|  1. Ана туралы мақал-мәтел
 A) Алыс жердің хабарын керуенші әкеледі. B) Жаны тоқ адам тез қартаймайды. C) Азығы бар адам арымайды. D) Aнаның көңілі балада, баланың көңілі далада. E) Су татырмағанға сүт бер.  | 
|  2. Кәсіби сөздер қатары
 A) Сұлу, көрікті B) Шиіт, қоза C) Сым, пәс D) Өте, тым E) Жазыс, тоқыс  | 
|  3. Ашық буынды сөздер
 A) Кешегі оқиға B) Кішіпейіл бала C) Құрметті ұстаз D) Аяулы Сәния E) Әдемі сурет  | 
|  4. Тіркесу жолымен жасалған туынды сөз
 A) Ғарыш кемесі B) Тар бөлме C) Жаңа мектеп D) Үлкен ұл E) Терең көл  | 
|  5. Туынды түбірлі одағай сөз
 A) Ойпырмай B) Тамаша C) Шіркін D) Пәлі E) Алақай  | 
|  6. Сабақты, болымды етістіктер қатары
 A) Жаз, оқыма B) Бер, бар C) Көрін, біл D) Шық, айтпа E) Оқы, баста  | 
|  7. Екі етіс жұрнағы арқылы жасалған қатар
 A) Жинақталды, оқылды B) Көрсетілмеді, айтылды C) Сөндірілді, жазысты D) Тазартылды, орылды E) Бергізілді, көшірілді  | 
|  8. Сан есімнен болған жалпылауыш мүше
 A) Алпамыс, Ер Сайын – бәрі байдың жалғыз баласы. B) Қаламды, қағазды – бәрін сөмкеме салдым. C) Мағаш, Әбіш, Күлбаданды – барлығын Абай жақсы көрді. D) Абай, Мұхтар, Шәкәрім – үшеуі де Шыңғыстау перзенті. E) Көкпар, тоғызқұмалақ, бәйге – баршасы ұлттық ойын.  | 
|  9. Толымды сөйлем
 A) Қалай тез өткен? B) Қызықты өтті. C) Арманыма қол жеткіздім. D) Ата-аналарды байқамадым. E) Бүгін от шашу шашылды.  | 
| 10. Даулы (полемикалы) сөз сипатына сай тіл амалдары қатары
 A) Сұраулы сөйлем, мысқыл сөз, мақал-мәтелдер B) Қаратпа сөздер, экспрессивті сөздер, неологизмдер C) Образды сөздер, синоним сөздер, экспрессивті сөздер D) Тұрақты үлгідегі сөйлемдер, сөз тіркестері, терминдер E) Толымсыз сөйлем, жергілікті сөздер, қарапайым сөздер  | 
| 11. Берілген мақал-мәтелдердегі көнерген сөз
 A) Ешкім батыр болып тумайды. B) Жақсыда мін жоқ, жүйрікте сын жоқ. C) Қараша үйден ханша шығар. D) Алтынды тот баспайды. E) Асылды егеу алмас.  | 
| 12. Ашық буынды күрделі сөздер қатары
 A) Әл-қуат, әлсін-әлсін B) Әкім-төре, әл-дәрмен C) Әке-шеше, ата-ана D) Әнші-күйші, ою-өрнек E) Әдіс-тәсіл, оқта-текте  | 
| 13. Түбір сөз
 A) Саудагер B) Ғарышкер C) Топырақ D) Көкжиек E) Мұздатқыш  | 
| 14. Келер шақтың анықтамасы
 A) Іс-әрекеттің таяу уақытта болғанын білдіреді. B) Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болғанын білдіреді C) Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді D) Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан кейін болғанын білдіреді E) Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатынын білдіреді  | 
| 15. Берілген мақалдағы етістікті сөз тіркесінің саны
 Өнерлі жігіт өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар A) Бесеу B) Үшеу C) Екеу D) Біреу E) Төртеу  | 
| 16. Іскерлік қарым-қатынасқа тән лексика саласы
 A) Көнерген сөздер B) Терминдер C) Тұрақты тіркестер D) Кәсіби сөздер E) Диалектілер  | 
| 17. Көнерген сөздер қатары
 A) Сауыт, қалам B) Патша, ғалым C) Қабілет, дарын D) Күйме, мектеп E) Саптыаяқ, айбалта  | 
| 18. Тәуелденген есімшелі сөзі бар сөйлем
 A) Айтылған сөз – атылған оқ. B) Жер астында жатқанды қазбай қарап, тіл табар. C) Отанға опасыздық еткенің – өз түбіңе жеткенің. D) Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің. E) Сүңгінің жарасы бітер, тіл жарасы бітпес.  | 
| 19. Анықтауыш қызметіндегі етістік қатысқан сөйлем
 A) Көз көргенше ауыз – батыр, сөйлеп қал. B) Көнектей басқа шүмектей тілің жау. C) Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді. D) Оттың шаласы, сөздің аласы жаман. E) Ми ойлағанды тіл тындырады.  | 
| 20. Есімді сөз тіркесі
 A) Хатты алу B) Үлкен үй C) Мектепке бару D) Сауатты жазу E) Жақсы оқу  | 
Дереккөз: Ұлттық Тестілеу орталығы
Ұқсас материал:
- Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
 - Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?
 - Эссе және оның түрлері
 - Қазақ тілі бойынша тақырыптық тест сұрақтары
 - Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
 - Шешендік өнер тарихы
 
            


