Әке-тірек, ана-жүрек, бала-тілек (Ашық сабақ)

0
2256
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты: Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны ерекше екенін түсіндіру; оқушылардың бойында отбасына, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттыру; оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме.

Сабақтың көрнекілігі:  касса, ойынға қажетті құралдар, слайд.

Сабақтың барысы:

Тілші: Өмір – өзен , қуанышпен тосын сыйға толы жол. Сол қуаныштың біріне қол жеткізу әбден мүмкін. Әрине білімділік пен білгірлікті дәлелдесеңіз.

Армысыздар!
Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар
Отбасым мыналар
Ең жақын адамдар-
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар..
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін, еремін!-демекші бүгінгі  Сәтті сауда бағдарламасының  тақырыбы отбасы яғни  «Әке – тірек, ана-жүрек, бала-тілек»

Олай болса  ойынымызды бастаймыз!
Сатып алушылар кіреді
                
Кассир: Қош келдіңіздер! Бүгін біздің дүкенде ерекше күн. Алған тауарларды ақшамен емес сұрақтарға жауап беру арқылы аласыздар.Менімен ойын ойнауға келісесіздер ме?

Олай болса ойынның шартымен таныстырайын: Ойын 3 айналымнан тұрады. Барлығы 9 сұрақ қойылады. 1-айналым оңай сұрақтар, жауап берсеңіздер тауарларыңызға 25% жеңілдік беріледі. 2-айналым орташа деңгейдегі сұрақтар, жауап берсеңіздер 50 % жеңілдік беріледі. Сәйкесінше, 3-айналымнан өтсеңіз, бұл заттарды тегін алып кетесіздер.

Ойынымызды бастамас бұрын танысып қояйық мен осы дүкеннің кассирімін. Атым Бегайым
Тоғжан: Біз Наурызбаевтар отбасымыз, әкем-Нұрқасым, анам-Аружан және мен Тоғжан!

Кассир: Тамаша Тоғжан!Олай болса ойынымызды бастайық!
айналым 1-ші сұрақ

Бірінші  отбасына байланысты сұрақ қояйын

1. Анаңның анасы саған кім болады?
А) апа    Ә) апке  Б) Нағашы апа
Өте дұрыс келесі сұрақ

2. Уақыт өлшемі?
А) сағат    Ә) киллограм    Б) литр
Енді жұмбақ шешіп көрейік

3. Суда жай жүрмейді,Ауада өмір сүрмейді
А) балық – рыба  Ә) арыстан   Б) құс

Тамаша,өте жақсы

Тілші: Наурызбаевтар әулиеті 1-ші айналымнан сүрінбей өтті.2-ші айналымда дәл осылай болар ма екен оны пайдалы ақпарат айдарынан соң білеміз
Пайдалы ақпарат

Нұрлан:Шай ішсең, көңілің жай. Тоңсаң бойды жылытып, ұйқы басса сергітетін, әрі шөліңді қандыратын шайдың құрамы биологиялық заттарға толы.
Қара шайды аяғы ауыр келіншектерге, емізетін аналарға, варикоз, йод жетіспеушілік ауруына шалдыққан жандарға көп мөлшерде ішуге болмайды.

Сонымен қоса, аш қарынға суық не ыстық шайды ішу де аса пайдалы емес.   Тым қою шайдың құрамындағы кофеин мен танин бас ауруы мен ұйқысыздыққа апаруы мүмкін.

Кассир:Ал,Тоғжан сен нешінші сыныпта оқисын?

Тоғжан: Үшінші

Кассир :Сен бізге өзің білетін өзіне ұнайтын өлең оқып бересін ба?

Тоғжан:Ана туралы өлең оқып берейін
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген-бәйтерегі өмірдің.
Ана деген –алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген- асыл жандар болаттай
Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай

Кассир: Бәрекелді,тамаша Тоғжан, рахмет саған! Олай болса  әрі қарай жалғастырайық 2-ші айналым 1-ші сұрақ

1.Қазақ хандығына қанша жыл?
А) 1500 жыл   Ә) 550 жыл  Б) 20 жыл
Дұрыс айтасыздар, осыдан бір апта бұрын елбасымыз Жамбыл облысына келіп кеткен болатын, еліміздің түпкір түпкірінде қазақ хандығының 550 жылдығының  тойлап жатыр. Тамаша келесі сұрақ

2.Ең алғаш мектеп ашқан ағартушы?
А) Абай  Құнанбаев      Ә) Ыбырай  Алтынсарин      Б) Шоқан Уалиханов

Тілші: Бұл сұрақтың жауабын жарнамалық үзілістен соң білетін боламыз
Жарнама

Кассир:  Бәрекелді,енді жұмбақ шешіп көрейік
Бейне сұрақ

Тілші: Тамаша, біздің бүгінгі қатысушыларымыз өте белсенді ойнауда.Енді пайдалы ақпаратқа көңіл бөлейік.

Пайдалы ақпарат
Темірлан  Араның берер пайдасын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.  1 кг бал алу үшін, жер шарын шамамен 6 рет айналатындай күш жұмсайтын аралар гүл шоғына шамамен 7 млн рет қонуларына тура келеді.
28г бал өндіру үшін ұя мен гүл шоғының арасында 1600 рет барып келуге дайын аралар ұясынан қажет болса, 6 шақырымға дейін қашықтайды екен.

Жеміс-жидек, көкөністерде уақыт өте дәрумендер азайып қалады, ал балда толық сақталады. Бал кез-келген жаста пайдалы

Кассир:Көзді ашып жұмғанша 3 айналымға жетіп қалдық.Осы айналымнан сүрінбей өтсеңіздер тауарларыңызды тегін аласыздар.Олай болса бастайық

3-айналым 1 сұрақ

1.    Жылқы төлі?
А) құлын       Ә) Бұзау             Б) Лақ
Дұрыс, әрі қарай жалғастырайық

2.  Ұлыстың ұлы күні.
А)1қыркүйек       Ә) 22 – наурыз        Б)1 мамыр
Бәрекелді, Отбасы — тәрбиенің басты ұясы.
Әке жолы – ұлына мақтаныш.
Ананың аялы алақаны — қызына сағыныш-демекші отбасы жайында  жұмбақ шешіп көрейік

3. Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған. Ол кім?
А)Інің      Ә)Атаң    Б) Балаң
Тамаша,сіздер 3 айналымнанда сүрінбей өттіңіздер құттықтаймын! Тауарларыңызды тегін аласыздар

Тілші: Бүгінгі ойыннан алған әсерлеріңіз қандай?

Аружан:Жексенбілік күнді отбасымызбен осындай тамаша есте қаларлықтай өткізгенімізге сіздерге рахмет айтамыз

Тілші:Ал, Тоғжан кімге салем жолдайсын

Тоғжан:Мен өзім оқитын №40 орта мектепке, сыныптастарыма,біздің 3 «ә» сыныбына сабақ беретін мұғалімдерге салем жолдаймын!

Тілші:Жақсы, сау болыңыздар!  Жеңістеріңіз құтты болсын!
Ал, енді көрермендерімізбен ойын ойнап көрейік
Сіздерге сұрақ : Тым қою шайдың құрамындағы қандай заттар бас ауруы мен ұйқысыздыққа апаруы мүмкін?

Жауабы: кофеин мен танин
—1 кг бал алу үшін, ара гүл шоғына шамамен неше рет қонуларына тура келеді.
Жауабы:7 млн рет

Ойынымызға қатысқандарыңызға рахмет. Сауда жасап, сұрақтарға жауап беріп, жеңімпаз атаныңыздар.

Қорыта айтқанда: «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» — дегендей, отбасындағы тәрбие балаға өмірлік азық болмақ! Сонымен оқушылар, ата-аналар бір-бірімізді  сыйлап құрметтейік, ренжітпейік.

Сау болыңыздар!

Басқа материалдар:

  1. Ата-аналар жиналысын сәтті өткізудің 10 құпиясы ( ұстаз үшін жадынама)
  2. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  3. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  4. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  5. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  6. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ
  7. Ата-аналар жиналысына арналған тренинг

ПІКІР ҚАЛДЫРУ