Кепкен жемістердің пайдасы қандай?

0
1557
Иллюстрация: Freepik.com

Кепкен өрік (курага): Ас қорыту жүйесіне пайдалы, қан аздығының алдын алады. Құрамындағы А дәрумені терідегі ақаулардың еміне оң әсерін береді. Күніне 5 дана кепкен өрік жеу арқылы терінің құрғақ болудан сақтайсыз. Жүрек жұмысын жақсартасыз.

Кепкен жүзім — бұл қуат көзі. Қақырық түсіргіш қасиетіне байланысты тыныс жолдары ауруларына қарсы пайдалы. Күніне 10 данасын жеу арқылы қан қысымының төмендеуіне әсері бар. Суықтауға қарсы да иммунитетті күшейтеді.

Кепкен алма — тыныс тарылуы, астма, жүрек мазасыздығына қарсы жақсы әсер етеді. Құрамындағы талшықты ерекшелігімен ішектерді тазалайды. Көзді шаршататын іскерлерге күніне бір уыс кепкен алма жеу пайдалы. Әсіресе балаңыздың көру қабілетін жақсартамын десеңіз, кепкен алмадан кампот қайнатып беріңіз.

Кепкен құрма —  иммунитет жүйесін күшейтеді, қатерлі ісікке қарсы қорған ретінде әсерлі. Тері әсемдігі мен саулығы тұрғысынан пайдалы. Егер асқорытуыңыз нашар болып, үнемі асқазанда ауырлық сезінсеңіз, тамаққа дейін 7 құрма жеңіз. Жеңілдік сезінесіз.

Кепкен қара өрік —  В1, В2, В3, В6, А, С және Е дәрумендерін қамтиды. Қатерлі ісікке және қартаюға қарсы қорғаушы әсері бар. Қара өрікті бауыр, жүрек, бүйрегі ауыратын адамдар көбірек деу керек. Бұл адам ағзасының шлактардан тез тазаруына әкеледі.

Мейізде кептірілген нағыз поливитамин бар. Әсіресе ағзаға өте қажет йод кезедседі.  Сондықтан йод тапшы десе, мейіз жеңіз!

Кепкен інжір -артық салмақтан арылуға пайдалы.  Бұл емдік жеміс іш қату мен гастрит ауруларымен ауыратын науқасқа жеуге пайдалы.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  11. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ