Балық майының пайдасы

0
1719
Freepik.com

Балықты ежелден адам ағзасын тазалайтын, сүйек пен тісті қатайтатын, түрлі дәрумен беретін тағам. 100 гр балық етінде – 0,2 мг йод бар. Сонымен қатар ағзаға қажетті омега-3 май қышқылдары бар.

Балық еті:

—  жүрек аурураларының алдын алады
—  қан қысымын түсіреді
— көру қабілетіңізді арттырады
—  холестеринді реттейді
— бауыр жұмысын жақсартады
— ұйқыны реттейді
— зат алмасуды жылдамдатады.

Балықтан жасалған тағам түрлерін  аптасына 2 рет жесеңіз, шаш түсуінен, тіс ауруларынан қорғана аласыз. Бірақ қуырып емес, сорпа етіп қайнатып немесе ыстық пеште булап пісірген жөн.

Балық майы — нәлім балығынан алынады. Балық майы– балық бауырынан алынатын сұйық май. Мөлдір қызыл күрең түсті, өзіне тән иісі бар сұйықтық. Құрамында А және D витаминдері көп болғандықтан мешел, авитаминоз, остеомаляция, остеопороз, тыныс алу, асқазан, тері және көз ауруларын емдеуге пайдаланады. Балық майынан таза күйінде сәбилерге ішкізеді, инъекция жасайды.

Балық майын ашқарынға ІШПЕҢІЗ! Әйтпесе, жүрегіңіз айнып, мазаңызды алады. Оны тамақпен бірге қабылдау керек.

Балық майындағы ретинол іріңдеген жараны тез жазады. Бірақ ең мықты ем: сынған сүйек арасына жағу. Қазақ сынықшылары балық майын жағу арқылы сынған сүйекті қалпына келтіреді.

Жүктілік кезінде де, сәбиді емізу кезінде де балық майын қолдануға болады.Ол қандағы Е кон­цент­рациясын төмендетеді.

Дәрігерлер балық майын қыс мезгілінде қабылдаған дұрыс деп кеңес береді.

Балық майын аузы жақсы жабылатын ыдысқа құйып, қараңғы және салқын жерде сақтау керек.

Шаштың түсуін тоқтату үшін:

Ошаған майы мен балық майын бірдей мөлшерде алыаңыз. Жақсылап араластырып, 5 минутқа қойып қоясыз. Содан соң шаштың ұшына жағып, орап тастаңыз. 2 сағаттан соң басыңызды сусабынмен жуып тастайсыз. Аптасына 2 рет жасау керек.

Балық майы мен жұмыртқадан маска дайындау үшін екі жұмыртқаның сарысын 4 капсула балық майымен араластырады. Жуылған шашқа масканы жағып, жарты сағат шамасында ұстайды. Масканы сусабынмен жуып, сумен шайып тастаңыз!

Басқа  материалдар:

  1. Балықтың биологиялық классификациясы. Балықтың химиялық құрамы
  2. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  3. Қазақ тілінен тест тапсырмалары
  4. «Педагогика» пәні бойынша аттестацияға дайындық сұрақтары (І тест)
  5. Химиядан тест сұрақтары жауабымен
  6. Мобильді құрылғылар сипаттамасы
  7. Балық өнімін өңдеу технологиясы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ