Қазақстанның студенттері неге шетелде білім алуға құмар?

Аружан Қабдолда.

Қазақстанның студенттері неге шетел де білім алуға құмар? Өзге елдің білімі Қазақстанның білімінен айырмашылығы неде? Бұл сауалдарға Аружан Қабдолда жауап берді.

Аружан ханым сұхбат беруге келіскеніңізге рақмет.  Әңгімеміздің әлқиссасын өзіңізден бастайық.  Туған жеріңіз, қай жерде оқисыз ?

  Алматы облысы, Талдықорған қаласының тумасымын. Жасым 19да. Қазіргі таңда Тұран университетінің Халықаралық қатынастар мамандығының 3 курс студентімін.

Әдетте, студенттердің шетелге барып оқуына ата-анасы қарсы болады. Ал сіздің ата-анаңыз бұл шешіміңізді қалай қабылдады ? 

Ата-анам үнемі менің шешімімді және ешқашан бетімнен қағып көрген емес. Барлығын басында  түсіндіріп айттым. Түркияға кетуге шешімді бірге қабылдадық десем де болады. Олар еш қарсы болмады. Керісінше тек қолдау көрсетті, сапалы білім алуымды қалады.

етелде оқу саналы түрде мақсатыңыз болды ма әлде кездейсоқтық па? 

Шетелде білім алу мақсатымда бар еді. Бірақ дәл Түркияда оқимын деген ой ешқашан ойымда болмаған. Яғни Түркияда оқу кездейсоқтық.

Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл дегендей , Аружан ханым сізде шетелде тіл мәселесімен қиындық тумадыма?

Иә,басында тілді жетік білмегеніміз  көптеген қиындық туғызды. Бірақ кейіннен тіліміз жаттыға бастаған соң,қатты қиынға соқпады.

Қазекеңде шетелде оқып келсе болды жер көкке сыйдырмай мақтаймыз, ал шетелдің білімі Қазақстанның білімінен айырмашылығы неде? 

Біріншіден, Түркия ЖОО-ның жылдық төлем ақысының қолжетімді, арзан бағада  болуымен ерекшелінеді . Мысалы, Қазақстанда орташа оқу ақысы 600-800 мың теңгені құраса ,Түркияда ең қымбат оқу жылына 150-160 мың теңгені құрайды.  

Ал білім беру жүйесі Қазақстандағыдай кредитация жүйесі бойынша. Және ол жақта студенттер өте көп болғандықтан үй жұмысы деген нәрсе мүлдем жоқ, студенттер тек өздері үшін ғана оқиды және мұғалімнің айтқан әр мәліметі тек аралық бақылау және экзамен кезінде сұралады, экзамендер өте қатаң, қиын форматта өтеді. Сонымен қатар, экзамендерден құлаған студенттер курстан курсқа қалып отырады. Мысалы 4 курс студенті болса, экзамендерді толық жаппайынша 56шы курсқа қалып отырады.

Қазіргі таңда шекара асып, білімін жетілдіріп келгендердің қарасы қалың. Алайда таяқтың екі ұшы болатындығы секілді бұл мәселенің де оңы мен терісі бар екені айтпаса да түсінікті.  Шет елде оқудың жақсы және жаман жағын айтып кетсеңіз?

Жақсы жақтарынан бастасам, ең бірінші адамныңой-өрісі,білімі мен өмірге көз-қарасы түбегейлі ауысады десем де болады. Біз бұл бағдарлама арқылы әр  мемлекеттен көптеген дос таптық,білімімізді арттырдық.

Түрік халқының мәдениетімен,өмірімен таныстық. Және де оқып жүріп көптеген жерлерде демалуға,қыдыруға да мүмкіндік алдық.

Ал жаман жағына тоқталсақ, басында жат елде жалғыз қалғандай сезінетінбіз. Ол жерде сеніңәкең де,анаң да,бауырың да ,досың да болмайды. Тек бірге барған достарың болады. Қиналғаныңда олардан басқа ешкім болмайды.

Шетелге оқуға кетпес бұрын психологиялық,моральдік тұрғыдан өзіндідайындап алуың керек. Басқа өлкеде өззіне жауап бере алатын,мықты адам болуға міндеттісің. Себебі, отбасыңнан,жақындарыңнан алыс болу, кезігетін әр түрлі проблема, тілді жетік білмеу осылардың барлығы адамға кері әсерін тигізбей қоймайды.

Аружан Қабдолда.

Шет елге барып оқимын , шетел көргім келеді  дейтін студенттерге  қандай кеңесайта аласыз?

Қазір жас,амбициялары мықты кездерінде ел аралап, өзін барынша дамытқаны  дұрыс деп ойлаймын. Және шетелде оқу арқылы қоғамда ерекше орны бар мықты, дамыған индивид ретінде қалыптаса аласыздар. Мақсаттарыңыз айқын болса,  ешнәрседен қорықпау керек деп санаймын. Тек өздеріңізге сеніп,Қазақстанымызды шетелге жақсы жағынан танытсаңыздар болғаны.

Сізге тағы бір осындай  мүмкіндік берілсе шет елде білім алып сол   жерде бітіріп сол елде қалатын ба едіңіз?

Бұндай мүмкіндік тағы берілетін болса неге басқа елде білім алмасқа,білім беру жүйесін зерттемеске ?! Бірақ  басқа шетелде қалу мүлдем ойымда жоқ. Қазақстан Республикасының азаматшасы болғаным үшін шетелден алған білімім мен тәжірбиемді қолданып, отанымыздың дамуына үлес қосу үлкен арманым.

Өте керемет сұхбат болды , сәттілік тілеймін!!!

Сұқбаттасқан: Нұрсұлтан Назарбаев


ПІКІР ҚАЛДЫРУ