Ұстазым — алтын діңгегім. Ұстаздар күніне арналған сценарий

0
1475
Иллюстрация: Freepik.com

Жүргізуші:  Кім боласың?
Кім болсаң да аман бол.
Бастықпысың?
Өте жақсы, тұра қал.
Мұғалімді келеке еткен бар құлар,
Мықты болсаң, мойындарын бұра бар!

Жүргізуші:  Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары –
Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,
Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!

Жүргізуші:  Орындалып, айталық, бір ойдағы іс,
Отырармыз қуанышта, тойда біз.
Сондай кезде есте болар бір нәрсе:
Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз!

Жүргізуші:   Ақыл. Сана. Сабыр. Талас-тартысу –
Мұғалімнің табиғаты, жалпы осы.
Бос уақыты: ойдан басқа ойы жоқ,
Бос уақыты: әрбір түннің жартысы.

Жүргізуші:   Махабатты: бала және Отаны,
Сүйікті ісі: Қағаз-кітап қопару.
Демалысы: шәкірттерге хат жазу,
Ал, кәсібі: от беру мен от алу!

Жүргізуші:   Қашан көрсең бұл халықтың шат бәрі,
Қашан көрсең күліп бара жатқаны.
Күлетіні: бақыттылық нышаны,
Байлықтары: шәкірттердің хаттары!

Жүргізуші:  Ал, мұғалім барса алдыңа, дұрысы:
Жұрегіңмен сездір дағы ұлы ісін,
Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,
Тастай қылып тындырып бер жұмысын!

Жүргізуші:  :… Кім боласың?
Ұмтылмаңыз жоғары.
Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі!
Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба,
Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім!

Жүргізуші:  Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар!
Жүргізуші:   Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,
Жүргізуші:  Қажымас қайрат,
Жүргізуші:  Шығармашылық табыс,
Жүргізуші:   Жанұяларыңызға бақыт тілейміз!
Жүргізуші: Бүгінгі «Ұстазым –алтын діңгегім»  атты концерттік бағдарламамыз өздеріңізге арналады.( пауза)

Жүргізуші:   Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес балаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.

Жүргізуші:  Әл-Фарабидің мына сөзіне көңіл бөліп көрейікші: «Ұстаз… Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жақсану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек».Байқайсыздар ма, бұл сөзден біз Мақсұт ағайдың бейнесін көреміз.

Мақсұт ағай – лицейде орны бөлек,
Сүйеді шәкірттіңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Жел жағымда тұратын сіз бәйтерек.
Сізге  әншіміз    Нұржанның   орындауында  « Ұстазым  »  әнін сізге арнаймыз.

Жүргізуші: Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,
Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.
Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,
Даңқыңыздың биік болсын тұғыры. – дей келе сыныптастарымды  ортаға шақырамын.

Жүргізуші:  «Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы — мұғалім», — деген екен Ғ.Мүсірепов. Сондай ұстазымыз Тойған апай және Гүлнар апай.

Нұр көңілін балаға төккен ұстаз,
Төбемізді жеткізеді көкке біздің.
Қимастықпен қарайды Тойған апай,
Ұмытқандай бұрынғы өкпелерін.

Арамызда ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған.
Гүлнар  апай бізбен жүрсе,
Батырларша батылданам.
Кезек қазақ биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Мұғалім – бұл адамның ардақты аты,
Білімдік – бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын-жаты…

«Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді
Сыйлайды мәнгі-бақи беріп төрін», — деп жас буын ұстаздарымызды зор ілтипатпен қол соғамыз. Олар: Балияш апай, Ақерке апай, Айдос ағай, Қараман ағай, Шынарай апай, Мөлдір апай, Камшат апай, Гүлбану апай, Айзада апай, Гаухар апай, Ләйлі апай,Бағила апай, Манас ағайлар
Сіздер үшін КВН тапқырларын қабыл алыңыздар

Жүргізуші:  Жамандықтан сақтандырған,
Жақсы ісімді мақтан қылған.
Білім берген ұстаздарды,
Өнерімен шаттардынған,-дей отырып құрметті  Шынаргүл апай, Сания апай, Гүлмира апай, Айнагүл апай, Гүлжан апай, Әлима апай, Дина апай, Гүлмира апай, Илана апай, Жайлаухан апай, Бибігул апай,  келесі орындалар күй сіздерге арналады, қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:     «Қазақ тілім, өз тілің, ана тілің,
Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілің.
Таза сөйле, терең ұқ, көп-көп ізден,
Жоғары ұста мәңгілік тілдің пірін», — деп
Зердемізге құятын,
Бар ізгілік бойларына сыятын.
Туған дәстүрі, салт-сананың тірегі,
Бұл ұстаздар, алда жүрер үнемі.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Қамар апай, Гүлжан апай  өз еңбектеріңіздің жемісін тамашалаңыздар.
Өз шығармашылығынан Анараның «Ұстазға» және

Жүргізуші:     Биік сенің ұстаздық қасиетің,
Мінезің жоқ қиынға бас иетін.
Өмірге тәрбиелеп құлшындырған,
Жадымызда сақталар өсиетің, — дей отырып Болатбек ағай,Ұзақбай ағай,Қабай ағай, Сүндетқали ағай, келесі орындалар ән-шашу сіздер үшін.

Жүргізуші:   Аяулы да ардақты, байсалды да салмақты, біздің сүйікті ұстаздарымыз – «ҰСТАЗЫМ – АЛТЫН ДІҢГЕГІМ» атты мерекелік кешіміз аяқталып келе жатыр.
Ұстазым – саф алтын, діңгегім,
Мәңгілік өзіңмен біргемін.
Бүгінгі мереке күніне
Сәл ғана құрметіміз бұл біздің.   Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Басқа материалдар:

  1. Ұстаздар туралы 10 таңдаулы қанатты сөздер
  2. Ұстаз — ұлы тұлға (шығарма)
  3. «Менің ұстазым» тақырыбында шығарма
  4. Ұстаздар күнінің шығу тарихы
  5. Ұстаздар туралы өлеңдер топтамасы
  6. Әлемдегі ең керекті мамандық (Ұстаз туралы шығарма)
  7. Сүйікті ұстаз (Шығарма)
  8. ҰЛТ боламын десең, ұстазыңды түзе
  9. Ұлы ұстаз өнегесі
  10. Өмірқұл Айниязов: Ұстаздың үстінен шағым айту — біздің санамызда болған емес…
  11. Ұстаздар күніне құттықтау сөз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ