құқықтарының жалпыға бірдей деклорациясы 1948 ж, экономикалық – әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пакт, азаматтық – саяси құқықтар туралы халықаралық пакт – 1966 ж. және соңғысына қарасты 2 факультативті хаттама).

3.«Қарны жарылғанша мелдектеп тойып алған мыңбасы, жүзбасы әскери кеңеске келіп, кекірік  атып отыратын болса, оның басы алынсын». Бұл қандай дала заңында  айтылған?     (Шыңғыс ханның ұлы жарғысы).

  1. Балалар құқықтары туралы конфенция қашан қайда қабылданды? (1989ж. 12 қараша   БҰҰ бас ассамблеясының 47 – сесиясы).
  1. Қазақ АКСР – нің орталық атқару комитетінің тұнғыш төрағасы кім? (Сейітқали Меңдешов).
  1. ҚР егемендігі мен тәуелсіздігін білдіретін аса маңызды 3 құжат. (Егемендік туралы деклорация, тәуелсіздік туралы конституциялық заң, конституциясы).
  1. ҚР құрылымы жағынан қандай мемлекет? (Унитарлық).
  2. Әнұранның сазы қай жылдардан бері шырқалып келеді? (1945ж. 16 қараша).
  3. Қылмысты санаттарына қарай қалай бөлеміз? (онша ауыр емес, ауырлығы орташа,  ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлеміз).
  1. Жеке бастың, отбасылық, немесе өзге де ауыр мән – жайлар тоғысуының салдарынан, не жаны ашығандық себебімен қылмыс жасағаны үшін жаза тағайындағанда қандай мән – жайлар ескеріледі? (ҚР 53 – бап. Е – тармағы.          Жауаптылық пен жазасы жеңілдететін мән — жайлар).
  1. Парламенттің заң шығару үрдісі неше сатыдан тұрады? (5 – сатыдан).
  2. Рәміздер туралы Конституцияның 9 – бабында қалай аталады? (ҚР мемлекеттік            нышандары – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар. Олардың сипаттамасы және ресми            пайдалану тәртібі конституциялық заңмен белгіленген).
  1. Түрік қағанатындағы ең жоғарғы билеуші қалай аталады? (Қаған).
  2. Қылмыстық жауапкершілік басталатын жас шамасы. (ҚР 15 – бап. Қылмыс жасаған     кезде 16 – жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады, ауыр, ерекше ауыр    қылмыстар жасағаны үшін 14 – жастан бастап жауапқа тартылады).
  1. Қазақстан – 2030ж. ұзақ мерізімді басым мақсаттардың 7 – ұзақ мерізімді басымдық  қалай аталады? (Кәсіби мемлекет).

1-Жүргізуші: Алматыдағы шовениясерден құралған жасақшылар өрімдей жігіттер мен  қыздары аса қаталдық пен басып жаншыды, аналарға қол көтеріп, қазақ қыздарын шашынан сүйреп, итке талатты. М.Шаханов деректеріне  сүйенсек 8,5 мыңнан астам адам ұсталып, қамалған.

1,7 мыңдай адам дене жарақатын алған. Мұны былай қойғанда М.С.Солменцев,  Е.К.Лигачев, т.б. «жарты құдайлар» кесапатынан тұтас қазақ халқына ұлтшылдықтаңбасы басылған жоқ па? Алайда желтоқсаншылар мүлгіп жатқан күллі Кеңес одағын оятты. (Тіл – өнері).

  1. Бір қағазға екі… жоқ (жаза – наказание).
  2. Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі… табар. (Куә, свидетель).
  3. Мен… қылған күн ай жарық болды. (Ұрлық – кража).
  4. Би екеу болса,… өтеу. (Дау – спор).
  5. Әр елдің… басқа, итері қара қасқа. (Заң – закон).
  6. Емшіге… жоқ. (Өлім – смерть).
  7. Тақыр жерге су төксең, жүруге тайғақ болар, жаманға сырыңды айтсаң, тар жерде…

болар. (Айғақ – доказательство).

  1. Ата – ананың қадірін балалы болғанда білерсің, анық достың қадірін… болғанда білесің. (Жала – клевета).
  2. … істің – арты игі. (Әділ – справедливой).
  3. Қыдырын ішкен көженің кенеуі жоқ, қыдырып айтқан… керегі жоқ. (Билік – власть).
  4. Жолға шықсаң сайлан, бес… байлан (Қару – оружия).
  5. У ішкен бір өледі,… ішкен мың өледі. (Ант – клятва).

 2 – жүргізуші: Алаңға жиналғандардың арасынан ұсталғандар тергеу кезінде Қазақстан КСР қылмысты істер кодексінің 60 – 65 баптарымен жауапқа тартылды. 60 –бап – нәсілдің және ұлтараздықты қоздыру мақсатымен үгіт насихат жүргізді деген мазмұнда болды. Алаңға жиналғандардың көбі жоғары оқу орнының студенттері.

(Жеті жұмбақ) (ұпай саны аз оқушы ұяшықты таңдайды).

20

тарих

20

биология

20

физика

10 10
Мемлекет және құқық химия әдебиет
30

кино жұмбақ

30

астрономия

30

арнайы жұмбақ

 

  1. Тарих: Қай мемлекетте саяси режим текоратиялық сипатта?

а) Ирак;          б) Иран;             в) Ауғанстан.

  1. Биология: Адам баласының ең алғаш қолға үйреткен жәндігі:

а) Ара;            б) Шыбын;        в) Маса.

  1. Физика: Қазіргі таңдағы ең глобальды адамзат үшін келелі ең қауіпті мәселе.

а) экологиялық;        б) термоядрылық;    в) спид;

  1. Құқық негіздері: Қылмыстық кодекс бойынша алаяқтық жасау қылмыстың қай

түріне жатады?

а) жеке адамға қарсы қылмыс; б) меншікке қарсы қылмыс; в) адамгершілікке қарсы   қылмыс:

  1. Химия: Реакцияны тездететін затты қалай атайды?

а) катализатор;      б) реакция;       в) қосынды.

  1. Әдебиет: «Оян қазақ» атты саяси памфлеттің авторы кім?

а) Ж.Аймауытов;      б) М.Дулатов;      в) А.Байтұрсынов.

  1. Астрономия: Күн  жүйесіндегі ең суық  планета.

а) Плутон;    б) Марс;       в) Ай:

  1. Кино жұмбақ: а) Қызғышқұс; б) Желтоқсан желі;      в) Солай  болған:
  2. Арнайы сұрақ: «Өзіңнен  бұрын болған ардагерлерден Қолданға арнайы барып  тұтқында отырған 90 адамды босатып алған қаракесек Қазыбек пен өз  кісілерін    бармай қайтартқан  Уақ Дербісалыға қайран қаламын…». Ал батырларының арасынан байлығы мен батылдығы жөнінен Бәсен Малайсары, ақылдылығы мен         батылдығы жөнінен Уақ Боян биік тұр:

Қай ханның сөзі. а) Тәуке;    б) Әбілхайыр;       в) Абылай  хан

1 – жүргізуш: Ұпайы аз екі оқушыны құрмет – қошеметпен шығарып салайық.

2 – жүргізуші: Дүниені дүр сілкіндірген 1986 ж. желтоқсан оқиғасының бас                  қаһарманы – Қайрат Рысқұлбеков небары 22 жаста еді. Есіл ер зұлым   күштің құрбаны болды. Тапқыр да талантты, елгезек, ержүрек. Қайрат  есімі қазақ деген халық барда мәңгі ұмытылмайды.

( Тапқырлық).

          Үш  аманат.

          Берілуі: Ғалымбек кішкентай қайығымен Ертістің бер жағына шығып еді, қасқырға мініп, шөп арқалап және бір ешкі жетелеп келе жатқан қартқа жолықты.

-Ассалаумағалейкум  ата?

-Уағалейкумассалам, балам. Сен қай ұлсың?

-Аға мен «балдырғанның» тілшісі Ғалымбекпін ғой, мынау кереметіңіз не?

«Ғалымбек болсаң тіпті жақсы болды. Осы үшеуін саған аманат етіп тапсырамын,

балам. Қасқырды зообаққа тапсыр, шөпті Қабан атаңа тапсыр. Ешкіні Манап

қартқа апарып бер. Мен асығыспын. Аманат жолы қиын екенін білсең бе балам?»

Білемін, ата. «Аманат, аманатқа қылма қиянат!». Бұларды Ғалымбек қалай аман –                есен өткізіп алды?

          Шешуі:  Әуелі ешкіні ар жаққа апарып тастады да, қайта келіп қасқырды алып өтті.          Бұл жолы қасқырды қалдырып, ешкіні өзімен бірге қайтадан бері жаққа   өткізді де, ешкіні қалдырып, шөпті алып, кетті. Қасқырдың шөп жемейтіні  белгілі, қайта келіп ешкіні алып өтті.

        1-Жүргізуші: 1986 ж. оқиға Кеңестің тотолитарлық империя қабырғасының қақырап,   сөгілуіне бастама болғандығын бүкіл дүние жүзі мойындап отыр.

Ақиқат үшін, ел намысы үшін бастарын қатерге тіккен ерлерімізді ақтау.

Қанды  қол  жасалаушыларға әділ жаза талап ету тек желтоқсаншылардың ғана емес демократиялық барлық адамдардың азаматтық пароызы деп білеміз.

(Жорға).

А. Нұсқа.

  1. «Штандарт» сөзінің мағанасы (полк туы).
  2. Жеті жарғы бойынша қазақ хандары неше құқықтар мен функцияларды иеленеді? (Бес).
  3. Судья сот төрелігін іске асыру үшін неге бағынады? (Конституция және заң).
  4. Парламент депутаты бір мезгілде екі палатаға мүше бола ала ма? (жоқ).
  5. Конституциялық кеңестің негізгі қызметі? (Конституцияны қорғау).
  6. Заң шығарушы билік? (Парламент).
  7. Президенттің өкілеттілік мерзімі? (7 – жыл).
  8. Конституция неше бөлімнен тұрады? (9 – бөлім)
  9. Парламенттің жоғарғы палатасы? (Сенат).
  10. Конституция бойынша үкіметті кім құрады? (Президент).
  11. Инцидент дегеніміз не? (жағымсыз оқиға).
  12. Азаматтарға амнистия туралы актіні кім жариялайды? (Президент).
  13. «Демократия» термині қай мемлекетте пайда болған? (Ежелгі Грекция).
  14. «Мемлекет – бұл мен» деп кім айтқан? (Людовик 14)
  15. Мемлекеттік тудың авторы? (Ш. Ниязбеков)

Б. Нұсқа.

  1. Президенттің штандарты мемлекеттік рәміз болып есептеле ме? (жоқ).
  2. Жеті жарғы қай ханның тұсында шықты? (Тәуке хан).
  3. Сот төрелігін кім іске асырады? (Сот – судья)
  4. Парламент неше палатадан тұрады? (Екі)
  5. Конституциялық кеңес неше мүшеден тұрады? (Жеті)
  6. Атқарушы білікті ата? (Үкімет).
  7. Президенттік лауазым қашан енгізілді? (1990ж. -24 июль)
  8. Конституцияның 2 – ші бөлімі қалай аталады? (Адам және азамат).
  9. Үкіметті кім баскарады? (Премьер – министр).
  10. Парламенттің төменгі палатасы? (Мәжіліс).
  11. Қоғамдағы кездейсоқ жағымсыз оқиғаны қалай атайды? (Инсидент).
  12. Азаматтарды полиция неше сағатқа дейін ұстай алады? (72 сағат)
  13. Сенаттың неше депутатын Президент тағайындайды? (7)
  14. ҚР неке жасы? (18)
  15. Мемлекеттің әнұран авторы? (Т. Молдағалиев).

Жорға кезеңі аяқталғаннан кейін ұпай саны аз ойыншыны қошеметпен шығарып салады.

2- жүргізуші: Жеңімпаз оқушыны мектеп директоры арнайы мақтау қағазы мен бағалы    сыйлықпен марапаттайды.

Қорытынды: Мұғалім қорытындылайды.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Ұқсас материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ