Балабақшадағы жігіт сұлтанының сценарийі

0
3647
Иллюстрация: Freepik.com

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
Береке де осында,
Мереке де осында.
Болып жатыр той-думан,
Қырандардың қасында, — дей келе, «Жігіт сұлтаны»    сайысын ашық деп жариялаймыз.
Асқақтаған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын
Ал, кәнеки, қырандар!
Бастап жігіт өнерін,
Алыстарға самғаңдар, — деп,  сайыскерлерімізді қошеметпен қарсы алайық (сайыскерлердің есімін атап, ортаға шақырамын).
Сайысымыздың жоспарымен таныстырамын.

І кезең – Таныстыру.
ІІ кезең – «Өнерлінің өрісі кең» (жігіттеріміз ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетеді).
ІІІ кезең – «Мәнерлеп оқу» сайысы.
IV кезең – «Шынықсаң шымыр боларсың» (спорттық ойын түрлерінің элементтерін көрсету).
V кезең – Шығармашылық сайысы (сурет салу және жапсыру).

Жүргізуші:
Келді міне, бүгінгі сын алуға,
Сын алып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділқазы әділ баға.
(Әділқазылармен таныстырамын).

Жүргізуші:
І. Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Сайыскерлер таныстырып өздерін,
Білгірлерді ду қол соғып қостайық.

1-ші нөмірлі
Спорт пен білім жағын бір қосқан,
Кем қалмаған талантпен табысқан
Ерасыл қыранымызды ортаға шақырамыз.

2-ші нөмірлі:
Үлкендерді сыйлайтын,
Айтқаныңнан шықпайтын
Денисті ортаға шақырамыз.

3-ші нөмірлі
Жүрегі ақ, тілегі пәк
Нұрлыбек ұлымызды ортаға шақырамыз.

4-ші нөмірлі
Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,
Тобымызда өнерімен болған сыйлы
Қуаныш ұлымызды ортаға шақырамыз.

5-ші нөмірлі:
Еңбек сүйгіш таудай талант бойында,
Барлық істі тыңдау бар ойында
Әбілмансұр ұлымызды ортаға шақырамыз.

6-шы нөмірлі:
Біледі ол жақсы менен жаманды,
Қошеметпен шақырайық ортаға
Әбдінұр атты жігіт болған сарбазды.

Жүргізуші:
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
«Өнерлінің өрісі кең» байқауында
Қол соғып барша халқым тамсаныпты.

1.    Ерасыл «Қара жорға» биін билейді
2.    Денистің орындауында «Моряк биі»
3.    Нұрлыбектің орындауында «Туған жер» әні
4.    Қуаныш орыс халқының биін билейді
5.    Әбілмансұр «Джентельмен» биін билейді
6.    Әбдінұрдың орындауында «өзбек биі !»

Жүргізуші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Қонақтарды құрметтеп,
Би қимылын жасайық.
Келесі кезекте 1 сынып қыздарының «Әдемі ай» (Айгерім Қалаубаева) биін тамашалайық.

Жүргізуші:
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы:
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келер айналасы.
Келесі кезеңіміз «Мәнерлеп оқу» сайысы.
Аружан қызымыздың орындауында «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:
IV. Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай
Күш өнері білінбес, — дегендей, сайысымыздың келесі шарты «Шынықсаң шымыр боларсың». Жігіттерімізді ортаға шақырамыз (музыкамен ұлдар ортаға шығып, спорттық өнерлерін көрсетеді).

Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
1 сынып  оқушыларының  орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:
V. Келесі кезекте балаларымыздың шығармашылық қабілеттерін нықтау мақсатымен шығармашылық сайыс (ұлдарымыз киіз үйдің суретін салып әшекейлейді).
Жігіттеріміз жұмыстарын аяқтағанша Нұрасима, Альмира, Әсем қыздарымыздың «Шығыс биін» тамашалаңыздар.

Әділқазыларға сөз. Марапаттау.
Бүгін міне, оң болып әр сөзіміз,
Жоғары болып күш-жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық сайысымыз.

Сау саламатта болыңыздар!

Басқа материалдар:

  1. Жігіт сұлтанының сценарийі (Бастауыш сыныпқа арналған)
  2. Торайғыр би өмірінен деректер
  3. Қарадан шығып хан болған — Шоң мен Шорман би туралы
  4. Ел мен жердің намысын қорғап қалған батырлар (Қалқаман батыр, Сәти батыр, Сүйіндік батыр, Бөкенбай батыр, Шотана батыр)
  5.  Қара қылды қақ жарған (Айдабол, Едіге би)
  6. Шорман бидің өмірі туралы
  7. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы
  8. Зейін Шашкиннің өмірі туралы очерк
  9. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  10. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  11. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ