Қызықты көңіл, студенттік өмір! Студенттер қатарына қабылдау кешінің сценарийі

0
5858
Иллюстрация: Freepik.com

Тәрбие сағатының мақсаты : Студенттерді мереке тарихымен таныстыру. Студенттерді ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу. Белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу. 

Тәрбие сағатының көрнекілігі: «Студенттік өмірдің алғашқы кезеңдері» атты презентация.

Топ жетекшісі: Міне болашақтың иесі – жас ұрпақ. Ұрпақ тәрбиесі ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілікті жүктейді. Қазақтың дара да дана тұлғасы Абай: «Адамның адамшылығы… жақсы ұрпақтан болады» деген. Олай болса болашақ медицина қызметкері болатын студенттерімізге тек қана жоғары сапалы білім мен тал бесіктен алған тәрбиесін тыңғылықты ету колледж ұстаздарының абыройлы да басты мақсаты болып табылмақ.
Мұғалім болашақты тәрбиелеуші. Ал болашақ дегеніміздің өзі өткен тарихты қорыту емес пе? Ең бірінші ұстаз – біздің өткен тарихымыз. Жаңа ұрпақты тәрбиелеу үшін бұрынғының бар жақсысын жиып, бүгінгімен қабыстырған жөн секілді.
Білім – біздің басты қазынамыз. Халық ақыны Нұрпейіс Байғанин «Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот» деген екен. Білімді адам ғана болашаққа батыл қадам баспақ. Біздің жастарымыз алған білімін ақылмен, өнегемен, тән мен жанның сұлулығымен, парасаттылықпен ұштастырса, нұр үстіне нұр жауар. Оқу-білім үздіксіз еңбектің арқасында ғана жақсы нәтижеге, жоғары жетістіктерге жеткізеді. Студент жастарымыздың жан-жақты, саналы, терең білімді, бәсекеге қабілетті болуы – қоғам сұранысы.  Осы орайда білім берумен қатар көп қырлы тәрбие жұмыстарыныңда маңызы зор.

Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты: Студенттерді мереке тарихымен таныстыру. Студенттерді ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу. Белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу.

Сіздердің жақсы көңіл күйде болып, демалып қайтуларыңызға біздер зор сенімдеміз.

1-жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді халайық!
Сәлем сөздің сыр айнасын ашайық.
Қуанышты шаттықпенен жүздесіп,
Баршаңызға мол қуаныш сыйлайық.
Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар!

2-жүргізуші:
І- ші курста аузын ашып,семинарда пардан қашып,лекцияда секіріп,сессиядан жүгіріп,емтиханда жылап, навыктен құлап каникулда қыдырып,апайларға өтірік күліп,колледждің ауасын жұтып,степендиядан лоторея ұтып,жүрген студенттерге жалынды сәлем! Бүгінгі біздің кешіміз қызықты да көңілді студенттер күніне арналады!

1-жүргізуші:
— Я шынымен де студентік өмір қызықты да көңілді өтетіні анық! Қиын да сәттері болады. Алайда осының бәріне тойтарыс беретін жас студенттер аз емес.Студенттің басты мақсаты білім алу, болашақ маман иесі болу!
Әрине, әр студент өз мамандығына мұқият, тыңғылықты болуы қажет!

2-жүргізуші:
— Ендеше біз бүгінгі өткізілетін ашық тәрбие сағатының көңілді шымылдығын ашуға Облыстық деңгейде  бірнеше мәрте сайыстың жүлдегері атанған тобымыздың студенті, Ақбай Айдананы «Студенттер кеші» әнімен ортаға шақырамыз!

1-жүргізуші:
— Біздің өткізіліп отырған ашық тәрбие сағатымыз ол әрине студенттер жайлы.
Яғни «Қызықты көңіл,студенттік өмір!»
Шынымен де студенттік өмір қызықсыз болмайды,қызығымен шыжығы мол болады!
Ендеше ортаға «Студент бейнесі» атты көріністі шақырамыз!

2-жүргізуші: Біздер студент атанып,жаңа ортаға келгелі жаңа достар таптық. «Солдат өмірді,студент жастықты көреді» демекші олардың арасында жастық шақтың қызығын бөлісіп жүрген құпия достар да баршылық. «Құпия дос» ойынының құпия сырларын бірге ашайық достар!

2-жүргізуші:
Басталмаған қаланың дастаны әлі,
Бірінші жыл
Дала деп жас тамады.
Бірінші жыл ауылы естен кетпей,
Үшінші жыл қимайды бұл орданы.
Үш жыл бойы қызартып, имендіріп,
Біреуі үшін қуанып, күйген болып.
Бірін-бірі ұзатып өз қолынан,
Бірін-бірі қолынан үйлендіріп.
О, жастық-ай, алмайтын өлмей тыным,
Ойын-тойсыз өмірге көнбейтұғын.
Бірге барса баратын бір топ болып,
Жалғыз жүру дегенді білмейтұғын.

1-жүргізуші:
О, жастық-ай, мойымас тау-тасыңа,
Омыртқаңды үзеді ол,
Дау тасыма.
Ортақ оның қайғысы, қуанышы,
Ортақ оның малтасы, қалтасы да…
Керемет қой,
Қызық қой сезім деген,
Көктемде кім үйден безінбеген!
Он ай бойы масайрап ойнағандар
Емтиханда отыз күн көз ілмеген.
Лайланып кетсе де тұнық ойы,
Қыдыруға болмайды мұны қойып.
Баррикада жасап ап
Қалың томнан,
Бас алмайды енді олар күні бойы.

2-жүргізуші:
— Айтулы студенттер мерекесінің тарихын біреу білсе, біреу білмес. Мереке тарихын біліп жүргеніміз артық болмас.

1-жүргізуші:
1946 жылы 17 –қарашада Дүниежүзілік студенттер конгресі өтті. Прага қаласында ұйымдастырылған шара патриот студенттерге арналған еді. Чехтардан бастау алған айтулы күнді ойын-тойсыз, көңілді кешсіз өткізбейміз. Бірақ тарихы қанды оқиғамен байланысты.

1939 жылы 28-қазанда Чехословакияны фашисттер басып алған болатын. Сол кезде Чехословакия мемлекетіндегі білім күнінің бір мерекесін атап өтпекке прагалық студенттер мен олардың оқытушылары шеруге шығады. Басқыншылар шеруді таратады, сөйтіп атысты бастайды. Медицина факультетінің студенті Ян Оплетал да сол кезде қаза тапқан. Ян Оплеталдың қазасынан кейін 15-қарашада студенттер қайта көтеріледі.

Сол кензде ондаған шерушілер тұтқынға түседі. 17-қарашада гестапошылар мен эсэсшылар таңертең жатахананы қоршап алады. 1200-ден астам студентті тұтқындап, Заксенхаузен концлагеріне қамаған. Студенттер қозғалысының белсенділері мен тоғыз студентті Рузина ауданындағы түрмеде дарға асқан. Гитлердің бұйрығымен чехиялық жоғары оқу орындары соғыс біткенше жабылды.

2-жүргізуші:
-Ия студент ол-Студент!
Студенттік өмір — МАХАББАТ ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР. Сессия — ТАР ЖОЛ ТАЙҒАҚ КЕШУ. Сессиядан кейін — ДАУЫЛДАН КЕЙІН. Степендия — ҰЗАҚҚА БАРМАЙТЫН ҚУАНЫШ. Далаға шыққан студент — ЖАЯУ МҰСА. Свидание — КЕШІКПЕЙ КЕЛЕМ ДЕП ЕҢ. Лекция — ҚАЛҒЫП-МҮЛГУ. Семинар — СЕН ТИМЕСЕН МЕН ТИМЕЙМІН. Диплом қорғау — ҚЫЛ КӨПІР.
Достым  осы сен көңіл көтеруге қалай қарайсың?

1-жүргізуші:
— Жарайды тек мына сабағымызды бітіріп алайық, сосын иә!

2-жүргізуші:
— Жоқ мен қазір қыдырғым келіп тұр! Вечер, дискотека дегендей?

1-жүргізуші:
— Сен ренжіме бірақ мен ата-анама қуаныш сыйлағым келеді! Ал вечер, дискотекаға әлі үлгіремін!
Көрініс «Құдіретті адам!»

1-жүргізуші:
Уақыт шіркін зымырайды шақтары.
Алдымызда ақ үмітпен атқалы.
Жастық жігер, білімі бар, сөзге бай,
Бозбала мен Бойжеткен ол күн мен ай,
1-2 ай сауық құрып күнде жай,
сессияда ұйықтамаған күндер-ай.
Ауыл, ақша, сабақ, сосын вечер-той,
Өмір мәні махаббатқа жетер ме ой…
Үлгеретін ал осының бәріне, СТУДЕНТТЕР мықты халық екен ғой.

2-жүргізуші:
— Ұстаздар, сіздерде біздей болдыңыздар, ендеше сіздерді сол студенттік кездерге саяхаттауға шақырамыз! ( Ұстаздар ортаға шақырылады)
Алдын ала дайындалған конверттерді алады.
(Ойын шарты түсіндіріліп кетеді)
Ситуациялық жағдайлар.
№1 тапсырма.
Сіз группаластарыңызбен автобуста келесіз.Қалталарыңызда билетке ақша жоқ.Бірақ қалайда сабақтан қалмау керек.Түсетін аялдамаға жеткенде достарыңыз шапшаң түсіп кетті,ал сіз кондукторға ұсталып қалдыңыз.Сіз осы жағдайдан қалай шығасыз?

№2 тапсырма.
Жатақхана.Сіздің туған күніңіз тойланып жатыр.Асханада ауылдан келген жылқының сүр еті асылып жатыр.Шай ішіп болып «Ламбада»билеп жүрсіздер.Еттің нанын салайын деп асханаға барсаңыз қазан ЖОҚ! Не істейсіз? Сол кездегі көңіл күйіңізді көрсетіңіз? Қонақтарға қалай жеткізесіз?

№3 тапсырма.
Жатақхана.Ақшаның,тамақтың таусылып барлығыңыздың тарығып жүрген кездеріңіз.Үзілістің кезінде досыңызбен жүрек жалғау үшін бөлмеге келдіңіз.
3 тілім нан мен 2 жұмыртқа ғана бар.Осы кезде аш жүрген көрші 2 жігіт есікті қағады.Сіздердің бөлмеде екендерізді біледі,бірақ сіздер де аз тамақты бөліскілеріңіз келмейді.Не істейсіз?

№4 тапсырма.
Ауылдан жалғыз келдіңіз.Қалада ешқандай туыс,танысыңыз жоқ.Ешқандай орысша білмейсіз.Ағайың орыс.Қалайда жатақханаға орналасуыңыз керек.Ағайың қазақша,сіз орысша білмейсіз.Жағдайды ешкімді араластырмай өзіңіз қалай шешесіз?

№5 тапсырма.
Жатақхана.Өздеріңіз білетіндей асхана әр этажда екеу.Барлығы бос емес.Ал сіздің құрбыңыз жылдам тамақ дайындауы қажет.Бөлмеде плитка қосып тамақ әзірлеуге қатаң тиым салынғанын білсе де солай етуге мәжбүр болды. Осы кезде комендант тексеріп келе жатыр.Сіз құрбыңызға шұғыл хабар беруіңіз керек. Қасыңызда комендант Надежда апай. Сіздің тактикаңыз?
Жағдайды қалай реттейсіз?

1-жүргізуші:
— Рахмет,апай. Ал енді сіз қандай әсер алдыңыз?
2-жүргізуші:
-Студенттік өмірге шолу сізге ұнады ма?( қысқаша, ұстаздың алған әсері)

1-жүргізуші: «Студент  болу – жас адамға бақытты  болу  деген  сөзбен  тең» — деп  Тұманбай Молдағалиев айтқандай , бүгінгі  мерекелерініз  құтты  болсын , жас  даурен  жас  достар ! «Студент» әні!

2-жүргізуші:
Ащыны да, тәттіні де көріп тұрар,
Сонда да жанарыңда бақыт тұрар.
Бірде аш, бірде тоқ боп жүретұғын,
Біз сияқты «студенттер» бақыттылар!

2-жүргізуші:
Көңіл бөліп  тамашалауға  келгендеріңіз  үшін  көп-көп рахмет!

Топ жетекшісі:
Бүгінгі өткен 17-қараша студенттер күніне арналған  «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті деп ойлаймын. Қоғамның жүрек дүрсілі, өзегі бүгінгі жастар екені белгілі. Ендеше сол жастар, мына сіздер, Қазақстанның болашағын бұлыңғырлатпай, сенімдерін селдіретпей, көк байрақты тік ұстап, еліміздің абыройын асқақтата беріңіздер! Осы кеште ат салысқан студенттерге үлкен алғыс білдіреміз. Алтын уақыттарыңызды бөліп, бүгінгі кешімізге келгендеріңізге көп-көп рахмет.

Басқа материалдар:

  1. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  2. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  3. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…
  12. Бизнес-профиль деген не?
  13. Таргетингтік жарнама. Тауарды сату
  14. Пиццерия ашудағы алғашқы қадамдар
  15. Харланд Дэвид Сандерс өмірінен дерек


ПІКІР ҚАЛДЫРУ