«Қазіргі жағдайдағы криминалистикалық трасологияның кейбір мәселелері» атты дөңгелек үстел

0
782

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика   кафедрасының «Сарапшы-эксперт» студенттік ғылыми үйірме мүшелері және үйірмесінің жетекшісі, аға оқытушы Даубасова С.Ш. мен «құқық қорғау қызметі» мамандығының 4-курс 415-топ студенттеріне «Қазіргі жағдайдағы криминалистикалық трасологияның кейбір мәселелері» атты тақырыпта Zoom бағдарламасы арқылы дәріс оқып, дөңгелек үстел өтті.

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы С.Ш. Даубасова дәрісті бастамас бұрын осы іс-шараны ұйымдастырушыларды таныстырып өтті, яғни олар 415 топ студенттері, кафедра процессор оқытушы құрамының мүшелері з.ғ.к., доцент міндетін атқарушы Н.С. Темірболат және Қ.Аратұлы.

Дәріс барысында   криминалистика кафедрасының аға оқытушысы С.Ш. Даубасова трасологиялық зерттеудің негізгі объектісі болып табылатын із-бейнелеуші объектілер екі объектінің өзара қарым-қатынасқа түсу нəтижесінен пайда болатынын, із қалған объект – із қабылдаушы, ал із қалдырған объект – із-қалдырушы деп аталатынын, із пайда болған кезде қарым-қатынасқа түсетін беткі қабаттар түйісу қабаттары туралы толық айтып, ал 415-топ студенттері аса белсенділікпен тақырыпты талқыға салды.

Тақырып аясында студенттерді осы уақытқа дейін қызықтырып келген көптеген сұрақтар қойылды, топпен жұмыс жасаудың тәртібі, қызметтік құпия және еліміздің заңи жүйесіне қандай өзгерістер енгізуге болатыны жөнінде қызу талқыланды.

Өз кезегінде оқытушысы С.Ш. Даубасова қойылған сұрақтарға анық та нақты жауап беріп,  қашықтықтан білім беруді жандандыру арқылы студенттердің осы салаға деген қызығушылығын оятты. «Жастар-біздің болашағымыздың кепілі, олар саналы да білімді, бәсекеге қабілетті болса, әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына кіріп, талай белестерді бағындырамыз» — дей келе, С.Ш.Даубасова дөңгелек үстелді қорытындылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің   415-топ студенттері  оқытушы С.Ш.Даубасоваға  алтыннан да қымбат уақытын бөліп, студенттерге өз тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, олардың осы салаға деген қызығушылықтарын оятқаны үшін көптен-көп рақмет айтып, дәрісті жабық деп жариялады.

 

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті 4-курс 415-топ студенті Қуанышева Мәдина Қуанышқызы

Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, «Cарапшы-эксперт» студенттік ғылыми үйірмесінің  жетекшісі Даубасова С.Ш.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ