Жігіт сұлтанының сценарийі (Бастауыш сыныпқа арналған)

0
3501
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан  халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.

Мұғалім : Қайырлы күн, құрметті оқушылар,  ұстаздар, қонақтар! Сіздер бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей  2-сынып оқушыларының «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келіпсіздер.

Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.

Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне біздің сыныптағы жеті жігіт өз өнерлерін көрсетпек. Сайысымызды  бастамас бұрын, бүгінгі с айысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.

1.Таныстыру
Жүргізуші:  Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға,
Жігерленіп келіп жетті ,
Әдеппен, ізетпен табысуға.

1.Қуантады білімімен бізді Нұрым
Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.

2. Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің Жансұлтан
Көрінген күштің басынын

3. Сыйлаған ата-анасын
Үлкеннің алған батасын   ол ….

4. Сүрінбей сыннан өтемін
Мақсатыма жетемін  деп келе жатқан …….

5. Жігіттің дара  туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті батыр тұлға
Сом білек Қажымұқанның інісіндей  ……

6. Ақынның тұяғымын сартылдаған
Асылдың сынығымын жалтылдаған  деп келе жатқан …….

7. Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген  ол ……..

2-кезең  «Білгенге маржан»
Ал,  кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар

«Біреу білмегенді  біреу біледі» дегендей салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауап

1.    Төрт түлік малды ата.
2.    Түйенің сүтін ата.
3.    Киіз үйге жарық қайдан түседі?
4.    Сәби баланың төсегін ата.
5.    Ер жігіттің бес қаруын ата.
6.    Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
7.    Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам

3-кезең. Өнер көрсету
Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолында –кезекті өнер сайысына берейік.
1.Нұрым   «Сұлу қыз»  әнін орындайды.
2. Дияс «Қара жорға» биі
3.Жансұлтан  «Жаяу Муса» әні
4.Бегайдар  «Сиқырлы сандық»  сиқыр көрсету
5.Ерлан  «Анашым» әні
6.Мұхаммедамин  «Шофёр» биі
7. Нұрман  «Ауылым» әні

4-кезең.  Қамшы өру
Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата-баба салтынын
Шебер қолдар өз өнерлерін көрсетсін
Біз айталық төрелігін  соңынан

5-кезең.  Күш сынасу
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай
Қоян қолтық алыспай  (Өз ара білектесіп күш сынасады)

6-кезең. Сән үлгісі
Жігіттер ұлттық киім үлгілерін көрсетеді.
Қортынды. Жеңімпазға «Жігіт сұлтаны» деген атақ беріліп, қатысқан оқушылардың барлығына  сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталады.

Басқа материалдар:

  1. Торайғыр би өмірінен деректер
  2. Қарадан шығып хан болған — Шоң мен Шорман би туралы
  3. Ел мен жердің намысын қорғап қалған батырлар (Қалқаман батыр, Сәти батыр, Сүйіндік батыр, Бөкенбай батыр, Шотана батыр)
  4.  Қара қылды қақ жарған (Айдабол, Едіге би)
  5. Шорман бидің өмірі туралы
  6. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы
  7. Зейін Шашкиннің өмірі туралы очерк
  8. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  9. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  10. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ